Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет5/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
синтаксисіне арналған еңбектерде олардың санатын анықтауда бірізділік 
басымдау.  Əрине,  айырмашылықтар  да  бар.  Дəстүрлі  синтаксистік  па-
радигмалар дегенде біз деңгейлік, нормативтік грамматикалардағы жай 
сөйлемдердің парадигмалық жүйесін сөз етіп жүрміз. Синтаксистік бір-
ліктер көп қырлы, күрделі тілдік құрылым екендігі белгілі. Бұл мəселеде 
орыс тіл білімінде болсын, түркітануда болсын əлі ала-құлалық көп. 
И.П.Распоповтың  парадигманы  конструктивтік  жəне  коммуника-
тивтік деп бөлуі дұрыс. Бұл мəселе тіл мен сөйлеудің тіл біліміндегі екі 
бөлек зерттеу нысаны екендігін көрсетеді. Жұмыста екеуінің де синтак-
систік парадигмалары қарастырылады. 
Бұл  бөлімнің  негізгі  мақсаты – қазіргі  əдеби  тілімізде  қолданыла-
тын синтаксистік құрылымдардың құрылымдық-мағыналық сипаты мен 
ерекшеліктерін жан-жақты ашып көрсетіп, оның парадигмалық қатарын 
анықтау. 
Тіл білімі өзінің қарастырған нысанына уақыт өте келе қайта айналып 
келіп отырады. Өйткені, ғылым дамиды, зерттеудің жаңа əдіс-тəсілдері 
пайда болады. Дəстүрлі синтаксистік парадигмаларды қайта қарастыру-
дың да осындай негіздері бар. Қазіргі қазақ тілінде синтаксиске қатысты 
жекелеген зерттеулер көп. Солардың басын жинақтап, қорытып, жалпы 
синтаксистік парадигмасын көрсету бүгінгі күнде аса өзекті мəселеге ай-
налып  отыр. «Қазіргі  қазақ  тіліндегі  синтаксистік  парадигмалар»  атты 
зерттеудің  нəтижесіне  сүйеніп  жоғары  оқу  орындарында  оқытылатын 
синтаксис курсына арнап жаңаша оқу құралдарын жазып өндіріске ұсы-
ну бүгінгі қазақ синтаксисі мамандарының басты міндеті деуге болады. 
Зерттеу  жұмысында  жай  сөйлем  синтаксисі  бойынша  ғалымдардың 
пікірлері  негізге  алынды.  Зерттеудің  мақсаты  мен  міндеттеріне  сəйкес, 
негізінен, сипаттама əдісі таңдап алынды. Сонымен қатар, компоненттік 
талдау, қажет мəліметтерді саралау, модельдеу, парадигма түзу əдістері 
пайдаланылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет