200
201
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
тұлғасының ықшамдалуы нəтижесінде пайда болған қазіргі тұлғаның бас-
ты ерекшелiгi сол – ол, негiзiнен, бағыныңқы сөйлемнiң баяндауышы қыз-
метiнде жiктiк жалғауда тұрып, бастауышымен қиыса байланысуында.
Əдетте, жiктiк жалғауы өзi жалғанған сөзге тиянақтылық беретiн фор-
ма деп танылғанымен, шартты рай тұлғасына жалғанғанда бұл қасиетi
сақталмайды, сондықтан бағыныңқы жай сөйлемдi басыңқы жай сөй-
леммен құрмаластыру функциясын атқара бередi. Түркі жəне қазақ тілін
зерттеушілер (Ғ.А.Абдурахманов, Қ.Есенов) шартты рай тұлғасының
біртіндеп өз тиянақтылығын жойып, тиянақсыз, тəуелсіз қалыпқа өтіп
келе жатқанын айтады. Бағыныңқы жай сөйлем құрамындағы шартты
райдың өзге етiстiк тұлғасынан ерекшелiгi – оның жақтық формада ай-
тылып, өз бастауышымен қиысуында. Сондықтан да болу керек, кейбір
тілшілер құрмаластың осы тұлға арқылы байланысқан түрін салаластар-
дың қатарында қарастырды.
Сабақтас құрмаластардың құрылымындағы бағынуды білдіретін ең
тиімді тəсіл етістіктің шартты рай формасы болып табылады. Шартты
рай арқылы құрмаласқан сабақтастарға шартты, қарсылықты, мезгіл
бағыныңқылы сабақтастар мен салыстырмалы, түсіндірмелі сабақтастар
жатқызылып жүр.
Тілімізде шартты рай формасы арқылы жасалатын сырт құрылымы
жағынан құрмаластарға ұқсас тілдік бірліктер бар. Олар – қыстырмалар
мен тұрақты тіркестер. Мысалы:
- Жүр, Əбіл, тым құрыса, мені бригадаға апарып таста (М.Айымбе-
тов).
Нем кетіпті, айтса айтар, айтпаса қояр (С.Мұқанов).
Келтірілген екі сөйлем сырт құрылысы жағынан шартты райлы құр-
маласқа ұқсағанымен, алғашқы сөйлем – қыстырмалы сөйлем де, екін-
шісі – тұрақты тіркесті сөйлем. Мұндайда құрмалас баяндауышы құра-
мындағы шартты рай финитті тұлға ретінде танылады, дəлірек айтсақ,
өзі жалғанған сөзге шарттылық мəн беріп, қос компонент «шарт-нəтиже»
ыңғайында құрылады.
Шартты рай формасы шартты, қарсылықты, салыстырмалы, мезгіл,
түсіндірмелі, ыңғайлас мəнді құрмаластарды байланыстыру функция-
сында жұмсалады.
Шарт мəнді құрмалас:
Сен əлі жассың. Алдымен баллада жазып көр.
Егер ұнаса, маған кел, – деп жауап берді Моцарт (О.Бодықов).
Қарсылықты мəнді құрмалас:
Басқалар өзін көрсеткісі келсе, бұл
көбінше үндемейтін (С.Сарғасқаев).
Салыстырмалы мəнді құрмалас:
Балапандарының тұмсығы тік бол-
са, үлкендерінің тұмсығы имек келеді («Парасат»).
Мезгіл мəнді құрмалас:
Көздері жəудіреп, беттері қызарған күйде
лезде трамвайға енсе, алдында толық денелі орыс кондуктор тұр («Ана
тілі»).
Түсіндірмелі мəнді құрмалас:
Істеген ісіне ой жіберіп қараса, ол
адалдықтан аттамаған («Қазақ əдебиеті»).
Ыңғайлас мəнді құрмалас:
Анасы жұмысқа кіріссе, екі ортаға бұл
жүгіруге жарап қалған (О.Бодықов).
Құрмалас сөйлем компоненттерін байланыстыру амал-тəсілдері мұ-
нымен бітпек емес. Тіл үнемі даму үстіндегі қоғамдық құбылыс болған-
дықтан, уақыт талабына сай сөйлем құрылымында, сөз бен сөзді, сөйлем
мен сөйлемді байланыстыруда айтарлықтай өзгерістер болып тұратынын
ғалымдар жоққа шығармайды.
Достарыңызбен бөлісу: