Козловтан кейін сөйлеген Жанəбіл еді. Жас батырақ арындай жө-
нелді. Екі сөзінің бірі – «тап тартысы», жаратпаған адамын кулакқа теңейді. Сөзінде ауыл тілі көп. Тілінде өзгеше бір өткірлік, тапқырлық бар. Сол қасиеті көп мінін көрсетпеді. Бюро мүшелері оның аузынан шыққанды жас баланың аузынан шыққандай қызыға тыңдап отыр (Ғ.Мұстафин).
Бұл синтаксистік күрделі бірліктегі жалпы тақырып – «Жанəбіл сөзі».
Бірліктегі ой ағыны тема-ремалық жолмен былайша жылжып отырады.
(Т-тема, R-рема) :
Т- R1, Т(R1) -Т(Т2) - R3, Т(R3) - R4, Т(R4) - R5, Т(R1) - R5.
Біздің сөйлемді коммуникативтік (актуалды) мүшелеуді контекстік
мүшелеу деп түсінетініміз осы айтқандардан келіп шығады.