2.2 Сөйлем үлгісі (моделі) – сөйлем құрылымын сипаттаудың не- гізгі тұлға-бірлігі Əдетте, синтаксисте форма мен қызметтің қарым-қатынасын сөз тап-
тары мен сөйлем мүшелерінің қарым-қатынасы деп түсіну қалыптасқан.
Сөйлем мүшелері туралы ілім сөйлем құрамын талдаудың негізгі құралы
болып қалып отыр.
Шындығында, ой мазмұны сөйлемнің сөйлеу кезінде синтаксемалар-
дың категориалдық-семантикалық мағыналарын жарыққа шығаратын
құрылымдық-мағыналық компоненттері арқылы ашылады.
Синтаксисте форма морфологиялық көрсеткішке теңелмейтіні си-
яқты, сөйлемнің синтаксистік құрылымын оның компоненттерінің мор-
фологиялық көрсеткішіне тең етіп алуға болмайды.
Сөйлем компоненттерінің морфологиялық көрсеткіштерінің бірдейлі-
гіне қарап, оларды бір модель негізінде құрылған деуге бола ма? Мыса-
лы, мына сөйлем үлгілерінің құрылымдары бірдей ме?
-Күш бірлікте
-Бала үйде (мал қорада).
Формуласы:
-Кітап сөреде.
N1 – N5
-Жұрт ұйқыда
немесе:
1 Шешен сөйлеп тұр.
Формуласы:
2 Жауын жауып тұр.
N1 - Vf
Формулада бейнеленгендей жалпы морфологиялық көрсеткіштері бір
болғанмен, сөйлемдер əртүрлі мағыналарды хабарлау үшін құрылған:
(1) дерексіз ұғымның мазмұны туралы, (2) субъектінің белгісі (орын, ме-
кені) туралы, (3) заттың белгісі (мекені) туралы, (4) жанды (адам) заттың
жағдайы туралы.
Жоғарыдағы сөйлем типтерінің компоненттері сөз таптарының түр-
лі семантикалық-грамматикалық санаттарынан тұратын топтарынан
құралған, сондықтан құрылымдардың материалдық жағынан ұқсастығы
жоқ. Демек, бұл жерде тізбектердің көп мағыналылығы немесе омо-
нимдігі туралы сөз болуы мүмкін емес.
Синтаксистік формуланың көп мағыналылығы жоғарыдағы сөйлем-
дердің арасындағы айырмашылықты түсіндіріп бере алмайды. Барлық
мəселені лексикаға тіреуге болмайды, өйткені олардың арасындағы айыр-
машылық жекелік сипатқа ие емес, жалпылық сипатқа ие: осы формула-
дағы сөйлемдердің бəрін жоғарыдағы типтерге бөлуге болады: (1) – (4).
Оларда ең алдымен компоненттерінің категориалдық-семантикалық
айырмашылықтары бейнеленген. Мысалы: нақтылы-заттық зат есім,
адамзат зат есім, дерексіз зат есім ... Бұл айырмашылықтар сол құрылым
шеңберінде ол сөздердің орнын ауыстырып жұмсауға жол бермейді. Мы-
салы: Кітап ұйқыда, күш үйде, жұрт сөреде, бала бірлікте деуге бол-
майды.
Бұл жағдай формула жалпылық мəнге ие емес екенін жəне синтагма-
тикалық тұрғыда құрылымның бірдей емес екенін көрсетеді.
Бұл айырмашылық парадигматикалық тұрғыдан да түсіндіріледі: əр
топқа тəн синтаксистік синонимдерді түрліше құруға болады. Мысалы:
(1) Күш бірлікте: Күш бірліктен көрінеді/Бірлік күшті қылады/Бірлік жеңеді; (2) Бала үйде/Бала үйде отыр/ Баланың отырған жері – үй; (3) Кітап сөреде: Сөре кітапқа толып тұр; (4) Жұрт ұйқыда: Жұрттың көзі ілінді/ Түн мезгілі/Тыныштық. Бұл талдау - мысалдар жоғарыдағыдай үлгідегі синтаксистік
құрылымдардың төрт түрі бар екенін, олардың əрқайсысы өзіндік семан-
тикалық-грамматикалық компоненттер жүйесінен тұратынын, ал барлық
түріне ортақ компоненттер жиыны жоқ екенін көрсетеді.
Сөйтіп, сөйлем моделінің өмір сүруінің ең негізгі шарты – олардың
компоненттерінің мағыналық-грамматикалық сипаттамасы.
Синтаксистік тұлғаны, синтаксистік құрылымды айқындауда тілдік
құралдармен бейнеленген жалпыланған мазмұнды ескермей болмайды.
Сөйлемнің «семантикалық толығуы», оның компоненттерінің белгілі
бір семантикалық-грамматикалық топқа жатуы сөйлемнің синтаксистік
тұлғасының белгісі болып табылады.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, сөйлем құрылымын
сипаттаудың тұлға-бірлігі ретінде сөйлем модельдері ұғымын алуға бо-
лады.
1. Сөйлем моделі деген – белгілі бір типтік мағынаға ие коммуника-
тивтік бірлікті құратын өзара байланысты компоненттердің ең шағын