78
79
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
Жоғарыда келтірілген пікірлерден түйетініміз – құрама баянда-
уыштардың құрылымы толық мағыналы есім сөз бен көмекші етістік тір-
кесінен құралатындығы.
Бірақ құрама баяндауышты жасауға модаль сөздердің де қатысы бола-
тынын, олар шақтық мағына қосу үшін емес, модальдық мағына үстей-
тінін М.Балақаев атап көрсетіп, төмендегі мысалдарды береді:
Ағаштың
басындағы тығыз бұйра, ал қара көк жапырақтар папақ тəрізді
(Ғ.Мұстафин).
Өзі бір тəжірибелі адам көрінеді (Ғ.Мұстафин).
Құрама баяндауыш есім сөз бен тек көмекші етістіктің тіркесі болып
қана құралмайтынына көңіл аударған – Т.Сайрамбаев етістік пен модаль
сөзден, есім мен модаль сөзден құралған баяндауыштарды да құрама
баяндауыш деп таниды, төмендегі мысалдарды келтіреді.
Художник
неғұрлым көп білуге міндетті (М.Əуезов).
Ол өз жүрегінің жұмбағын
өзі шешуі керек (З.Шашкин).
Шалқып жүрген еркенің еркесі тəріздімін
(М.Əуезов).
Ішіміздегі ширағымыз да, сергегіміз де өзің болдың (М.Əуе-
зов).
Бершіл бір жəрдем етпесе, өзгеден үміт жоқ секілді (Ғ.Мүсірепов)
[32, 108-109 бб.].
Етістік баяндауыштың да есім баяндауыштың да құрама жəне күрделі
түрлері болатыны жайлы айтылған Е.М.Галкина-Федоруктың еңбегінде
құрама баяндауышты жасауға қатысатын көмекші етістіктің екі түрлі қыз-
метінің бірі предикатив мүшені бастауышпен байланыстыру, екіншісі
баяндауыш болып тұрған етістіктен басқа сөз табына шақтық мағына
үстеу дейді [33, 141-155 бб.].
Осы еңбекте күрделі баяндауыш дегенге жеке тоқталмайды, күрделі
құрама баяндауыш (сложное составное сказуемое) жайлы оның құрама
баяндауыштан айырмашылығы ретінде екі компоненттен емес, үш не-
месе төрт компоненттен болатынын, құрама баяндауыштың бəрі үшінші
компонентпен кеңейе бермейтіндігі айтылады [33, 174-175 бб.]. Бұл ең-
бекте құрама баяндауыш пен күрделі баяндауыштың аражігі ашылмаған.
В.В.Бабайцеваның еңбегінде күрделі баяндауыш деп дара жəне құрама
баяндауыштың күрделенген түрін көрсетеді де, күрделі баяндауыштың
етістік не есім баяндауыш деп аталуы негізгі сөздің есім не инфинитив
болуына байланысты екені айтылады [30, 126-127 бб.].
П.А.Лекант баяндауышты құрылымына қарай екіге бөледі: дара (прос-
тое) жəне құрама (непростое, составное) баяндауыштар.
Баяндауыштардың осылай бөлінуі баяндауыш бойындағы нақты лек-
сикалық жəне абстрактілі грамматикалық мағынаның берілуіне байланыс-
ты деп есептеген ғалым дара баяндауыштағы нақты лексикалық мағына
мен абстрактілі грамматикалық мағына бір ғана сөз тұлғасымен немесе
лексикаланған сөз тіркесімен беріледі де, құрама баяндауыштағы нақты
лексикалық мағына бір сөз бен абстрактілі грамматикалық мағына екін-
ші бір сөз тұлғамен беріледі деп, құрама баяндауыштың екі компонент-
тен құралатынын, негізгі компонент заттық сапаны білдірсе, көмекші
компонент предикаттықты білдіретін грамматикалық формада тұрады
дейді [31, 32-33 бб.].
Достарыңызбен бөлісу: