Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет68/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Күрделі баяндауыш жайында М.Балақаев былай дейді: «Қазақ тілін-
де əлденеше етістіктер түйдекті топ құрып, баяндауыш қызметінде жиі 
кездеседі. Олардың көп құрамды болудағы баяндауыштық негізгі қызметі 
– қимыл процесінің құбылмалы реңктерін білдіру. Əлденеше етістік бір 
күрделі баяндауыш болғанда, оның біреуі ең негізгі болады да, қалғанда-
ры оған не біріне-бірі көмекші болады» [29, 125 б.]. Ғалым əрі қарай күр-
делі  етістіктерден  болған  баяндауыштар  əртүрлі  құрамда  айтылып,  əр-
түрлі қимыл кезеңдерін білдіретіндігін төмендегі мысалдармен берген: 
1. Қимылдың басталу кезеңі. Зылиха шай құя бастады. Жақып сөйлей 
жөнелді (Ғ.Мұстафин). Коля кеткелі жатыр (Ғ.Мүсірепов). 
2. Қимылдың болып жатқан кезеңі. Жарқыраған май күні тамылжып 
тұр (М.Əуезов). Жомарт тағы бірдеме үйретіп тұр. Қалует Баршагүл-
ге күле сөйлеп келеді (Ғ.Сланов). 
3. Қимылдың аяқталған кезеңі. Жолаушылар жүріп кетті. Ол айтып 
болды. Мақаланы кеше-ақ жазып тастадым. 
«Сөйтіп  етістіктерден  болған  күрделі  баяндауыштар  негізгі  жəне 
көмекші етістіктерден құралады, олар қимылдың əртүрлі кезеңін, шағын, 
модальдылығын білдіріп, сөйлемнің предикаттық мазмұнын түрлендіріп 
отырады» [29, 130 б.] – деп қорытындылайды. 
Ғалымның есімдерден болған күрделі баяндауыштарға келтірген мы-
салына назар аударайық: Бурабай тауының айналасы Асқардың алақа-
нында  (С.Мұқанов).  Станция  тау  бөктерінде  (Ғ.Мұстафин).  Өлең – 
сөздің патшасы, сөз сарасы (Абай).
«Бұл сөйлемдердің баяндауыштары күрделі. Күрделі деп танылатыны 
– олар сөйлемде айтылған ойға лайық күрделі қалпында бастауыштардың 
жайын баяндап тұр», - деген ғалым күрделі баяндауышты тануды былай 
түсіндіреді: «предикаттық  топтағы  есімдердің  соңғы  сөзі  сөйлемде  ай-
тылатын ойға лайық бастауышпен қатар айтқанда, тиянақты мағынаны 
білдірсе, ол дара баяндауыш болады. Оның маңындағы сын есімдер, сан 
есімдер, есімшелер оның анықтауышы болады. Ал олай болмай, преди-
каттық топ түгелімен бастауыштың жайын хабарлап тұратын болса, олар
күрделі болады» [29, 139 б.]. Төмендегі екі сөйлемді салыстырып көр-
есетеді: 1. Ол мектепті биыл бітіретін оқушы. 2. Мына қыз – кедейдің 
қызы. Бірінші сөйлемнің бастауышы – ол, баяндауышы – оқушы, орта-
дағы сөздер баяндауыштың маңындағы тұрлаусыз мүшелер. Ол – оқушы 
деп қатар қойғанда тиянақты ойды білдіріп, сөйлем бола алады. Ал екін-
ші сөйлемдегі баяндауыш – кедейдің қызы. Изафеттік құрылыстағы сөз-
дер өзара берік байланыста болғандықтан, бастауышқа сол матаса байла-
нысқан тіркес тобымен қатысты болып тұр дейді. 


80
81
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері жайлы оқу құралын жазған Т.Сайрам-
баев  баяндауыштардың  екі  жағдайда  күрделенетіні  жайлы:  біріншіден, 
əрбір сөз табының күрделі түрі арқылы; екіншіден, негізгі сыңары етістік 
жəне есімдерге көмекші етістіктің түйдектелуі арқылы жасалатыны оқу 
құралдарында  көрсетіліп  келе  жатқандығын  атап  көрсетеді  де,  баянда-
уыштар тек көмекші етістіктердің тіркесуімен ғана күрделеніп қоймайды, 
оларды күрделендіруге басқа көмекші сөздер де қатысады деп төмендегі 
мысалдарды береді: Нұржан келемеждеп жүрген сияқты (З.Шашкин). 
Айғайлап  сөйлемесең  қасымдағы  кісімен  шүйіркелесіп  сөйлесу  мүмкін 
емес (О.Бөкеев). Бақшадағы шат-шадыман сайранның ажары кіре түсу 
үшін менің үнім қосылу керек сияқтанды (С.Мұқанов) [32, 123-127 бб.]. 
Ғалымдар пікірлеріне шолудан байқайтынымыз – құрама баяндауыш 
пен  күрделі  баяндауыштың  екі  немесе  одан  көп  сөздерден  жасалатын-
дығы, яғни құрамының дара еместігі. Бірақ олар неге екі түрлі аталады? 
Бұл сұраққа жауапты Б.Шалабайдың оқу құралынан табуға болатын си-
яқты: «Дара  баяндауыштар  бір  сөзден  жасалса,  күрделі  баяндауыштар 
күрделі етістіктерден, күрделі есімдерден жасалады; ал құранды баянда-
уыштар есім сөздер мен көмекші етістіктің тіркесінен, тұрақты сөз тір-
кесінен жасалады» [33, 64 б.]. 
Алайда,  сұраққа  жауапты  нақты  беру  үшін  морфологияға  оралып, 
күрделі сөз бен аналитикалық формалы сөздің айырмашылығына сүйе-
неміз.  Күрделі  сөз  толық  мағыналы  екі  сөздің  тіркесінен  құралады,  ал 
аналитикалық формалы сөз бір толық мағыналы сөз бен көмекші сөздің 
тіркесінен  құралады,  деген  пікірге  сүйенсек,  құрама  баяндауыштың 
құрылымын  жасайтын  аналитикалық  формалы  сөз  болады  да,  күрделі 
баяндауыш  күрделі  сөздерден  жасалады.  Рас,  құрама  баяндауыштың 
да  құрамы,  сыртқы  көрінісі  күрделі,  бірақ  оны  құраушы  компоненттер 
(ішіндегі  сөздер)  екі  басқа:  құрама  баяндауыштар  толық  мағыналы  сөз 
бен көмекші сөздің тіркесінен, қүрделі баяндауыштар кемінде екі толық 
мағыналы сөзден құралады. Мысалы: Ол ауылға қайтты. Ол ауылға қай-
тып барады. Ол ауылға барып қайтты. Бірінші сөйлемнің баяндауышы 
– дара етістік, екінші сөйлем баяндауышы – аналитикалық етістік, үшін-
ші сөйлем баяндауышы – күрделі етістік. 
Есім баяндауышты сөйлемдерге мысал: Əсел – жап-жас. Өзі – əдемі 
қыз. Колледжде студент екен. Үш сөйлемнің де баяндауышы құрылысы 
жағынан күрделі, бірақ бірінші сөйлем баяндауышы – аналитикалық сын 
есім, екінші сөйлем баяндауышы – толық мағыналы екі сөз, үшінші сөй-
лем баяндауышы – құрама (есім + көмекші етістік). 
Қазақ тілші ғалымдары құрама баяндауыш атауын баяндауыш құра-
мындағы  сөздердің  əртүрлі  сөз  таптарынан  құралуына  байланысты
айтса,  орыс  тілші  ғалымдары  баяндауыштардың  екі  сөзден  құралуына, 
оның бірі баяндауыштың лексикалық мағынасын, екіншісі грамматика-
лық мағынасын беруі үшін тіркесіп құралуына байланысты атаған. Ба-
яндауыштарды  құрамы  мен  құрылысына  қарай  екіге  бөліп, (дара  жəне 
күрделі)  құрама  баяндауышты  күрделі  баяндауыштың  ішкі  мағыналық 
бөлінісіне жатқызған дұрыс. Күрделі баяндауышты құрайтын (бөліктер) 
компоненттер əртүрлі сөз табынан болса құрама күрделі баяндауыш бо-
лады да, компоненттер өзара іштей қиыса байланысса (ішкі грамматика-
лық байланысы) күрделі үйірлі баяндауыш болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет