Жақты сөйлем грамматикалық бастауыш пен баяндауыштың
жақтық, сандық қиысуына негізделеді. С.Аманжолов: «Грамматикалық
бастауыш баяндауыш мүшемен жақтық, көптік жағынан қиысады. Сөй-
лемнің баяндауышына қарап, бастауыштың қай жақта екенін айтқыз-
бай-ақ білеміз. Өйткені бастауыштың көлеңкесі, сəулесі – баяндауыш»,
– дей отырып, жақты сөйлемнің жасалуын бастауыш пен баяндауыштың
бойындағы грамматикалық жақтық форманың сəйкес келуімен байла-
ныстырады [2, 172 б.].
«Грамматикалық бастауышы бар не бастауышы ерекше айтылмай,
оның қай сөз екенін баяндауышпен ұластыра атау септеуінің сұрақтарын
қою арқылы білуге болатын сөйлемді жақты сөйлем дейміз». Бұл анықта-
маның иесі – алғашқы қазақ грамматикасының «Жай сөйлем түрлері»
бөлімін жазған М.Балақаев. Мұнда да сөйлемнің жақты болуы бастауыш
пен баяндауыштың қатынасына байланысты екені айқын [3, 498 б.].
М.Балақаевтың кейінгі еңбектерінің бəрінде де осы анықтама қайталанады.
Р.Əмір: «Жақтық мағына, жақтық форма бастауыштың лексикалық
болмысынан, баяндауыштың жақтық формасынан көрінеді. Жақтық
мағынаға, формаға ие конструкция жақты сөйлем ретінде танылады», –
дейді. Мұнда да сол бастауыш пен баяндауыш арасындағы форма мен
мағынаның сəйкес келуі негіз етілген [12, 94 б.].
Осы анықтамалар негізінде жақты сөйлемдер төмендегідей құры-
лымда болып келеді:
1) бастауышы 1,2,3-жақтық атау тұлғадағы нақты лексикалық мағына-
лы сөздер (жіктеу есімдіктері, зат есімдер, заттанған кез келген сөз тап-
тары), баяндауышы 1, 2, 3-жақтық тұлғалы етістіктер, есімдер (3-жақта
нөлдік тұлғада болады) болып келеді:
Мен еріксіз бұл күнде жұрт əбден мойындаған шындықты еске ал- дым. Біз жапырағы төгілген үлкен алма ағаштың саясындағы орын- дыққа жайғастық. – Сен жайыңа тұр, – деп Жанбаев тыйып тастады. Сен, өзің ше, өзің не бітіресің?.. Екеуі əлденеге күлісіп, əңгімелесіп келеді (Қ.Жұмаділов). 2) бастауышы айқын сөзбен берілмеген, бірақ оны баяндауыш бойын-
дағы жақ тұлғасы арқылы немесе мəтін ішіндегі басқа сөйлемдер бойын-
дағы сөздер арқылы тауып алуға болады (мұндай сөйлемдерді бастауыш-
сыз толымсыз сөйлемдер деп те атайды):
...Жігіт далаға шықты да, қасқа дөненіне мініп, жүріп кетті. Енді ол ашуланған жоқ. Кешегідей шапқан да жоқ. Өзін кіналап, ұрысқан да жоқ... – Түн ұзақ қой, сен ұйықтай бер, – деді келіншек. Жігіт үндемеді. – Ерте кетіп ең, көп ұзамапсың ғой, – деді келіншек... (Ə.Тарази). Сонымен, жақты сөйлемдер деп айқын бастауыш пен баянда-