76
77
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
1) сөйлемдегі негізгі мүше;
2) құрылымдық жағынан бастауышқа бағынышты;
3) етістік, зат есім, сын есім т.б. сөз таптарымен келіп, жіктік тұлғада
қолданылады;
4) сөйлемдегі қалыпты орны – сөйлемнің соңы;
5) логикалық предикатпен сəйкес;
6) сөйлемге «рема» болып қатысады.
Баяндауыштың бұл белгілері сөйлем баяндауышын анықтауда негізге
алынуы керек. Баяндауыш бастауышқа бағынышты, дегенмен сөйлемді
тиянақтау жағынан ол – басты тұлға.
Баяндауыштың сұраулары оның қай сөз табынан болғандығына, ба-
яндауыш қызметіндегі сөздің тұлғалық ерекшелігіне байланысты қо-
йылады. Мысалы:
Тасбұлақ өзенінің суы – мөлдір (С.Омаров).
Сұрағы
– қандай?
Сіздікі дұрыс (М.Əуезов).
Сұрағы – қалай?
Əлдекімнің арт
жағымыздан сыңқылдап күлген даусы естілгендей болды (Б.Майлин).
Сұрағы – қайтті?
Достарыңызбен бөлісу: