кенi, неге десең жалғаулықтары;
ə) ыңғайластық қатынасты бiлдiретiн жəне, да, де, та, те, əрi жалғау-
лықтары;
б) қарсылықты қатынасты бiлдiретiн бiрақ, сонда да, сөйтсе де, алай-
да əйтсе де, ал, дегенмен жалғаулықтары;
в) кезектестiк қатынасты бiлдiретiн бiрде, бiресе, кейде жалғаулықта-
ры;
г) талғаулық, бiрдейлестiк қатынасты бiлдiретiн не, немесе, болмаса,
əлде, я, яки жалғаулықтары.
Осы жалғаулықтардың құрамынан оның тарихи іздерінің, дəлірек айт-
сақ, кейбіреулерінің құрамынан есімдіктердің айқын байқалатыны көрі-
неді:
– себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтар – сондықтан
(сол+дықтан), өйткені (олай еткені) т.с.с;
– ыңғайластық мағынаны білдіретін жалғаулық (əр+і);
– қарсылықтық мағынаны білдіретін жалғаулықтар: бірақ (бір+ақ),
əйтсе де (олай етсе де), сөйтсе де (солай етсе де), əйтпесе (олай етпесе)
т.с.с.
талғаулықты мағынаны білдіретін жалғаулықтар: біресе (бір+есе),
бірде (бір+де), кейде (кей+де), яки (иə+кей), т.с.с. [39, 80 б.].
Салаласа құрмаласқан сөйлемдердiң көпшiлiгiнде жалғаулықтар сөй-
лемдi құрмаластырушы негiзгi тұлға болмайды, онсыз да бар байланыс-
ты күшейте түсетiн көмекшi тұлға боп саналады. Сондықтан жалғау-
лықты салаластарды жалғаулықсыз айтуға да болады. Мысалы: Теңiз
тынышталды, бiрақ ешнəрсе көрiнбейдi. Малымыз жұтауы мүмкiн
емес, себебi бұл жерде су да, шөп те көп өседi.
Солай бола тұра салаластар құрамындағы жалғаулықтардың бар-
лығы əрдайым көмекші тұлға боп саналмайды. Кейбір құрмаластардың
құрамынан жалғаулықтарды алып тастағанда, компоненттер арасындағы
мағыналық қатынасқа нұқсан келетін жайттары да бар.
Жай сөйлемдi құрмаластыруда септеулiктердiң рөлi күштi. Септеулiк-
тер бағыныңқы компонент баяндаушы болып тұрған тиянақсыз етiстiкке
көмекшi болып, оны басыңқы компонентпен құрмаластырады.
184
185
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
Кейiн, берi шылаулары өткен шақтық есiмшенiң шығыс жалғауын
меңгерiп, бағыныңқы сөйлемнiң басыңқы сөйлемдегi ойға мезгiлдiк қа-
тынасын бiлдiредi.
Сайын, соң шылаулары есiмше тұлғалы сөзге тiркесiп, бiрде себептiк,
бiрде мезгiлдiк мəнде қолданылады.
Үшiн шылауы тұйық етiстiктен болған бағыныңқы сөйлемдi басыңқы
сөйлеммен байланыстырып, басыңқы сөйлемдегi iс-əрекеттiң мақсатын
бiлдiредi.
Септеулiк шылаулардың жай сөйлемдi құрмаластырудағы рөлiнiң
күштiлiгi сонша – оны құрмалас құрамынан алып тастауға болмайды.
Өйткенi септеулiктер жай сөйлемдi байланыстыру, сол арқылы құрмалас
сөйлем жасау қызметiн түгел өзiне алады. Бұл жалпы септеулiктердiң
жалғаулықтарға қарағанда дəнекерлiк рөлiнiң күштi екендiгiн көрсетедi.
Тіл-тілдегі шылау сөздердiң санының артуына байланысты құрма-
лас сөйлемнің (əсiресе, салалас құрмалас) компоненттерi арасындағы
мағыналық қатынастарды бiлдiру үшiн қызмет ететiн тiлдiк тəсiлдердi
зерттеу өз жалғасын таппақ.
Егер бұрын құрмалас сөйлем компоненттерiнiң арасындағы байла-
ныс көрсеткiштерi тек қана шылаулар (əсіресе, салаластарда) не есімше,
көсемше, шартты рай тұлғалары (сабақтастарда) болса, қазiр байланыс
тəсiлдерінiң тiзiмiне байланысты лексикалық көрсеткiштерi, лексика-
лық нақтылаушылар, шылаудың аналогтары кiредi. Соңғы жылдар iшiн-
де байланыс тəсілдері санының артуы, біріншіден, құрмалас сөйлемнің
құрылымдық-семантикалық тұрғыда өзгеріске ұшырап, ой жеткізудің
амал-тəсілдерінің көбеюімен түсіндіріледі.
Құрмалас сөйлем компоненттерi арасындағы мағыналық қатынастар
сипаты əр алуан. Ал оны білдіретін шылаулар қатары да аз емес:
– ыңғайластық қатынасты білдіретін шылаулар: да, де, та, те, əрi
(ал);
– қарсылықты қатынасты білдіретін шылаулар: бірақ, десе де, əйтсе
де, əйткенмен, сонда да;
– себеп-салдарлық қатынасты білдіретін шылаулар: сондықтан, сол
себепті, өйткені, себебі;
– шарттылық қатынасты білдіретін шылаулар: əйтпесе,болмаса;
– салыстырмалы қатынасты білдіретін шылаулар: да, де, ал;
– талғаулықты қатынасты білдіретін шылаулар: не, мейлi, немесе, я,
яки, я болмаса, əлде, құй;
– кезектестік қатынасты білдіретін шылаулар: бiрде, бiресе, кейде;
– мақсаттық қатынасты білдіретін шылаулар: үшін;
– мезгілдік қатынасты білдіретін шылаулар: бері, кейін, соң, бұрын;
– шектеулік қатынасты білдіретін шылаулар: тек, тек қана, т.т.
Дегенмен құрмалас сөйлемдi зерттеу нəтижесiнде сөйлемнің белгілі
бір мағыналық тобын ажыратуға негіз болатындай шылаулардың мұндай
мағыналық қатынастарды қамтамасыз ету мүмкіндігі шектеулі екендігін
аңғаруға болады. Осыған сəйкес құрмалас сөйлемнiң кейбiр түрлерiнiң
семантикасын қарастырайық, олардағы шылаулық тəсiлдер əдеттегiдей
емес мағыналарды бiлдiру үшiн қызмет етедi.
Ыңғайластық қатынасты білдіретін да, де, та, те шылаулары бірде
ыңғайластық, бірде салыстырмалы, бірде қарсылықты мəнді компонент-
терді байланыстырады. Аталған шылаудың себептік қатынастағы жай
сөйлемдерді байланыстыратыны жөнінде де айтылады [37, 14 б.].
Мысалы:
1) Жаугершілікте ата-анасы басқа жаққа ауып кетті де, бала менің
қолымда қалды (Қ.Жұмаділов).
2) Аспанмен тірескен қақпа сала алсаң да,
Елдің аузына қақпақ қоя алмайсың (Қ.Мырза Əли).
Білген адам тауып айтады да, білмеген адам қауып айтады (Мақал).
Келтірілген сөйлемдер да, де, та, те шылаулары арқылы бірде ыңғай-
ластық, бірде салыстырмалы, бірде қарсылықты мəнді компоненттер
байланысқан.
Шектеулiк мағыналық қатынастарды білдіретін тек, тек қана сияқты
арнайы шылаулы сөйлемдерге назар аударайық.
Расында да тек, тек қана шылаулары қатысатын сөйлемдердегі ком-
поненттер арасындағы мағыналық қатынасты шектеулiк деп айтуға бол-
майды:
Айнала зуылдаған ызы-қию жанталас сəл саябырсыған сықылды,
тек анда-санда алыстан атыс үні естіліп қалады.
Бiздiң ойымызша, берiлген сөйлемнiң семантикасына шектеулiк емес,
градациялық мағына берiлген. Бұндай типтегi сөйлемдердiң бiрiншi
бөлiгi шапшаң, белсендi құбылысты, қимылдың аяқталу үдерісін бiл-
дiредi, ал екiншi бөлiмде онша шапшаң емес, шынайы қимыл, iс-əрекет
сипатталады. Келтiрiлген мысалда бiрiншi бөлiмдегi қимыл градациялық
көрсеткiште екiншi бөлiмдегi қимылдан жоғары тұр.
Бұл топтағы сөйлемдерiнiң семантикалық құрылымы бiрiн-
шi бөлiмдегi құрылымды жоққа шығаратын ой ретiнде алдын-ала
анықтайды. Төмендегi мысалдарды қараңыз: Жігіт ештеңе демедi,
тек көздері ғана көп жайтты ұқтырғандай болды. Қараңғыда мен
оның бетiн көрмедiм, тек тарсылдаған вагондар арасынан оның сүй-
кімді даусы естiлдi. Мен оған алаңдап тұрған жоқпын, тек кiшкене
қорқынышты.
Сөйлемнiң белгiлi бiр құрылымында, əсiресе, екiншi предикат ашық
райда тұрған кезде тек, тек қана шылаулары шарт мəнін білдіргенде сөй-
лемнің бірінші компонентінде де, екінші компонентінде де тұруы мүмкін:
186
187
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
Мен өз өмiрiмдi қияр едiм, тек ол қайғырмаса болды. Досыңмын деп көп
айтушы ең, ал достығыңды дəлелде (О.Бодықов). Айтқаныңыз болады,
тек бұл ыңғайсыз жағдайдан шығарып берсеңіз болды. Бұл сөйлемдер-
ден субъектiнің өз мақсатына жету үшiн қандай да болсын тəсiлдi пай-
далануға дайын екенi көрiнiп тұр. Талдап отырған сөйлемдердiң грамма-
тикалық жəне семантикалық жақтарының ассиметриясын қарастырған
кезде мынадай жағдай көңiл аудартады: барлық сөйлемдерде нақты бiр
ой вербалды айқындалмаған. Жалпы алғанда тiлдiк ақиқат үшiн пресуп-
позицияны құрайтын эксплициттi айқындалмаған жағдайлар тəн, яғни:
Досыңмын деп айтады екен, сондықтан оны дəлелдеу қажет жəне т.б.
Сонымен, қазақ əдеби тілінің синтаксистік жүйесінде толықтауыш,
анықтауыш, пысықтауыш бағыныңқылы компоненттері бар құрмалас
сөйлемдерге мазмұны жағынан да, құрылымы жағынан да сəйкес келетін
құрмалас сөйлемдер түрі жиі кездеседі. Қазіргі əдеби қазақ тілінің күрделі
жүйесі сабақтас құрмалас, салалас құрмалас сөйлемдер мен көп құрамды
құрылымдарға бай болып келеді. Олардың бір топқа бірігуі құрамындағы
компоненттердің морфологиялық құрамы, синтаксистік қатынасы жəне
құрылымдық ұйымдасуы жағынан əртүрлі болғанымен, ішкі байланысына
қатысты бір ойды білдіру қасиеттері ортақ болуымен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |