Үйірлі толықтауышты сөйлемдер: Құлақ естігенді көз көреді, көз көргенді қол ұстайды. Сөз тапқанға қолқа жоқ. Көзі соқырдан көңілі соқыр жаман. Өзі жарымағаннан сарқыт дəметпе. Үйірлі пысықтауышты сөйлемдер: Ашуың келсе қолың тарт. Ісің оңға басарда қарға салсаң, қаз ілер, іс қырсыққа шабарда сұңқар сал- саң, аз ілер. Орайы келгенде орала береді, қолайы келгенде құрала береді. Сəті түскенде сəл нəрсе де себеп болар. Келтірілген мысалдардан байқайтынымыз – үйірлі мүше мақал-мəтел
құрылымдарында көп кездесетіні.
Үйірлі мүшелі құрылыммен сөйлеу – ықшамдау амалының бір түрі.
Құрмалас сөйлемдегі пікірді де үйірлі мүше құрылымды жай сөйлем-
мен жеткізуге болады. Сөйлеуші пікірді жеткізгенде өз ыңғайына қарай
кез келген мүшені үйірлі етіп құрай алады. Мысалы: Аузы күйген (кім?) – үрлеп ішер. Үрлеп ішетін – аузы күйген (кім?). Аузы күйген (қай?) адам үрлеп ішер. Аузы күйгенде (қашан?) үрлеп ішеді.