Синтаксистік парадигмалар


Жай сөйлемнiң есiмше арқылы құрмаласуы



Pdf көрінісі
бет175/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Жай сөйлемнiң есiмше арқылы құрмаласуы. Көсемшелер сияқты 
есiмшелер  де  бағыныңқы  сөйлемнiң  баяндауышы  функциясында  қол-
данылады. Бiрақ есiмшелер мен көсемшелердiң жай сөйлемдi құрмалас-
тыру жолы бiрдей емес. Бағыныңқы сөйлем баяндауышы құрамындағы
көсемше ешқандай қосымша тəсiлсiз, формасыз жай сөйлемдi құрмалас-
тыру функциясын атқара алатын болса, есiмшелерде ондай қасиет жоқ.
Есiмшелер  жай  сөйлемдi  құрмаластыру  үшiн  əртүрлi  тұлғалық  құ-
былыстарға ұшырап, тиянақсыз формада айтылады. Мұндай тиянақсыз-
дық  қасиет  берiп,  есiмше  формалы  сөздi  басыңқы  компонентке  бағын-
дыра  байланыстыратын – оларға  жалғанатын  түрлi  қосымшалар  жəне 
шылаулар.
Жай сөйлемдi бiр-бiрiмен құрмаластыру функциясында есiмшелердiң 
барлық түрлерi де қолданылады, бiрақ құрмалас сөйлем жасауда есiмше 
түрлерiнiң  атқаратын  қызметi,  формалық  құбылыстары  бiркелкi  емес. 
Мұндай қызметте ең жиi қолданылатыны – -ған, -ген, -қан, -кен формалы 
есiмшелер.  Аталған  тұлғалы  есiмшелер  бағыныңқы  компонент  баянда-
уышы функциясында мынадай формаларда жəне мағыналық қатынастар-
да қолданылады: 
Жатыс септiк жалғаулы: 
а) мезгiл: Жанат iшкi үйге кiрiп кеткенде, Асқар мен Ержан тыста 
қалды (С.Мұқанов).
ə) шарт: Егер 10 минут кешiккенде, атқа да мiнiп үлгермейдi екенбiз 
(Х.Есенжанов).
Көмектес  септiктікті  а)  қарсылықты:  Ұлберген  кедей  болғанмен, 
киiм-кешектерiн таза ұстайтын едi (С.Мұқанов.) 
-ша,-ше  жұрнақты  формада  а)  мезгiл:  Жасақшылар  жеткенше,  үй 
иесi дайын отырды (С.Мұқанов.) 
б) салыстыру мəнi: Көп iстеп шала бiтiргенше, аз iстеп бабына кел-
тiр (Мақал).
Сонымен бірге бағыныңқы баяндауышы түбiр тұлғалы не шығыс, ба-
рыс, жалғаулы есiмшеге соң, кейiн, дейiн, берi, гөрi, шылаулары тiркесу 
арқылы,  сондай-ақ  шақта,  кезде,  сəтте,  күнi,  сағатта  т.б.  мезгiлдiк 
мəндегi  сөздердiң  –дық+-тан, -дiк+-тен  қосымшаларының  тiркесуi 


196
197
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
арқылы да əртүрлi мағыналық қатынастағы сабақтас құрмалас сөйлем-
дер жасалады.
Есiмшенiң қалған формасының бағыныңқы баяндауышы қызметiнде 
жұмсалуы тiлде өте сирек кездеседi.
Қазақ  тілінде  сабақтас  құрмаластардың  құрылымдық  ұйымдасуы-
на  жəне  синтаксистік  қатынастың  түзілуіне  есімшенің  барлық  түрі  қа-
тысқанымен,  бұл  қызметті  көбінесе  əртүрлі  көмекші  сөздермен  бірге 
келетін немесе қажетті жалғаулар қосылған бағыныңқы сөйлемнің баян-
дауышын құрайтын -ған, -ген, -қан, -кен есімше формасы атқарады. Бұл 
көмекші элементтерсіз есімшеден құралған баяндауыш пен грамматика-
лық бастауыш арасындағы қатынас атрибутталған байланыстың шегінен 
шықпайды. 
Түркітануда  септік  жалғаулы  есімшелердің  функционалды  дəрежесі 
туралы  əртүрлі  көзқарастар  бар.  Кейбір  ғалымдар  бағыныңқы  сөйлем 
баяндауышы  қызметін  барлық  септіктегі  есімше  атқара  алады  десе,  ал 
басқа  біреулерінің  ойынша,  мұндай  рөлді  есімшелердің  кейбір  септік 
формасы ғана атқара алады дейді, ал үшінші бір топ сабақтастарға есім-
шелі жəне көсемшелі оралымды сөйлемдерді жатқызбайды.
Есімшелер  барыс,  жатыс,  шығыс,  көмектес  сияқты  көлемдік 
септіктер  тұлғасында  келіп  қана  бағыныңқының  баяндауышы  қыз-
метін  атқара  алады.  Өйткені  осы  тұлғадағы  есімшелер  ғана  етістік 
сөз табының қасиетін, шақтық қызметін, предикативтілігін, басқа мү-
шелерді меңгеру қабілетін сақтайды. Ал грамматикалық септіктерде 
ондай қасиет жоқ.
Біз  К.К.Сартбаев  пен  М.Б.Балақаевтың  баяндауыш  қызметін  тек 
кеңістіктік  қатынасты  білдіретін  септіктегі  есімшелермен  байланысты-
ратын тұжырымына қосыламыз. Бұл септік формаларындағы есімше-ба-
яндауыштар басқа сөздермен қатынасқа түсіп, қимыл динамикасын жет-
кізеді, оның үстіне мұндай септік көрсеткішіндегі есімше өте жиі қолда-
нылады.
Мысалы: Ол келгенде, мен үйде жоқ едім. Жақсы жауап бергендік-
тен, мұғалім оған бес деген баға қойды. Қыстың басы тақау болғанмен, 
қар əлі түсе қойған жоқ (М.Əуезов).
Бағыныңқы сөйлемдегі баяндауыш ретінде есім сөзге есімше тұлға-
лы  екен  көмекшісінің  немесе  -ысымен, -ісімен  жұрнақтары  арқылы 
жалғанған есімше де қолданылады.
Мысалы:  Машина  дауысы  естілісімен,  үйдегілер  сыртқа  атып 
шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет