192
193
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
Жай сөйлемдердiң бiр-бiрiмен баяндауыш формасының тиянақсыз-
дығына қарай құрмаласуы – қазақ тiлiнде құрмалас сөйлем жасаудың ең
өнiмдi тəсiлi. Құрмаластың iшiнде сабақтас құрмаластар тек осы тəсiл
арқылы жасалады деуге болады. Бағыныңқы компонент баяндауышы
төмендегi формада тұрады:
а) көсемше;
ə) есiмше;
б) шартты рай жəне басқа етiстiк формалары.
а) Жай сөйлемдердiң көсемше арқылы құрмаласуы. Əрi қимылдың
өзiн, əрi қимылдың амалын бiлдiретiн етiстiктiң ерекше түрi болып сана-
латын көсемше сөйлемде екі түрлi синтаксистiк қызмет атқарады:
1) пысықтауыш; 2) баяндауыш.
Көсемшелердiң құрмалас сөйлем жасаудағы рөлi оның бағыныңқы-
ның баяндауышы қызметiн атқаруынан көрiнедi. Көсемше – етiстiктiң
тиянақсыз түрi. Бұлар құрмаластың өзi баяндауыш болып келген бөлше-
гiн екiншi компонентке бағындыра байланыстырады да, ол бөлшектердiң
бiрлiкте, тұтастықта болуын қамтамасыз етедi. Сөйтiп көсемшелер əрi
дəнекерлiк қызмет атқарады.
Көсемшелердiң iшiнде сабақтас құрмаластың бағыныңқы компо-
нентiнiң баяндауышы қызметiнде жиi қолданылатыны жəне өзi ба-
яндауыш болып келген компоненттi тиянақты компонентпен əртүрлi
мағыналық қатынаста құрмаластыратын
-ып, -iп, -п жұрнақты түрi. Өт-
кен шақтық көсемшенiң дəнекерлiгi арқылы жасалатын сабақтас құр-
малас сөйлемдердiң бiрсыпыраларында тиянақсыз компонент тиянақты
компонентке тек тұлғалық жағынан өз дербестiгiн сақтап басыңқы сөй-
лемнiң ешбiр мүшесiне меңгерiлмей, онымен жарыса, салаласа айты-
лады.
Жай сөйлемдердi бiр-бiрiмен құрмаластыруда
-а, -е, -й жұрнақты
көсемшенiң де өзiндiк рөлi бар. Бұл тұлғадағы көсемшелерде тиянақсыз-
дық сипат басым болғандықтан, бағыныңқының мұндай тұлғалы баянда-
уышы əрi мағыналық, əрi тұлғалық жағынан тиянақсыз болады.
Аталған формалардан басқа жай сөйлемдi бiр-бiрiмен құрмаластыру-
да
-ғалы,
-гелі, -қалы, -келi жұрнақты көсемше қолданылады. Жай сөйлем
құрамында мезгiл не мақсат пысықтауыш қызметiнде жұмсалатын бұл
тұлға құрмалас сөйлем бағыныңқысы баяндауышы ретiнде тек соңғы
кезде (өте сирек) қолданылады.
Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы ретінде көсемшелер де жұм-
салады, əрі есімшеге қарағанда, қосымша элементтерді қажет етпейді.
Құрмалас сөйлемдегі көсемшенің қызметтері туралы айта келе, И.И.Ме-
щанинов “Сөйлемдегі негізгі компоненттің баяндауышындағы қосымша
элементтерінің біреуінің анықталған құрылымын білдіретін көсемше
құрмалас сөйлемнің жеке бір бөлігінің құрастырушысы ретінде көріне
алады. Сөйлемнің бөліп қарастырып отырған бөлігіндегі көсемше бұл
жерде де дербес, аяқталған мазмұн алмайды, тек негізгі сөйлемдегі баян-
дауыштың қызметін нақтылайды», – дейді де,
Асан оқуды бітіріп, əкесі
қуанды сөйлеміндегі баяндауыштың көсемше тұлғасында тұрғанын жəне
сөйлем мазмұны бағыныңқы əрекетті баяндап тұрғанын көрсетеді [49,
323 б.].
Б.Қапалбеков «Көсемше бағыныңқылардың дамып қалыптасуы мен
мағыналық түрлері» атты диссертациясында есімшелердің табиғатынан
тиянақты, жіктелу парадигмасында ІІІ жақ жалғауын керек етпейтін-
діктен, бағыныңқының баяндауышы болу үшін əртүрлі қосымшаларды
үстеп немесе септеулік шылауларды ертіп тиянақсызданатынын, көсем-
шелер сияқты жеке тұрып ешуақытта бағыныңқы сөйлемнің баянда-
уышы бола алмайтынын көрсетеді [50].
Көсемше формасы арқылы жасалатын құрмаластарға тіліміздегі қи-
мыл-сын бағыныңқылар, себеп, қарсылықты, шартты, мезгіл, мақсат
бағыныңқылар мен мезгілдес жəне салыстырмалы сабақтастар жатады.
Сабақтас құрмаластардың құрылуындағы көсемшенің қатысуы палео-
азиаттық тілдерде де байқалады. Көсемше формасы арқылы жасалған
бағыныңқы құрмалас сөйлемдердің құрамдас компоненттері біріктіруші
қатынаста болуы мүмкін. Бұл ауызекі тілдегі көсемшенің -п формасы
жазбаша тілге қарағанда кеңірек тараған жəне əртүрлілігімен байланыс-
ты айқындалатындығын ғалым Р.Əмір былайша көрсетеді: Көсемшелік
-п аффиксінің көмегімен құрылған біріктірушілік қатынас екі сөйлемге
қатысады, олардың біреуі қаламайтын қимылды білдірсе (сөйлемнің бұл
бөлігінің баяндауышы көсемше формасында құрылған), екіншісі сөйлеу-
шінің бағасын, реакциясын қамтиды:
Баланың сөзін сөз деп, о несі-ай
Достарыңызбен бөлісу: