Синтаксистік парадигмалар


 Жақты жəне жақсыз сөйлемдер



Pdf көрінісі
бет110/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   374
2.4.4 Жақты жəне жақсыз сөйлемдер
Грамматикада  етістік  сөз  табына  қатысты  «жақ  категориясы»  деп 
аталатын категория бар екені белгілі. Жақ категориясы – қимыл иесінің 
айтушыға қатынасын білдіретін етістіктің (баяндауыш қызметін атқара-
тын есімдердің) сөз түрлендіруші грамматикалық категориясы. Жақ ка-
тегориясы жіктеу есімдіктері ұғымымен байланысты. Сол себепті жіктеу 
есімдіктері негізінен адаммен, яғни сөйлеуші, тыңдаушы жəне бөгде кісі 
ұғымдарымен  байланысты  қолданылады.  Жақ  категориясы  «сөйлемде 
субъекті  мен  предикат  байланысын»  айқындап  тұратын  (Н.А.Баскаков) 
категория қатарына жатады. Осы қызметімен синтаксистік те категория 
ретінде ол қимыл иесінің айтушыға қарым қатынасын əртүрлі деңгейде 
білдіреді [11, 121-123 бб.]. 
Ғылымда жақ категориясының тілдік бірлік ретіндегі қызметіне бай-
ланысты «жақтылық-жақсыздық» деп аталатын ұғым (категория) қалып-
тасқан.  Бұны  тілшілер  сөйлемдегі  субъектінің  болмыстағы  объектіге 
қатынасы  арқылы  көрінетін  семантикалық-синтаксистік  категория  деп 
есептейді. Өйткені мəтін ішінде, сөйлесім жағдайында сөйлемнің грам-
матикалық жақсыз да болып құрылуы жиі кездеседі. Міне, осыдан келіп, 
сөйлемді «жақты сөйлем», «жақсыз сөйлем» деп бөліп қарастыру қажет-
тігі туған. Бұл, бір жағынан тілде бар құбылыс болса, екінші жағынан, 
философияның «қарама-қарсылық» заңына сай келетін құбылыс.
Сөйлемді  «жақтылық-жақсыздық»  тұрғысынан  қарастыруда  ға-
лымдар  түрлі  бағытты  ұстанады.  Бірі – сөйлемнің  грамматикалық 
құрылымын  басты  бағыт  ретінде  түсінсе,  екіншілері  оның  мағыналық 
құрылымын басты мəселе ретінде қарастырады. Ал қайсыбір ғалымдар 
сөйлемнің бұл екі құрылымын тең ұстай отырып, оның коммуникативтік 
қызметін ескеру қажет деп есептейді. Шындығында, сөйлем қай тұрғыда 
қарастырылса да дұрыс, өзіндік уəжі бар, өйткені осы ерекшеліктердің 
бəрі  сөйлемдердің  бойынан  табылады.  Мұндағы  ортақ  сүйенер  басты 
белгі – сөйлемнің  предикативтік-модальдік  құрылымы.  Бірақ  мұны  əр 
бағыттағылар əртүрлі түсіндіреді. 
Түркітануда, оның ішінде қазақ тіл білімінде де өткен ғасырда (тіпті 
қазіргі кезге дейін) сөйлемді формалды-грамматикалық құрылым ретінде 
қарастыру басым бағыт болды. Оған себеп, XIX ғасырдың аяғы мен XX 
ғасырдың басында Ресейде негізін Москва университетінің профессоры 
Ф.Ф.Фортунатов салған «формалдық тіл білімі» деген бағыттың кең етек 
жаюы еді. Бұл бағыт сол тұста тіл білімінде аты əйгілі болған ғалымдар-
ды (А.Шахматов, А.Пешковский т.б.) топтастырған ғылыми мектеп бо-
лып қалыптасты.
Сөйлемді  грамматикалық  құрылым  тұрғысынан  қарауды  жақтайтын 
осы  концепция  бойынша,  сөз  таптары  мен  сөйлем  мүшесі  арасына  не-


120
121
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
месе  олардың  формалары  арасына  теңдік  белгісі  қойылды  да,  соның 
нəтижесі синтаксистік категорияларды морфологиялық категориялармен 
бірдей деп қарауға алып келді. Айналып келгенде, сол тұстағы өздерін 
сөйлемді  «логика-грамматикалық»  тұрғыда  зерттеушілер  деп  есептей-
тін ғалымдар «сөйлемнің грамматикалық құрылымы мен семантикалық 
құрылымы бір-біріне сай келеді» деген тұжырымды ұстана отырып, ал-
дыңғы қатарға сөйлемнің грамматикалық құрылымын (форманы) шыға-
рып, оның семантикалық құрылымын (мағына) екінші қатарға ығыстыр-
ды. Бұл идея кезінде Ресейде орын алған, кейін Кеңес өкіметінің басты 
идеологиясына айналған материалистік идеяға сай бола кетті. Сол кезден 
бастап  осы  идея  барлық  грамматикаларда  басшылыққа  алынды,  соның 
ішінде сөйлемнің «жақты» жəне «жақсыз» түрлері де бар. Осы үдерістен 
түркітанушылар да, қазақ ғалымдары да тыс қалған жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет