Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет66/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Баяндауыштың  түрлері.  Баяндауыштың  түрлері  мағыналық  жəне 
құрылымдық  тұрғыдан  жіктеледі.  Мағыналық  жағынан  баяндауыштар 
етістік баяндауыш, есім баяндауыш болып бөлінеді. Етістік баяндауыш 
қимыл-əрекет пен қалыпты, есім баяндауыштар заттық, сындық, сандық 
сапаны, қасиетті білдіреді. 
2-кесте. Баяндауыштың мағыналық түрлері
Баяндауыш
етістік баяндауыш
есім баяндауыш
Ол оқыды. 
Ол – дəрігер. 
Ол айтады. 
Бала сүйкімді. 
Мен алдым. 
Қазір түс.
Біз барамыз. 
Сағат екі.
Баяндауыштың  есім  немесе  етістік  болып  құралуы  сөйлеушінің
субъектінің  əрекеті  жайлы  не  оның  сапасы  жайлы  айтқысы  келген-
дігімен байланысты. Мысалы: Бұлар – біздің курстың қыздары. Қыздар-
дың  төрт-бесеуі  үздік  оқыса,  жеті-сегізі  жақсы  оқиды  (Ə.Нұршай-
ықов).
Мағына  мен  оның  берілу  жолдары  бір-бірімен  тығыз  байланысты: 
олар бір-бірін айқындайды. 
Модальдық-шақтық  мағынаның  берілу  жолына  байланысты  баянда-
уыштар  дара,  құрама  жəне  күрделі  болып  бөлінеді.  Баяндауыштардың 
осылай  бөлінуі  құрылымдық  түрлері  деуге  болады,  себебі  баянда-
уышты құрайтын сөз тұлғалар құрамы жəне саны жағынан əртүрлі бо-
лады. 
 3-кесте. Баяндауыштардың құрылымдық түрлері 
Баяндауыш
дара баяндауыш
құрама баяндауыш
күрделі баяндауыш
Мен келдім 
Ол əн салды 
Біз тыңдап отырмыз
Сен əдемісің 
Сен естіген жоқсың 
Бөлме іші ала көлеңке 
Ол отызда
Біз құлақ түрдік 
Бұл – ағамның бөлмесі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет