Синтаксистік парадигмалар


Толықтауыштың түрлері жəне жасалу жолдары



Pdf көрінісі
бет82/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   374
Толықтауыштың түрлері жəне жасалу жолдары. Толықтауыштар 
сөйлемдегі баяндауышпен байланысуы мен мағыналық қатынасына қа-
рай тура толықтауыш жəне жанама толықтауыш деп бөлінеді. 
Тура толықтауыш – сабақты етістікпен табыс септігінің нөлдік не-
месе ашық тұлғасында тіркесіп, баяндауыш арқылы айтылған əрекеттің 
тура  нысаны  қызметінде  жұмсалатын  сөз  немесе  сөз  тіркесі.  Мысалы: 
Шал  ұзын  аппақ  салалы  саусақтарын  құманнан  аққан  жылы  сумен 
асықпай жуып, ықтияттап сүртті. Сонсын Аналық əкеп берген сары 
мойын  пышағын  қынынан  суырып,  оны  да  сумен  шайып  сүртіп  алды. 
Əкем қарттың қолындағы жез мойын мүйіз сап пышаққа қадала қара-
ды: «мен бұл пышақты білемін» (О.Бөкей). 
Сөйлемге  сабақты  етістіктермен  кірген  тура  толықтауыштар  (сау-
сақтарын, пышағын, пышақты) табыс жалғауында жұмсалған. 
Табыс  септігі  тұлғасында  жұмсалған  тура  толықтауыштарға  мы-
салдарды  салыстырып,  олардың  жалғаумен,  жалғаусыз  келу  себебін 
анықтайық: - Əй, Күлпəш, қара суға қаратпай, бір шайлық сүт бер. Ше-
шем тостақтағы сүтті Күлпəштің ыдысына қотарып бере салды. Ше-
шем  Күлпəшқа  қағазға  орап  бір  асым  ет  беріп,  ол  қолтығына  қысқан 
етті зыр жүгіріп үйіне апарып тастады (О.Бөкей).
Мысалдардан байқайтынымыз – тура толықтауыш өзі тіркескен сөз-
бен қатар келгенде нөлдік тұлғада, тіркескен сөзінен алыстап, ортасына 
сөз енгенде жалғаумен келетіндігі. Тура толықтауыш жалғаусыз келген-
дегі екінші бір ерекшелік – ондай сөз тіркесі (толықтауыш+баяндауыш) 
бір мүше болуға (күрделі баяндауыш болуға) бейім. 
Салыстырып көрейік: 
6-кесте 
Кім? Не істеді?
Нені кім істеді?
Інім кітап оқыды 
Кітапты інім оқыды 
Мен теледидар қарадым 
Теледидарды мен қарадым 
Шешем ас əзірледі 
Асты шешем əзірледі 
Əдетте, тура толықтауышты синтетикалық жолмен, яғни табыс септі-
гімен келген толықтауыштармен ғана шектейді. Алайда оның аналити-
калық  жолмен,  яғни  туралы,  жөнінде,  жайында  т.с.с.  шылауларымен 
тіркесіп  келіп  күрделеніп  жасалатыны  да  болады.  Мысал  үшін  мына 
сөйлемдердегі толықтауыштарды салыстырып мəндес, қызметтес екенін 
байқауға болады: Ол оқығанын айтты. Ол оқығаны туралы айтты. Інім 
ауылға кеткісі келетінін жеткізді. Інім ауылға кеткісі келетіні туралы 
айтты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет