анықтауыш қызметінде жұмсалуы: Тас ошақтағы оттың сəулесі тас қабырғаларға түсіп қоңырқай тартады (О.Бөкей). Əлімбектің жалғыз байлығы – ер-тоқымы (Ш.Мұртаза). Түсінде таңсық күй бірде табиғи қалпында, бірде рабайсыз елеурей өзгеріп, шəкірт домбырашыны маза- лаумен болды (Т.Əлімқұлов). 3. Сан есімнің анықтауыш қызметінде жұмсалуы. Екі қап шөп кел- гелі ешкілер бақырып жылағанын қойды (Ш.Мұртаза). Бозтал жақта екі-үш қара жайылып жүр екен. Бір басыңда бесұршық бар, бірін бере гөр деп жалындым,бетпақтанып міз бақтың ба? (О.Бөкей)
4. Есімдіктердің анықтауыш қызметінде жұмсалуы.Өмірде осы тəрізді əділетсіздіктер толып жатыр (Б.Соқпақбаев). Анарбай аға- сының асын осыкүзде атқарып жібермекші еді (Ш.Мұртаза). Сонау шатқалда Алтайдың шолпысындай мың бұралып, ағараң қағып Бұқтыр- ма өзені күмістене ағады (О.Бөкей). 5. Есімшелердің анықтауыш қызметінде жұмсалуы: Бақан сүй- реткен бала бізге назарын енді аударды (Б.Соқпақбаев). Кісінеген жылқы, шүңгірлегенқұлындар, маңырағанқой – бəрі-бəріРысқұл- дың көз алдында (Ш.Мұртаза). Қына басқан тасқа атша мініп отыр- ған Тортай анау көк мұнар дүниеге көзін сығырайтып ұзақ қарады-ай (О.Бөкей).
6.Еліктеуіш сөздің анықтауыш қызметінде жұмсалуы: Жаңбыр толастар емес, құлаққа тасқа тиіп тайғанап жатқан сыбдыр-сыбдыр үн естілді (О.Бөкей). Өзінің бастықпен жұғысқаны, пəтерді жылдам алғаны, келіншегінің көнбіс мінезі де сол сұмпайының пыш-пыш əңгімесі- не арқау болыпты (Д.Досжан).