122
123
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
ша қосылады [13, 222-225 бб.]. Бұл пікірді кезінде Ғ.Мадина да қолдаған
еді [14].
Сонымен, қазіргі ғылымда бұрынғы грамматикалық құрылым тұрғы-
сынан аталған «жақсыз сөйлем» ұғымы «бір негізді сөйлем» ұғымымен
ауыстырылып, соңғысы логикалық тұрғыдан «белгілі жақты», «белгісіз
жақты», «жалпылама жақты», «жанама жақты» деген атаулармен ата-
лып жіктеледі. Сондай-ақ, осы еңбекте бұрын жақты сөйлем қатарында
есептелетін «қоңырау соғылды», «шөп шабылды» т.б. тəрізді сөйлем-
дер нағыз «жақсыз» (субъектісі жоқ) сөйлем ретінде аталады. Бұлардың
əрқайсысының жалғыз бас мүшесі деп есептелетін баяндауыштарының
жасалу жолдары осы еңбектің «Бір негізді жəне екі негізді сөйлемдер»
деп аталған бөлімшесінде анық көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: