Синтаксистік парадигмалар


-сурет. Құрмалас сөйлемнің түрлері



Pdf көрінісі
бет187/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

1-сурет. Құрмалас сөйлемнің түрлері
Компонент санына қарай
                         
 Екі құрамды құрмаластар
Көп кұрамды құрмаластар
                                                                                    
Салалас 
құрмалас
Сабақтас 
құрмалас 
(1) Көп компонентті салалас
(2) Көп бағыныңқылы сабақтас
(3) Аралас құрмалас
3.5.3 Екі құрамды құрмаластар: түрлері жəне түйткілді мəселелер
Жалпы  құрмалас  сөйлемнің  компоненті  деп  қандай  сөйлемді  тану 
керек?  Ортақ  бастауышты  сөйлемдерді  құрмалас  сөйлем  деп  танимыз 
ба? Əлде мұндай ұстанымды құрмалас түрлеріне саралай қолданған жөн 
бе? Бұл сұрақтар – қазіргі құрмалас сөйлемдер синтаксисіндегі ең өзекті 
мəселелердің бірі. Аталған проблеманы шешу үшін қазақ тіл білімінде 
талай пікірталастар өрбіді. 
Қазақ  тіл  біліміндегі  құрмалас  сөйлемге  байланысты  ең  айқын, 
шешімін  тапқан  мəселе – тұтас  сөйлем  құрамындағы  компоненттердің 
салаласа  жəне  сабақтаса  байланысуы.  Алғашқы  компонент  баяндауыш 
формасының  тиянақты,  тиянақсыздығына  қатысты  бұл  мəселе  толық 
шешімін  тапқанымен,  қандай  сөйлемді  құрмалас  сөйлем  деп  танимыз, 
оралымды  сөйлемдерден  айырмашылығы  қандай  деген  мəселелер  əлі 
де айқындауды қажет етеді. Бұл, əсіресе, сабақтас құрмалас сөйлемдер-
ге қатысты. Өйткенi құрмалас сөйлемдегi айқындалмаған мəселелердiң 
көпшiлiгi  оның  сабақтас  түрiмен  байланысты  келедi.  Сабақтас  сөй-
лемнiң құрмаласуы оның бағыныңқы компоненті арқылы қалыптасады. 
Түркiтанушы  ғалымдар  арасында  бағыныңқы  сөйлемдердi  ажыратуда 
пiкiр алшақтықтары орын алып келедi. Аталған мəселе алғаш рет 1956 
жылы түркітанушылардың Алматы қаласында өткен жиынында арнайы 
талқыланып, кейін 1958-1959 жылдары «Қазақ тілі мен əдебиеті» жур-
налында жалғасын тапты. Ғалымдардың бiрiншi тобы бағыныңқы сөй-
лемдi айқындауда бастауыш меже бола алмайды дейдi де, олар сөйлемнiң 
сабақтас  екенiн  ажыратуда  бастауышты  негiзгi  тiрек  қылмай,  баянда-
уышқа арқа сүйейдi. Сондықтан олар сөйлем компоненттерiнен айырым
бастауыштарды  талап  етпей,  баяндауыш  мүшенiң  болуын  басшылық-
қа  алады.  Мұндай  iлiмдi  жақтаушылардың  қатарына  Н.П.Дыренкова,
А.Н.Баскаков, 
Т.А.Бертагаев, 
А.З.Абдуллаев, 
С.А.Аманжолов,
М.Б.Балақаев т.б. жатқызуға болады. Олар бағыныңқы сөйлемнiң крите-
риiн айқындауда баяндауыш мүшенi ең басты меже ретiнде ұсынып, баста-
уыштың əр компонентте болуын мiндеттi етпей, ортақтаса айтылуын көр-
сетедi. Ғалымдардың екінші бiр тобы бастауышты бағыныңқы сөйлем түр-
лерiнде саралай қолдануды ұсынады (Г.Сагибатталов, А.М.Пешковский, 
С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев, Ғ.Бегалиев т.б.). Олар бағыныңқы сөйлемнiң 


212
213
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
бiр түрлерiнде бастауыштың болуын шарт деп қараса, ендi бiрiнде оны мiн-
деттi деп санамайды. Бағыныңқы сөйлемдегi бастауышты саралай қарау
ортақ бастауыш iлiмiмен байланысып жатады, яғни бағыныңқының кей-
бiр түрлерiнде ортақ бастауыштың болуын терiске шығармайды. Айта-
лық,  С.Жиенбаев  ортақ  бастауышты  құрмаласқа  шартты  бағыныңқы-
ны, Ғ.Бегалиев шартты, қарсылықты бағыныңқыларды, Н.Т.Сауранбаев 
шартты,  қарсылықты  жəне  мақсат  бағыныңқыларға  тұрлаулы  мүше-
лердiң қажет екендiгiн көрсете отырып, кейде бастауыштың сөйлем ком-
поненттерiне ортақ болып келетiндiгiн де айтады.
  Ғалымдардың  үшiншi  тобы  бағыныңқылардың  барлық  түрiнде 
бастауыштың  міндетті  болуын  жақтайды.  Профессорлар  Г.Абдурахма-
нов,  М.З.Закиев,  Т.Қордабаев,  Қ.Есеновтер  қолдаған  бұл  көзқарас  бо-
йынша құрмалас сөйлемнiң əр компонентiнде бастауыш-баяндауыштық 
қатынастың болуы шарт. Тiптi жiктiк жалғауында қиыса айтылған шарт-
ты бағыныңқының өзiнiң де басыңқы компоненттен бөлек бастауышы 
болуын талап етедi. Егер сөйлемде қимыл иесi ортақ болса, ондай сөй-
лемдi  жай  сөйлем  құрамында  қарау  керек  екендiгiн  көрсетедi.  Қазақ 
тiлiнде мұндай сөйлемдердi Қ.Есенов жай сөйлемнiң күрделенген түрi 
деп атайды.
Бұл  жайт  қазақ  тiлi  бағыныңқыларын  саралауда  “предикаттық  қа-
тынас” болсын деген тұжырымның бiр жақты екендiгiн көрсетедi, сон-
дықтан  бағыныңқы  сөйлем  субъект-предикаттық  қатынасқа  негiзделуi 
керек.  Сабақтас  құрмалас  сөйлемдi  айқындауда  бұл  басты  меже  болып 
саналады.
Ғалым  Қ.Есенов  пен  оның  шəкірттері  зерттеген  есімше  оралымды, 
көсемше  оралымды  күрделенген  сөйлемдердің  ғылыми  айналымға  ен-
генін біле тұра, осындай құрылымды сөйлемдерді əлі де құрмалас сөйлем 
деп тануымыз оқушы тұрмақ, ғалымдарды да шатастыруда. Сондықтан 
құрмалас сөйлемді тануда субъект-предикаттық қатынастың болуын мін-
детті  деген  ұстаным  осындай  олқылықтардан  арылуға  септігін  тигізер 
еді. 
Егер  құрмалас  сөйлемді  кемінде  екі  жай  сөйлемнің  салаласа  не  са-
бақтаса  байланысуы  деген  қағидаға  сүйенсек,  құрмалас  құрамындағы 
атаулы сөйлемдер де, бөлшектелген сөйлемдер де, осы секілді күрделен-
ген сөйлемдер мен телінбе компонентті құрылымдар да сол талапқа жау-
ап береді. Егер күрделенген сөйлемдерді бір компонентінде субъект-пре-
дикаттық  қатынасы  бар,  екіншісі  жартылай  предикаттық  қатынасқа 
құрылғандықтан,  құрмалас  сөйлемдер  аясында  қарастыруға  келмейтін 
тілдік құрылым деп танитын болсақ, жоғарыда аталған сөйлемдерді сол 
деңгейде қарастырған жөн. Өйткені құрмалас сөйлемге тəн деп санала-
тын «əр компоненттің субъект-предикаттық» қатынасының болмауы бұл 
мəселеге байыппен қарауды талап етеді.
Қазақ тіл білімінде күрделенген сөйлем мəселесі де біршама зерт-
телді.  Профессор  Қ.Есенов  бір  бастауышқа  телінген  сөйлемдерді 
күрделенген  сөйлемдер  деп  таниды.  Мысалы:  Ақсүйектiң  ақсүйегi 
саналған перғауындар, негiзiнен, елдiң iшкi жəне сыртқы саясатына 
араласып,  билiктiң  екi  тiзгiнiн,  бiр  шылбырын  қолдан  шығармаған. 
Мұнда  перғауындар – екі  сөйлемде  айтылған  ойға  ортақ  субъект  əрі 
бастауыш.
Ал жақтық тұлғадағы, соған сəйкес субъект-предикаттық қатынасқа 
негізделген,  бір  негізді  құрылымдардың  барлығы  құрмалас  сөйлемнің 
компоненті бола алады. Мысалы:
Ə, бəлем, қытығыңа тидім-ау деймін, қызараңдауын! (С.Сарғасқаев).
Келе алмасаң, амал не, аулымызға қарай қайқая береміз! Ұяты өзіңе 
келіп жүрсе, өкпелемессің! (Ғ.Мүсірепов).
Осыған  орай,  екі  компонентті  құрмалас  сөйлем  мен  оны  құраушы 
компоненттердің қатынасын төмендегідей формуламен беруге болады:
а) S +P / S + P: Нəтижесінде, ХІV-ХV ғасырларда қазіргі Қазақстан 
аумағында  тұрақтап  қалған  қазақ  халқы  қалыптасып,  мұнда  хандық 
билік нысанындағы феодалдық мемлекет орнықты (ҚР мемлекеті мен 
құқығының негіздері).
ə) S
0
 +P / S + P: Осы бір кішкене тірлікте араласып тұрдық, Бəкең 
үйімізде талай болған-ды (Т.Төреханов). S

- біз
б) S +P / S
0
 + P: Бала-шағаңыз аман-есен келіп, көзайым болдыңыз ба? 
(М. Қожахметова). S

- сіз
в) S
0
 +P / S
0
 + P: Шаршадым білем, (S
0
 – мен) 
Жантая кеткім келеді (М.Мақатаев). (S
0
- менің) 
Мұндағы S – субъект, P – предикат, S
0
 – нольдік субъект, яғни лексика-
лық тəсілмен берілмеген субъект. Бұл субъект контексте өзге сөйлемнің 
құрамында тұруы да мүмкін. Сондай-ақ бір субъектілі дубль-бастауышты 
сөйлемдер де құрмалас сөйлем ретінде танылады.
Ал төмендегі формуламен берілген сөйлемдер құрмалас сөйлем бола 
алмайды:
а) [S + P] + P: Пайда  болған  мемлекеттер  шығыстың  деспоттық 
үлгісімен  құрылды  жəне  өзінің  қол  астындағы  азаматтарына  айтар-
лықтай  билік  жүргізе  алатын  (ҚР  мемлекеті  мен  құқығының  негіз-
дері).
ə) S + [S/ S
0
 + P]: Шалқып-толқыған əлди-əлем, əлди-жер, сонда бүт-
кіл аң-құс, жануар жасыл баққа жиналып сырласады (М.Қожахмето-
ва).
б) [S/S
0
 + P] + S: Қағынан жеріді деп қарғама, ата қоныс, қара қыс-
тау! (Қ.Жұмаділов).
в) Х + [S/ S
0
 + P]: Неге екені белгісіз, сол күні терістіктен қатты жел 
соқты (Д.Досжан).


214
215
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
г) [S/S
0
 + P] + Х: Өзіңді көріп, жастығымды сағындым, толқыны дөң-
бекшіген Сырдария... (О.Бодықов).
Мұндағы  тік  жақша  субъект-предикаттық  қатынастағы  компонентті 
бейнелейді. А тобына ортақ субъектілі құрылымдар, Ə, Б тобына субъ-
ектілік ыңғайдағы жай сөйлемдер мен субъект-предикаттық қатынастағы 
жай сөйлем тіркесімі жатады. В, Г топтарындағы Х айнымалысы негізгі 
сөйлемге қатысы бар, бірақ құрмалас сөйлемнің жеке компоненті ретінде 
танылмайтын  құрылымдар.  Бұл  іспеттес  құрылымдарды  ғалым  Р.Əмір 
телінбе қомпонентті құрмаластар деп таниды.
Екі компонентті құрмаластардың компоненттері өзара салаласа не са-
бақтаса байланысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет