82
83
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
4. Сан есімнің баяндауыш қызметінде жұмсалуы.
Жолаушы екеу екен
(Т.Əлімқұлов).
Тінəнің ағаш үйі сегіз бөлме (Т.Əлімқұлов).
Олар бір пала-
тада бесеу (Д.Исабеков).
Жəдігердің облыстық ауруханада жатқанына,
міне, бес ай болды (Д.Исабеков).
5. Есімдіктің баяндауыш қызметінде жұмсалуы:
Мөшеке бұлақ ба-
сында бұйығып отырған төрт-бес қораш үй мынау (Т.Əлімқұлов).
Ана
жылы Керімбердінің тойында қолыңызға су құйып қызмет қылған бала
– мен. Ал, жүріс сіздікі (Д.Исабеков).
6. Үстеудің баяндауыш қызметінде жұмсалуы:
Тінəнің қыстаудағы
ауылы бірталай жер (Т.Əлімқұлов).
Наданның жарлы болуы бір сəтте
(Қабуснамеден).
Қалмақтар тым жақын, қашпаса болмайды (О.Бөкей).
7. Еліктеуіштің баяндауыш қызметінде жұмсалуы:
Айнала құлаққа
ұрған танадай тым-тырыс (Д.Исабеков).
Кеше ғана алып таудың қа-
сат қарын бұған бұздырып, өздері соңынан еретін дос-жаран бұғылар
да зым-зия (О.Бөкей).
Дастархан жиегіне тізе бүккен жылқышының
түрі əлем-жəлем (Д.Досжан).
8. Модаль сөздердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы:
Толағай баста
ми болмаса екі аяққа зор түседі деген тегі рас екен (О.Бөкей).
Түбі бізге
сүйексіз қызыл тілден гөрі, ырзықты іс керек-ау (О.Бөкей).
Дүйсенбінің
үш жасында құла түзде ұмытылып қалғаны рас (Д.Досжан).
Жұрт сен-
бейтін шындықты айтпағаның жөн (Қабуснамеден).
9. Тұрақты тіркестердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы:
Шал үнде-
меген соң, біз де тіл қышытпадық. Мен еститінмін: Осы Сарқынды шал
өзінің бір ғасырлық ғұмырында тышқан мұрнын қанатпаған екен. Сенің
маған туыс екеніңді ішім сезетін.
Неге екенін білмеймін, осы кісінің
мысы басады да тұрады (О.Бөкей)
.
Достарыңызбен бөлісу: