Пысықтауыш. Пысықтауышқа тəн белгілер Пысықтауыш – сөйлемде етістіктен жасалған баяндауыштың сапа-
сын, мезгілін, мекенін, мақсатын, себеп-салдарын, сипаттайтын тұрлау-
сыз мүше.
Сөйлемнің құрылымдық-семантикалық компоненті ретіндегі пы-
сықтауышқа тəн белгілер:
1) сөйлемнің негізін құрауға қатыспайды (тұрлаусыз мүше);
2) үстеуден, көсемшеден жəне жанама септік тұлғалы зат есімнен жа-
салады;
3) бағыныңқы сыңар ретінде өз басыңқысымен қабыса, жанаса бай-
ланысады;
4) пысықтайтын сөзінің алдына орналасады;
5) сөйлемге баяндауышпен енеді;
6) өзі тіркескен сөзімен пысықтауыштық қатынаста болады;
7) сөйлемнің «тема» жəне «рема» бөлігіне де орналасады.
Пысықтауыштар, əдетте, етістік баяндауыштарға қатысты болға-
нымен, кейде есім баяндауышпен, модаль баяндауышпен де сөйлемге
енеді. Бұл – əсіресе, мезгіл, мекен үстеулеріне тəн құбылыс. Мысалы:
Қазір апам жоқ. Былтыр қара жер қойнына алған. Күндіз күні бойы жаңбыр жауды. Қазір салқын (О.Бөкей). Алда – əкем, артында – Қаршыға, соңында – мен. Лезде тау ішін- де жылтыраған отқа жеттік. Бүгін біз бүтінбіз. Бұл біздің соншалық бақытты шағымыз еді (О.Бөкей). Пысықтауыштық қызметте жұмсалатын, негізінен үстеу десек те, сын
есімдер етістік баяндауышпен тіркескенде пысықтауыш болады. Мысал
үшін мына сөйлемдердегі сын есімдердің пысықтауыш жəне анықтауыш
болу тұрғысын салыстыруға болады: Сарқынды шал да өзін бүгін сергек сезінді. Сарқынды – тəкаппар, шатақ шал (О.Бөкей). Ақ жаулықты əйел бізді жадырай күліп, жылы қарсы алды (О.Бөкей). Жүрегім бəрібір ба- яғы кезді, Апамның жып-жылы алақанын аңсайды (О.Бөкей).
Пысықтауышты танудағы тағы бір қиындық – пысықтауыш етістіктен
жасалған сөйлемнің кез келген мүшесіне қатысты кіре ме, жоқ əлде ба-
яндауышпен кіре ме?
Қазақ тіл білімінде пысықтауыш етістіктен болған мүшені нақтылап,
анықтап тұрады десе де [35, 657 б.; 29, 186 б.], келтірілген мысалдары
пысықтауыштың баяндауышпен кіретінін дəлелдейді. Орыс тіл білімінде
де пысықтауыш етістіктен болған мүшеге қатысты десе де [33, 213 б.; 30,
146 б.; 31, 135 б.], ЖОО-ға арналған «Ұлт тілдері аясында» шыққан оқу
құралында [27, 91 б.]сөйлемдегі пысықтауыш бүкіл сөйлемге қатысты,
баяндауышқа қатысты, тіпті, анықтауышқа, толықтауышқа, бастауышқа
да қатысты болады деген пікір берілген.
Сөйлемді сөйлем мүшелеріне дұрыс талдау үшін белгілі бір заң-
дылыққа сүйену қажет. Сондықтан пысықтауышты дұрыс тануда бұл
сөйлем мүшесіне тəн ерекшелікті (жоғарыда көрсетілген) берік ескеру
қажет. Пысықтауышқа тəн басты белгі (5-белгі) етістіктен болған сөзді
анықтау дегеннен гөрі, пысықтауыш баяндауышты (есім баяндауышты
да) нақтылап сипаттайды дейміз.
Енді етістіктің есімше, қимыл есімі тұлғалары сөйлемде бастауыш,
анықтауыш, толықтауыш қызметінде жұмсалғанда, олармен тіркесіп
кіретін үстеулерді пысықтауыш деп тануға бола ма деген сұрақты
шешіп көрейік. Мысалы: Кеше түнімен жауған қар бүгін түс ауа ери бастады (Ш.Мұртаза).Сөйлемнің негізі – қар ери бастады. Сөйлемді
жайылмаландырып тұрған мүшелердің сұрағы – қай қар қашан ери бастады? Бұдан түйетініміз кеше түнімен жауған тіркесітұтасымен
қай? сұрағына жауап беріп, анықтауыш қызметінде жұмсалып тұр.
Ал осы тіркестерді дара мүшелерге жіктесек, сұрағы былай болады:
қашан қайткен қар? Сұрақты осылай қойып, бұл тіркесті пысықта-
уыш-анықтауыш-бастауыш мүшелерге ажырату логикалық жақтан да
дұрыс емес. Келесі мысал: Қыста қырық градус аязыңа бүлк етпей жорта беретін көк бөрің – осы (Ш.Мұртаза). Сөйлемде үш мүше бар:
осы – баяндауыш; көк бөрің – бастауыш; қыста қырық градус аязыңа бүлк етпей жорта беретін – тұтасымен анықтауыш. Сөйлем құрылы-
96
97
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар мы – анықтауыш – бастауыш жəне баяндауыш. Ал сөйлемді басқаша
құрасақ, сөйлем мүшелеріне талдау да басқа болады. Осы көкбөрі қы- ста қырық градус аязыңа бүлк етпей жорта беретін. Бұл сөйлем-
де бес мүше бар: осы – анықтауыш, көк бөрі – бастауыш, жорта бе- реді – баяндауыш, қыста-мезгіл пысықтауыш, қырық градус аязыңа бүлк етпей – тұтасымен сын-қимыл пысықтауыш. Сөйлем құрылымы
– «анықтауыш – бастауыш жəне пысықтауыш - пысықтауыш-баянда-
уыш».
Көк бөрі баласы ит сияқты адамға жарамсақтана алмайды (Ш.Мұр-
таза). Сөйлемде 4 мүше бар: бастауыш, пысықтауыш, толықтауыш-
баяндауыш. Сөйлемнің бастауышы – күрделі (көк бөрі баласы – не?)
пысықтауыш (ит сияқты – қалай?) пен толықтауыш (адамға – кімге?)
баяндауышпен (жарамсақтана алмайды – қайтеді?) кіріп тұр.
Сондықтан, пысықтауыш сөйлемге етістіктен жасалған кез келген мү-
шемен емес, баяндауышпен кіреді деген дұрыс.