сөйлем құрылымындағы ілік жəне барыс септікті сөздер арқылы айқын берілетін не ондай сөздердің жасырын тұрғандығы мазмұны- на белгілі болатын, іс-əрекеттің орындалуына субъектінің қатысы бас мүшені тұлғасынан емес, сөйлем семантикасынан жанамалай байқалатын сөйлем түрін айтамыз. Жанама жақты сөйлемнің предикаттық бас мүшесі əр уақытта күрделі
құрылымда болады да, түрлі жолдармен жасалады. Əсіресе, модаль сөз-
дер мен көмекші сөздердің орны айрықша. Олардың жасалу жолын екі
топқа бөліп көрсетілген төмендегі мысалдардан аңғаруға болады.
а) Белгілі жанама жақты сөйлемдер:
– ...Маған үйге соға кету керек (Д.Исабеков). ...Бір заманда арым- ды аяқ асты етіп кеткен адамға аяушылық көрсетіп, енді құшағымды жая қарсы алу ма? (Д.Исабеков). ...Сорлы басым-ай, одан да Құлахмет- ті сүюім керек еді ғой менің (Д.Исабеков). ...Көрдіңіз бе, қараңғы түн- де жалғыз қайтуға тура келді (І.Есенберлин). Əрине, мұндай жағдайда маған мұнда оқытушы болып қалуға мүмкін емес еді (С.Көбеев). – Қу шұнақ шалдың кімді қорлағаны? (Ə.Нұрпейісов). – Осымен бəрінің біт- кені ме? (Д.Исабеков) т.б. ə) Белгісіз жанама жақты сөйлемдер:
...Өмірдегі барлық шындыққа көзді ашып батыл қарау керек (Д.Исабеков), Мұндай екі нəрсені бірдей болады деп айтуға мүмкін емес (Абай). – ...Мынау елдің, қажырлы елдің, дəл бұл ісін аяқсыз тас- тап болмайды (М.Əуезов). ...Бұл екеуінің қайсысын таңдаған дұрыс? (Д.Исабеков), – Бір сөздің басын ауырта беріп не керек? (Ғ.Мүсірепов). Бізде пысықтарға көп көңіл бөлінеді (С.Досанов). ...Жас ақынның жал- ған əуендеріне тезірек қатаң тыйым салынуы керек (С.Досанов) т.б. [10, 21-36 бб.].