лалары, хикаяттары – лирикалық-философиялық шығармалар (Қ.Құр-
манғали). Біз ең ақырғы бай-болыспен осылай қоштастық (О.Бөкей).
Оңашаланған айқындауыш - өзі айқындайтын сөзден кейін тұрып,
ерекше əуенмен айтылып, анықтайтын сөзін мағыналық жағынан нақты-
лай, дəлдей түседі. Олар айқындайтын сөздерінен де сөйлемдегі басқа
мүшелерден де оқшауланып айтылады, жазуда екі жағынан үтірмен бөлі-
неді.
Ұлыма, бүгінгі ұрпаққа, тарихтың жықпыл-жықпылында жатқан,
тарихтың қойнау-қойнауына өз қолыңызбен тығып жіберген асылда-
рымызды көрсетуге бола ма, жоқ па? (О.Бөкей) Шалдың бар запыраны
– күміс белдікті тағынатын ұлының, өз кіндігінен тараған ұрпағының,
жоқтығы шығар?! (О.Бөкей)
Толықтауыш. Толықтауышқа тəн белгілер
Толықтауыш – сөйлемде етістіктен, сын есімнен, үстеуден жасалған
баяндауышпен кіріп, іс-əрекеттің немесе сапаның нысаны ретінде сөй-
лемді жайылмаға айналдыратын тұрлаусыз мүше.
90
91
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
Сөйлемнің құрылымдық-семантикалық компоненті ретіндегі то-
лықтауышқа тəн белгілер:
1) сөйлемнің негізін құрауға қатыспайды (тұрлаусыз мүше);
2) зат есімнен, есімдіктен, заттанған есімдерден жасалады;
3) бағыныңқы сыңар ретінде өз басыңқысымен меңгеріле байланы-
сады;
4) толықтайтын сөзінің алдына орналасады;
5) сөйлемге баяндауышпен енеді;
6) толықтайтын сөзімен нысандық қатынаста тіркеседі;
7) сөйлемнің «тема» жəне «рема» бөлігіне де орналасады.
Мектеп оқулықтарында да, ғылыми еңбектерде де толықтауыштың
ерекшелігі ретінде толықтауыш өзі бағынған сөзбен табыс, шығыс, ба-
рыс, көмектес, кейде жатыс септігінде байланысады деп көрсетіледі.
М.Балақаев: «Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін тұлғасына қарап айыру-
дың ғылыми тірегі əлсіз, дұрысында сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі жай-
лы мəселені сөз тіркесі жайлы іліммен тығыз байланыста қарастырған
дұрыс. Сонда өзара тіркескен сөздер тобының қандай қарым-қатынасты
білдіруіне қарап, тұрлаусыз мүшелерді дұрыс танитын боламыз», - дей
келе, «етістікпен жəне кейбір есімдермен объектілік қатынаста тірке-
сетін заттық ұғымы бар сөздердің мүшелік қызметі толықтауыш болады»
- дейді [29, 153 б.].
Себебі барыс, жатыс, шығыс, көмектес септігіндегі есімдер пысықта-
уыш қызметінде де жұмсалатыны бар. Сөйлемде осы септік жалғауымен
келген сөздердің толықтауыш немесе пысықтауыш қызметінде екенін ай-
ыру үшін М.Балақаевтың осы пікірін басшылыққа алған дұрыс.
Сөйлемдерді салыстырып, көз жеткізейік:
5-кесте
Інім мектепке (қайда?) кетті
Қарындасым бізге (кімге?) келеді
Ата-анам ауылда (қайда?) тұрады
Олар қазір бізде (кімде?) отыр
Мен кітапханадан (қайдан?) шықтым Əкем жұмысынан (неден?) сұранды
Қазір таксимен (немен?) келемін
Досыммен (кіммен?) келе жатырмын
Бірінші бағанадағы жанама септіктер арқылы байланысқан сөздердің
қатынасы мекендік, амалдық, демек олар пысықтауыштық қызметте
жұмсалып тұр. Екінші баған сөйлемдері де жанама септіктер арқылы,
бірақ нысандық қатынаста байланысқандықтан сөйлемде толықтауыш
қызметінде.
Толықтауышқа тəн тағы бір ерекшелікті оқулықтарда етістіктен
болған сөйлем мүшесімен кіреді деп түсіндіреді. ЖОО-ға арналған
оқулықтарда анықтауыштың толықтауышы, толықтауыштың толықта-
уышы, пысықтауыштың толықтауышы болуы мүмкін [29, 153 б.] деген
пікір берілген. Бұл пікір «толықтауыш сөйлемге етістіктен болған сөй-
лем мүшесімен енеді» деген жоғарыдағы пікірден туындаған сияқты.
Себебі етістіктің есімше тұлғасы сөйлемде анықтауыш қызметінде
жұмсалады. Сөйлемге осы тұлғадағы етістікпен нысандық қатынаста
тіркесіп кіретін сөздерді толықтауыш деп тануға бола ма? Мысалы:
Келіндерінің өз үйлерінен неге кеткенін Қарекең мен Бибінұр ауыл-
дағы кейбір жас жігіттерден естіді (Д.Исабеков). Осы сөйлемдегі
келіндерінің өз үйлерінен неге кеткенін тіркесі сөйлемде тұтасымен
толықтауыш мүше ме, əлде келіндерінің – анықтауыш, өз үйлерінен
– пысықтауыш, неге кеткенін – толықтауыш болып, үш түрлі сөйлем
мүшесі бола ма? Сөйлемдегі келіндерінің өз үйлерінен неге кеткенін
түйдегі іштей бірнеше сөз тіркестеріне: 1) келіндерінің кеткенін –
анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесіне; 2) өз үйлерінен кеткенін
– пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркесіне ажыратылады. Бірақ сөз
тіркесіндегі қатынас пен сөйлем мүшелері сəйкес бола бермейді. Осы
сөйлемдегі келіндерінің өз үйлерінен неге кеткенін тіркесі үш мүшеге
(кімнің? – анықтауыш, қайдан? – пысықтауыш, нені? – толықтауыш)
ажыратылмай, күрделі толықтауыш қана болады. Себебі: 1) осы тіркес
тұтасымен нені? деген бір ғана сұраққа жауап береді; 2) неге кеткенін
тіркесі жеке алсақ та сұрағы – нені?, яғни ол етістік негізді болға-
нымен, есім сұрағына жауап беріп, сөйлемде есім сөздің қызметінде
жұмсалып тұр. Ал есім сөзбен тіркескен сөз пысықтауыш мүше бола
алмайды.
Сондықтан, толықтауыш мүше сөйлемге етістікпен кіретін мүше де-
геннен гөрі, оның негізгі ерекшелігі сөйлемге баяндауышпен енуі десек
нақты болады. Толықтауыштың қызметі – баяндауыш мүшені сипаттау.
Толықтауыш етістік баяндауышпен қатар, есім, үстеу, модаль баянда-
уыштарды да толықтырады. Мысалы: Жан иесіне тəтті (Мақал). Əр
нəрсе уақытымен қызықты (Мақал). Азған денеге ауру үйір (Мақал).
Қыстағы қар жерге ырыс, жердегі ылғал елге ырыс (Мақал). Соқыр та-
уыққа бəрі бидай (Мəтел). Шабан атқа қамшы демеу (Мəтел). Жылқы-
да өт жоқ, құста сүт жоқ (Мақал). Жақсы ат жанға серік (Мақал).
Арық қойда төстік жоқ (Мақал). Біліксіз достан білікті дұшпан артық
(Мақал). Есептемегенге бəрі түгел (Мақал). Сыйласу екі кісіге бірдей
(Мақал).
Ал етістіктен жасалған басқа сөйлем мүшесін толықтырып тұрған
сөз сөйлемде жеке толықтауыш мүше болып енуден гөрі, сол етістіктен
болған мүшені күрделендіріп, бір мүше қызметінде жұмсалады. Демек,
есімше формалы анықтауыштың толықтауышы немесе көсемше форма-
лы пысықтауыштың толықтауышы болмайды; олар сол түйдегімен күр-
92
93
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
делі бір мүше қызметінде жұмсалады. Мысалы: Ерін сыйлаған (қай?)
əйел елін де сыйлайды (Мақал). Абайламай сөйлеген (кім?) ауырмай өледі
(Мақал). Ақпа құлаққа айтқан (қай?) сөз ағып кетеді, құйма құлақ айт-
қан сөзді құйып алады (Мақал).
Осы сөйлемдердегі ерін сыйлаған тіркесі əйел сөзінің күрделі анықта-
уышы қызметінде жұмсалған, бұл тіркесті ерін (кімді?) сыйлаған (қайт-
кен?) деп екі мүше ретінде тану логикалық жағынан да дұрыс емес. Бұл
тіркес іштей толықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі, бірақ сөйлемде
тұтасымен анықтауыш қызметінде жұмсалып тұр. Екінші сөйлемдегі
абайламай сөйлеген тіркесі де пысықтауыштық қатынастағы сөз тір-
кесі болғанмен, сөйлемде күрделі бастауыш ретінде жұмсалып тұр. Ал
үшінші сөйлемдегі ақпа құлаққа айтқан тіркесі іштей толықтауыштық
қатынастағы (кімге айтқан?) сөз тіркесі болғанмен, сөйлемге толықта-
уыш пен анықтауыш ретінде емес, күрделі анықтауыш ретінде қатысып
тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |