94
95
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
1. Бірлестік пен ортақтастық мағынасын білдіреді
. Мысалы: Ол трак-
торын тоқтатып, қарғып түсті де, менімен нақ бір төбелесетін кісі-
дей, қимылсыз тұрып қалды. Осындағы бір жұмыс істейтін адамдар-
дың бəрімен танысып алдым. – Жақсы, жақсы, Шойынқұлақпен бірге
істейтін боласың (Д.Исабеков).
2. Құралдық мағынада жұмсалады
. Мысалы: Тілеуғабыл Шо-
йынқұлақтың айдап кеткен жерін қамшысының сабымен əрі-бері өл-
шепті. Шойынқұлақ оны ерге теріс қаратып отырғызып, шылбырмен
əбден шандиды. Ол қалта фонарымен жарық қылып отырды да, мен
қағазды канистрдің үстіне қойып жаза бастадым (Д.Исабеков).
3. Материалдық, заттық мағынада жұмсалады. Мысалы:
Алақаным-
мен сипап көріп едім, маңдайым ашып сала берді. Қос басына бір май
тасыған машинамен келіп түскенімде күн дəл түстікке тірелген еді.
Елжіреген ғашық жігіттің жүрек сезімін қағаз бетіне түсіріп болып,
хат соңын екі шумақ өлеңмен бітірдім (Д.Исабеков).
Барыс, жатыс, шығыс, көмектес септігіндегі сөздер сөйлемде əр
уақытта толықтауыш бола бермейді. Олар сөйлемде пысықтауыш, кейде
баяндауыш қызметінде жұмсалады. Осы септіктегі сөздердің сөйлемдегі
қызметін анықтау үшін оның тіркескен сөзімен грамматикалық қатына-
сына, сөйлемдегі орын тəртібіне, басыңқымен байланысу тəсіліне де на-
зар аудару керек.
Достарыңызбен бөлісу: