190
191
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
Айтылу интонациясы да, сөйлемдегі сөздердің грамматикалық фор-
маларында да айырмашылық жоқ, сөйлем арқылы берілген жалпы ой
да бірдей. Айырмашылық – сөйлемдегі сөздердің орын тəртібі мен ай-
тушының ішкі интенциясында, соған сəйкес сөйлемнің семантикасын-
да. Алғашқы сөйлемде автордың айтпағы – оқуды тастап кетуге қарсы
болғандығы туралы болса, екінші сөйлемдегі негізгі мəн – осы əрекетке
тікелей
Мырзабектің қарсы болуы. Сөйлемді коммуникативті аспектіде
қараумен байланысты айқындалатын бұл мəселе құрмалас сөйлемдерге
де қатысты.
Кедей үй Түркістанға көшіп келгесін де, жоқшылық бейне көлеңкедей
ұласып қыр соңынан қалмады (Д.Досжанов).
Тұншығып өлмесін деп, тө-
беден ауа жіберуге мына бұрғыларды əкелдім (Ғ.Мұстафин).
Сөйлемде берілген жалпы ойды сақтай отырып, компоненттердің ор-
нын ауыстырып көрейік:
Жоқшылық бейне көлеңкедей ұласып қыр соңынан қалмаған соң (қал-
май қойды), кедей үй Түркістанға көшіп келді // Жоқшылық бейне көлең-
кедей ұласып қыр соңынан қалмай қойды (қойып), кедей үй Түркістанға
көшіп келді. Төбеден ауа жіберуге мына бұрғыларды əкелдім, əйтпесе
тұншығып өлуіміз мүмкін // Төбеден ауа жіберуге мына бұрғыларды
əкелгендіктен, тұншығып өле қоймаспыз.
Баяндауыш формасын өзгерту арқылы пайда болған сөйлемдердің
компоненттері арасындағы қатынас бастапқы сөйлемдегіден өзгеше.
Бастапқы сөйлемдердегі мезгіл жəне мақсат мəнді құрмаластар кейінгі
сөйлемдерде себеп, шарт мəнді құрмаластарға ауысады.
Сондықтан құрмалас сөйлем компоненттерінің орын тəртібі конситу-
ацияны, сөйлеушінің тілдік қатынас кезіндегі белгілі бір күйін айқын-
дауға мүмкіндік береді, соған сəйкес компоненттер арасындағы қатынас
пен сөйлем семантикасында болатын өзгерістерге өз ықпалын тигізеді
деп қорытынды жасауға болады.
Ғалым Р.Əмір құрмалас сөйлем жүйесінде актуализациялау компо-
ненттерді орналастыру тəртібінен көрінетіндігін, сөйтіп құрмалас сөй-
лемнің компоненттері үш түрлі орын тəртібі бойынша орналасатынын
көрсетеді:
1) базистік орын тəртібі;
2) кірігу тəртібі;
3) инверсия тəртібі [46, 13 б.].
Ғалымның мақала көлемінде айтылған осы пікірі үлкен ойға жетелей-
ді. Расында да сөйлеуші сөйлемді айту барысында сөйлем мүшелерін,
компоненттерді белгілі бір тəртіппен орналастырады. Бұл – кездейсоқ,
адам санасынан тыс болатын құбылыс емес. Сондықтан сөйлем жү-
йесіндегі орын тəртібі мəселесі белгілі бір коммуникативтік талаптан,
айтушының ой жеткізу мақсатынан туындаған құбылыс деп санауымыз
керек. Айталық:
Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда
қалған аттың бір ескі тағасы жатыр екен (Ы.Алтынсарин).
Автордың сөйлем компоненттерін осылай құрудағы басты мақсаты –
алдымен, əкелі-балалы екеудің жаяу келе жатқанын баяндау, содан кейін
тыңдаушы назарын жаңа оқиғаға аудару – жолда ескі тағаның жатуы. Бұ-
дан əрі оқиға осы ескі тағаға байланысты өрбиді. Ал егер айтушы үшін
маңыздырағы – əкелі-балалы екеудің жаяу келе жатқанда көруі болса,
сөйлем компоненттері басқаша орын тəртібіне ие болады:
Жолда қалған
аттың бір ескі тағасы жатыр екен, оны бір адам он жасар баласын
ертіп, егіннен жаяу келе жатқанда көреді.
Осылайша компоненттердің де, сөйлем мүшелерінің де орнын ауыс-
тыру арқылы айтушы мақсатына сəйкес сөйлем мəнін құбылтып айтуға
болады. Сондықтан профессор Р.Əмірдің пікірін қолдай отырып, құрма-
лас сөйлемдегі компоненттердің орын тəртібін базистік, кіріккен жəне
инверсияланған деп бөлеміз. Ең бастысы – бұлардың қай-қайсысы да
коммуникативтік талапқа сай туындайтындығы.
Құрмалас сөйлем компоненттерiнiң орналасуында белгiлi бiр тəртiптiң
болуының өзiндiк бiр себептерi бар. Өйткенi құрмалас сөйлем компонент-
терiнiң баяндауыш формасы, интонациясы жəне мағыналық қарым-қаты-
настары жағынан өзара тең емес жəне сөйлем аяқталған ойды бiлдiретiн-
дiктен, тиянақты компонент сөйлем соңында тұруы шарт. Бұл жағдайлар
құрмалас сөйлем компоненттерiнiң орын тəртiбiнiң тұрақтылығын жəне
жай сөйлемдi құрмаластыруда шешушi рөл атқаратынын көрсетедi.
Достарыңызбен бөлісу: