Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар Мен барамын; Менің баруым керек; Маған бару керек; Онда (сенде, мен- де) қалам бар; Менде кітап көп. Морфологиялық белгісі жағынан болмаса, жоғарыдағы «менің»,
«маған», «менде» сөздерін предикативтік негізді анықтайтын, толықтай-
тын мүшелер деуге болмайды. Құрылымдық-мағыналық жағынан олар
предикаттық белгінің иесі болу қызметінде тұр (əрине, синтаксистік
тұрғыдан предикаттың тəуелдік жалғау тұлғасы ілік септігін, тұйық
етістік тұлғасы барыс септігін керек етіп тұр. Егер баяндауыш жіктік
жалғауында тұрса ғана соңғысы толықтауыш болады: «маған келеді»).
Жоғарыдағы сөйлемдерде «маған», «менің», «менде» сөздерін де
бас мүше қызметінде жұмсалып тұр деп қарауға толық негіз бар. Олар
өзінің белгісін білдіретін екінші бас мүшемен предикативтік байланысқа
түседі.
Осы тұрғыдан, біздің жақсыз сөйлемге жатқызып жүргендеріміз
жақты, екі құрамды болады, өйткені оларда предикативтік белгінің иесі –
субъект бар. Ешқандай іс істі істеушісіз өтуі мүмкін емес. Тек болмыс-құ-
былыстың, ортаның, табиғаттың жай-күйі ғана жағы жоқ құбылыс, үдеріс
бола алады. Мысалы: Ымырт үйіріліп келеді. Қараңғылық (қараңғылық түсті). Таң атты. Бірақ мұндай сөйлемдер тілімізде көп емес.
Ал мына сөйлемдер жақты (жағы бар): Менің ұйқым келмеді. Маған ұйқы (ұйықтау) жоқ. Оған қорқынышты. Бұлардың субъектісі атау
тұлғада тұрғандардан айырмашылығы – тек семантикалық-грамматика-
лық мағыналарында: олар іс субъектінің еркімен болды ма, жоқ еркінен
тыс болды ма, тек осы жағынан ғана ерекшеленеді.
Мен ұйықтамаймын – Маған ұйқы жоқ. Мен ауылға бармаймын – Маған ауылға бару жоқ. Бір құрамдының «белгілі жақты» деп жүрген түріне келетін болсақ
(«Сүйемін сені»), ол бұрын бастауышы түсірілген толымсыз сөйлем деп,
кейінгі зерттеулерде (Ж.Садуақасов) бір құрамды сөйлем деп қаралып
жүр.
Шындығында, бұлар – арнайы бір құрылымдық тип емес, екі құрам-
ды сөйлемнің контекстік немесе стилистикалық нұсқасы ғана. Оларда
берілген іс белгілі бір адамның атынан атқарылады. Ол адам айтылмаса
да, жіктік жалғау соған нұсқайды жəне қажет кезде ол айтылады да.
Ал «белгісіз жақты» деп жүрген сөйлем түрлеріне келсек, олар да əр-
дайым біреудің ісін хабарлайды, бірақ іс істеушінің аты не белгісіздіктен,
не керек еместіктен айтылмайды. Əрдайым үшінші жақта болады, қажет
болған жағдайда ол белгіленеді де: Жерді соқамен жыртады – Біздің жақтағылар жерді соқамен жыртады. Осыған байланысты белгісіз жақты сөйлемдер де бір құрамды сөй-
лемнің бір құрылымдық типі емес, ал үшінші жақтағы субъектінің іс-əре-
кетін жеткізуші екі құрамды сөйлемнің коммуникативтік-стилистикалық
нұсқасы болып табылады. Мына мысалдарды қарастырайық: Кітапты оқыды/ Кітап оқылды. Үйге кетті/ Үйге жіберілді. Бұл жерде ағаш са- тады/ Бұл жерде ағаш сату ұйымдастырылған/ Бұл жерде ағаш саты- лады. Бұлардың барлығына да белгісіз жақтылық мəн тəн (жіктік жалғау
формасында тұрса да, ырықсыз етіс формасында тұрса да – бəрібір).
Салыстырыңыз:
Асқар кітап оқыды – нақтылы жақты (белгілі).
Кітапты оқыды – белгісіз жақты.
Кітап оқылды – белгісіз жақты.
Айтылғандардан шығатын қорытынды: белгісіз жақтылық мəн баста-
уышты алып тастау арқылы жасалмайды, ал əртүрлі позициядағы, со-
ның ішінде бастауыштық позициядағы да істің субъектісін (агенсті) жою
арқылы жасалады.
Жалпылама жақты сөйлемдерде де айтылмаған субъектінің орны ай-
тылып толықтырылуы мүмкін. Мысалы: Атаңа не істесең, алдыңа сол