14
15
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
тивтік сөз тіркесі ғана деп есептейтіндер ойлаудың келесі баспалдағы –
пайымдауды дəйім ескере бермейтін сияқты. Өйткені олар үшін басты
тірек – синтаксистік құрылым (структура). Сондықтан да олар сөйлемді
предикативтік сөз тіркесінен басқа ештеңе де емес деп түсінеді. Мəселен,
түркі тіл білімінің білгірі А.П.Поцелуевский сөз тіркестерін детермина-
тивті, салалас, сабақтас жəне сөйлем деп төрт түрге бөледі [9, 51 б.]. Сон-
дай-ақ келесі бір түркітанушы Е.И.Убрятова бұдан да тереңдейді. Ол сөз
тіркесін «тұтас мəнді бірлік» (целостная смысловая единица) деп танып,
сөз тіркестерін предикативті жəне предикативті емес деп бөледі де, жай
сөйлем түгілі құрмалас сөйлемнің өзі де сөз тіркесі болатынын айтады
[10, 82 б.].
В.А.Звягинцев сөз тіркесін сөздердің бірлесуі (соединение слов)
ретінде түсіну тіпті дұрыс емес, сөз тіркесі сөздердің бірлесуі арқылы
түзілген де емес, сөйлемді мүшелеудің (членение, сегментирование)
нəтижесі болғанда ғана сөз тіркесі бола алатынын айтады [11, 92 б.].
Сонымен, біздің пайымдауымызша, сөз тіркесі – синтаксистің бастап-
қы негізгі, қозғаушы тетігі. Сөз тіркесін қазақ тіл білімінде, сондай-ақ
жалпы тіл білімінде де, сөйлемнің шикізаты (материалы) ретінде түсін-
діріп жүр. Дəлел үшін үлгі ретінде небəрі екі-ақ дəйек келтірейік:
1. «Сөздер өзара тіркесу арқылы сөйлем құрамына енеді. Сондықтан
сөз тіркестері – сөйлемнің шоғырланған материалдары» [12, 8 б.];
2. «Сөз тіркесінің де, сөйлемнің де лексикалық-грамматикалық эле-
менті – сөз. Оның өзгеруі, басқа сөзбен байланысып жұмсалуы сөйлемде
(контексте) ғана анықталады. Синтаксистік сөз тіркесі де сөйлем арқылы
белгіленеді. Бұл, жеке сөздер мен тұрақты сөз тіркестері сияқты сөйлем
құраудың материалы болады (Контекске сүйенсек, бұл жерде сөз тір-
кесінің контексі – сөйлем. –Ж.Ж.)» [13, 6 б.].
Біздің ұғуымызша, сөз тіркесі – шикізат қана, сөйлемнің материалы
ғана емес, өзінің байланысу түрлері мен тəсілдері арқылы сөйлемнің
ғана емес, орамды тілдің (связная речь) ой жалғастыру мақсатында да-
йындалған құрылымдық тетігі.
Қазақ тіл білімінде, сондай-ақ совет тіл білімінде де, сөз тіркесін
дербес, тіпті, тиянақты бірлік ретінде қарайтын нышан бар. Айта кету
керек, біздің түсінуімізше, сөз тіркесі қазақ тіл біліміне дербес, бірлік
ретінде совет дəуірінде, азды-көпті субъективті себеппен, атап айтқанда,
В.В.Виноградовтың беделімен кірді. Бұлай дейтініміз оған дейінгі логи-
калық-грамматикалық бағыт ұғым мен пайымдау категориялары мен тіл
категорияларының байланысын біліп еді. Дегенмен сөздердің тіркесуінің
əбден заңды құбылыс екеніне күмəн жоқ.
Біздің тұжырымдауымызша, сөз тіркесінде (тіпті, сөйлемде де) дер-
бестік бола бермейді, дəлірек айтсақ жоқ. Өйткені сөз тіркесі өз бетімен
коммуникацияға жанама, көмекшілік қызмет жасайды. Бұны тіл айғақта-
ры айқын дəлелдеп отыр. Орыс тілі функционалдық синтаксисін зерттеу-
ші Г.А.Золотова коммуникативтік бірлікке қарай синтаксистік функция-
лардың үш типін ұсынады:
І. синтаксистік бірліктер дербес қызмет етеді;
ІІ. синтаксистік бірліктер коммуникативтік бірліктердің конструкция-
лық бөлігі ретінде қызмет етеді;
ІІІ. синтаксистік бірліктер конструкциялық бөліктің бағыныңқы сы-
ңары ретінде қызмет етеді [14, 11 б.].
Байқап отырғанымыздай, осындағы екі функцияны сөз тіркестері
атқара алады. Сөз тіркесі – орнықты емес, сөйлеу процесіндегі жылжы-
малы, керегі мен сəтіне қарай қолданылатын құбылыс. (Бұл жерде біз
тіркесудің тəсілдері мен түрлерін еске алып отырамыз. Ал бұлар сөз тір-
кесінің негізі ғой). Сондықтан «сөз тіркесі дегенде статикалық заттық
ұғымды емес, динамикалық процесті еске алуымыз керек. Сөз тіркесінің
коммуникативтік мəні осы тұста.
Ал сөйлемді «предикативті сөз тіркесі» дегенде оны коммуникативті
бірлік ретінде емес, тек құрылымдық қана бірлік деп түсінуіміз керек.
Сонымен, қазақ тілі синтаксисінде тіркескен сөздерді сөз тіркесі
деп тану үшін бірнеше шарт-талап қойылатын болды. Соларға тоқтала-
йық.
1.
Сөз тіркесі деген ұғымға сөздердің тіркесі емес сөз пішіндерінің
Достарыңызбен бөлісу: