Синтаксистік парадигмалар


айқын  лексикалық  сөз  арқылы  берілген  немесе  бастауышсыз  ай-



Pdf көрінісі
бет109/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

айқын  лексикалық  сөз  арқылы  берілген  немесе  бастауышсыз  ай-
тылғанымен, оны сөйлемге енгізгенде мағынасына əсер етпейтіндей 
сөйлемді екі негізді сөйлем дейміз.
Анықтамадағы  «бастауышсыз»  дегенді  «бастауышы  түсірілген,  то-
лымсыз  сөйлем»  деп  ұққан  орынды  жəне  мұндай  толымсыздық  мəтін 
ішінде ғана болады. Сөйлем толымдылығы мен толымсыздығы жөнінде 
арнайы  тарауда  айтылатындықтан,  бұл  тұста  бірсыпыра  мысалдармен 
шектелуге тура келеді. Мысалы: Жарқын жүзе білмейтін. Бірақ шешін-
ді.  Таяздау  жерге  барып  жуына  бастады...  «Қазақ  жерінің  ең  ұлы 
өзеніне шомылып жатқаным ғажап-ау», – деп ойлады ішінен. Басын 
көтеріп  Сабыр  жаққа  қараған.  Ол  өзеннің  арғы  жағалауына  шығып, 
енді қайта жүзіп келеді екен... (Қ.Жұмаділов).


118
119
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
Екі  негізді  жай  сөйлемнің  бастауышы 1,2-жақта  жіктеу  есімдіктері-
нен (мен, сен, біз, сіз, біздер, сендер, сіздер) жасалады да, 3-жақта негізі-
нен жалқы жəне жалпы зат есімдерден, заттанған кез келген сөз табынан 
жасала береді. Бұл сөздер стильдік қажеттілікке қарай «ол» есімдігімен 
алмастырылады. Сондай-ақ, басқа сөз таптары да субстантивтеніп келіп 
бастауыш қызметін атқарады. Ал баяндауыш қызметін негізінен етістік 
сөз табы атқарады дегенімізбен, басқа сөз таптары да қолданыс ыңғайы-
на қарай баяндауыштық қызмет атқара береді.
Мəтін  ішінде,  əдетте,  бастауышты  бір-ақ  рет  атап,  қалған  жағдайда 
бастауышты  түсіріп,  толымсыз  сөйлемдер  ыңғайында  құруға  болады. 
Мұндайда баяндауыштағы жіктік жалғауы бастауыштың мағынасын ай-
қындайды. Алайда, кей сөйлемдердің бастауышты түсіріп айтуға мүлдем 
көнбейтіні  де  болады.  Олардың  өзіндік  жасалу  себептері  мен  жолдары 
бар. Бұл: 1-ден, субъектіні айқындап, шүбəсіз етіп көрсету мақсатында 
болады.  Мысалы:  ...Мен  үндемедім.  Поезд  қозғала  берді  (Д.Исабеков). 
Сол  күні  кешке  «Үш  жүз»  комитетінің  жиылысы  болды.  Мен  де  бар-
дым (Ғ.Мүсірепов). Мұндай сөйлемдер кез келген баяндау мақсатындағы 
мəтін ішінде кездесе береді;
2-ден,  бастауыштың  актуализациялануымен  яғни  іс-əрекет  иесін 
басқа субъектілер ішінен даралап, іс-əрекетті тек сол субъекті ғана атқа-
руға тиіс екеніне тыңдаушы назарын аудару мақсаты көзделеді. Мұндай 
сөйлемдер  көбіне  сөйлеу  жағдаятына  байланысты,  диалог  кезінде  қол-
данылады.  Мысалы:  –  Қарыздары  мен  болармын,  Бəке!  Əл-шамамның 
келгенінше қойным мен мойнымда өсірермін! (М.Əуезов). – Барсаңызшы, 
сіз мұсылмансыз. Сол мешітке сіз де барып, жұма намазында сіз де сөй-
лесеңізші!.. (М.Əуезов).
3-ден, сөйлеу жағдаятында жəне мəтіндік ыңғайда бір сөйлем ішін-
де немесе көршілес жай сөйлемдерде 1,2 жəне 3-жақтық іс-əрекеттердің 
салыстырыла, қарсы қойыла айтылуы кезінде бастауыштардың ең бол-
мағанда біреуі айқын көрінеді: – Сен білгенді мен білмеймін. Сен көрген-
нің бəрін мен көруге тиісті емеспін. Бұл – өмір заңы (Д.Исабеков).
– Біз киргиз даласына таңдап отырып əкімдер сайлаймыз. Сіз оның 
бəрін жаман дейсіз, жауыз адамдар дейсіз... (М.Əуезов).
4-ден,  сыңарларының  баяндауыштары  əртүрлі  жаққа  қатысты  бо-
лып  келетін  құрмаластарда  бастауыштардың  кем  дегенде  біреуі  нақты 
сөзбен аталып беріледі. Мұндай құбылыс құрмаластардың қарсылықты, 
салыстырмалы,  шартты,  түсіндірмелі  түрлерінде  кездеседі:  ...Олардың 
шынын білсеңіз, мен ғана емес, өзіңіз де жауыз демек түгіл, көбін жа-
залар едіңіз (М.Əуезов). – Мен мемлекеттік жоспардың көзімен қарап 
айтып тұрсам, ол қолын сілтейді! (Ғ.Мүсірепов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет