Сөйлемнің бастауышы мен баяндауышын танудағы қиын-
дықтар. Логикалық бастауыш жəне логикалық баяндауыш ұғымы.
Бастауыш пен баяндауыштың өзіне тəн белгілері нақтыланып, олардың
сөйлем мүшелері жүйесіндегі алатын орны айқындалса да, сөйлемді
70
71
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
сөйлем мүшелеріне талдауда қиындықтар кездеседі. Ол қиындық баста-
уышқа тəн негізгі белгілердің бірі – оның субъект атауымен байланысты.
Субъект – баяндауыш арқылы айтылған қимылдың не басқа сапаның
иесі. Логикалық тұрғыдан бастауыш-субъект, баяндауыш-предикат бола-
ды да, сөйлемнің предикативтілік негізін осы екі мүше құрайды.
Синонимдес сөйлемдерді салыстырайық: Інім ауылдан қазір келді.
Інімнің ауылдан келгені – қазір.
Бірінші сөйлемнің субъектісі мен бастауышы сəйкес – інім. Баянда-
уышы – келді. Келді – субъектінің əрекеті, пікірді тиянақтап, аяқтап пре-
дикат ретінде жұмсалған. Ал екінші сөйлемде келді басқа форма алып
(келгені) күрделі бастауыштың құрамына енген де, сөйлемді тиянақтап,
баяндауыш қызметіне қазір сөзі жұмсалған. Екінші сөйлемнің баста-
уышына сұрақ қою да қиын. Баяндауыштан кері сұрақ қою арқылы ғана
сұрақты былай шамалап қоюға болады: қазір болып жатқан не? Осы
сөйлемнің бастауышы – інімнің ауылдан келгені, баяндауышы – қазір
екенін бастауыш – «тема», баяндауыш – «рема» деген белгілерге сү-
йеніп, дəлелдей аламыз. Яғни бастауыш – «тема»: ақпараттың не туралы
екендігін, баяндауыш – «рема»: бастауыштағы айтылған ойдың қалай
аяқталғаны, өрбитіні. Қазақ тілінде баяндауыштың орны – актуалды,
сөйлеуші нені маңызды деп есептесе, осы позицияға шығарады [27, 123
б.]. Демек, екінші сөйлемдегі тыңдаушының назарын аудартатын ақпарат
əрекеттің қашан болғандығы, сондықтан қазір сөзі баяндауыш болып,
пікірді аяқтап тұр. Ал сөйлемді басқаша құрасақ: Ауылдан қазір келген
– інім. Осы сөйлемдегі əрекеттің субъектісі (иесі) – інім. Бірақ ол сөй-
лемге бастауыш қызметінде емес, баяндауыш қызметінде еніп тұр. Оның
баяндауыш қызметін алуына екі себеп бар: 1) сөйлемді аяқтап, предикат
ретінде кіріп тұр; 2) сөйлемнің «тема» бөлігіне орналасып, жаңа, негіз-
гі ақпарат ретінде қатысып тұр. Бұл сөйлемнің бастауышы да күрделі –
ауылдан қазір келген. Сұрағы: «інім кім?» (ауылдан қазір келген (адам) ).
Бұдан шығатын қорытынды – сөйлемдегі субъект үнемі бастауыш
қызметінде жұмсала бермейді, актуалдап сөйлегенде, пікірді жеткізу
құрылымына қарай баяндауыш та болады.
Келесі сөйлемдерді салыстырайық: Інім оқуға түспекші. Інімнің
оқуға түскісі келеді. Бірінші сөйлемнің бастауышы – інім, баяндауышы
– оқуға түспекші. Інім – логикалық субъект, əрекет иесі; сұрағы «кім?»,
оқуға түспекші – логикалық предикат, пікірді тиянақтап тұр, сұрағы: «не
істемекші?».
Ал екінші сөйлемдегі (Інімнің оқуға түскісі келеді) логикалық субъ-
ект – əрекет иесі – інім, бірақ ол грамматикалық бастауыш бола алмайды,
себебі сұрағы – кімнің? – анықтауыштікі. Логикалық предикат – оқуға
түскісі келеді ойды тиянақтап, «ремалық» бөлікте жаңа ақпарат беріп
тұр, яғни баяндауыш. Осы сөйлемдегі інімнің сөзі сөйлемнің бастапқы
(бастауыш «тема» бөлігіне) бөлігіне орналасып, сөйлемде айтылған
əрекеттің (оқуға түскісі келгеннің) субъектісі болса да, грамматикалық
жағынан бастауыш бола алмайды, сондықтан ол сөйлемнің логикалық
бастауышы болады. Логикалық бастауыш деген ұғым қазіргі тіл білімін-
де қолданылып жүр, əрі ол лингвистикалық сөздікте логикалық субъект
деп беріледі. Сөздікте логикалық бастауышты екі тұрғыда түсіндіреді: а)
бастауыштың бірнеше сөзден құралып күрделі бастауыш болуы: («тема»
- бастауыштық топтың тұтасып бастауыш болуы) Адал еңбек бақытқа
жеткізеді. Сөйлемнің бастауышы – адал еңбек; ə) жанама септік фор-
малы сөздің бастауыш болуы: Оның кеткісі келеді. Оған кету керек. Екі
сөйлемнің де субъектісі – ол, логикалық жағынан бастауыш, бірақ бірін-
ші сөйлемде ілік септігіндегі анықтауыш қызметінде, екінші сөйлемде
барыс септігіндегі толықтауыш қызметінде жұмсалған [28, 68 б.].
Бастауыш – грамматикалық ұғым. Субъект – логикалық ұғым. Сон-
дықтан да бұл екі атау үнемі сəйкес келе бермейді. Сөйлемнің бас-
тауышын табуда бастауыш белгілерінің ішіндегі грамматикалық бел-
гісі – атау тұлғасында тұруы жəне сөйлемдегі орны негізге алынады. Ал
Ауылдан қазір келген – інім сөйлеміндегі ауылдан қазір келген тіркесінің
бастауыш болуы логикалық бірінші тұрғыдан қарағанда: бірнеше сөз тір-
кесіп(«тема» - бастауыштық топ), бастауыштың орнында, атау тұлғасын-
да, шартты түрде кім? сұрағына жауап бергендіктен.
Тіл білімінде логикалық баяндауыш – логикалық предикат ұғымы да
бар [28, 169 б.]. Ол да екі жақты түсіндіріледі: бірінші, баяндауыштық
топтағы сөздердің бəрінің бірігіп («тема» - баяндауыш) күрделі баянда-
уыш болуы: Бейнет көрмеген, зейнет көрмейді. Бұл сөйлемнің баста-
уышы да, баяндауышы да логикалық: логикалық бастауыш – бейнет көр-
меген, сұрағы – кім?
Логикалық баяндауыш – зейнет көрмейді, сұрағы – «қайтеді?». Əр не-
гізгі мүшені даралауға келмейді.
Ал лингвистикалық сөздікте көрсетілген логикалық баяндауыштың
екінші түрі – грамматикалық (синтаксистік тұлғасы) тұлғасы жағынан ба-
яндауыш бола алмайтын логикалық баяндауыш дегені қазақ тіл білімінде
кездеспейді.
Баяндауыштық тұлғалар жіктік жалғау, тəуелдік жалғау, иелік (-нікі)
форма, жатыс септігі, нөлдік тұлғада келеді. Бірақ осы тұлғалардың
жіктік жалғаудан басқасы сөйлемнің басқа мүшелеріне де тəн. Тəуел-
дік жалғаулы, иелік формалы, жатыс жалғаулы немесе нөлдік тұлға-
дағы сөздің сөйлемде қандай мүше болып жұмсалғанын ажырату үшін
ол сөздің сөйлемдегі позициясына жəне предикативтілігіне назар аудару
керек. Салыстырайық: Мынау – менің бөлмем. Менің бөлмем – мынау.
Менікі – мына бөлме. Мына бөлме – менікі. Ата-анам ауылда. Ауылда
достарым көп. Асан – менің досым. Менің досым – Асан.
72
73
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
Сонымен, сөйлемдегі негізгі мүшелерді дұрыс табу үшін: бірінші,
сөйлемді аяқтап тұрған предикат мүше баяндауышты табамыз; екінші,
баяндауыштан кері сұрақ қою арқылы бастауышты табамыз; үшінші, ол
екеуін қатар алып (тіркестіріп) пікір білдіре алатындығын тексереміз;
төртінші, олардың орналасу тəртібін (позициясын) ескереміз; бесінші,
олардың грамматикалық тұлғасын ескереміз.
Достарыңызбен бөлісу: |