Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет188/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Салалас  құрмаластардың  баяндауыш  формалары  тиянақты  тұлға-
да  тұрады.  Дəлірек  айтсақ,  тұлғалық  тиянақтылығы  айқын  сөйлемдер. 
Бірақ бір бүтіннің құрамындағы бөлшек болғандықтан, мағыналық тия-
нақтылық бола бермейді, бірінші компонент пен екінші компонент ара-
сында  екі  компоненттің  байланысын  айғақтайтын  элементтер  болады. 
Мысалы: Ағайын – ащы, мал – тұщы. Ағасы ақылдының ауылы азбайды, 
Жеңгесі  шебердің  жеңі  тозбайды.  Бақытжан  үйде  жоқ  еді,  ал  менің 
қастарына барып тұра қалуға ынтыққанымды айтпаңыз (З.Ахметова).
Салалас  құрмалас  компоненттерін  байланыстыруда  лексика-семан-
тикалық тəсілдердің (мағыналық тұтастық, есімдік, үстеулер (қатыстық 
сөздер, анафоралық, катафоралық элементтер), лексикалық қайталау, ық-
шамдау, ассоциативті синонимдік байланыстар, ассоциативті антонимдік 
байланыстар), сондай-ақ аналитикалық-синтетикалық тəсілдердің ішінде 
орын тəртібі мен интонация, шылаулардың ролі зор. Ал грамматикалық 
(синтетикалық) тəсіл, негізінен, сабақтас құрмаласқа тəн боп саналады. 
Ал сабақтас құрмалас сөйлемдердің бағыныңқысының баяндауышы 
тиянақсыз тұлғада келіп, басыңқы сыңармен байланысады. Салалас пен 
сабақтастың  арасындағы  айырмашылық – олардың  компоненттерiнiң 
құрмаласу  тəсiлiнде,  мағыналық  байланыстарында,  интонациялық  құ-
былыстарында,  компоненттердiң  негiзгi  екi  мүшесiнiң  бiр-бiрiмен  син-
таксистiк қатынастарында, əсiресе компоненттердiң баяндауыш форма-
сында. 
Сабақтас сөйлемнiң құрмаласуы оның бағыныңқы компоненті арқылы 
қалыптасады. Түркiтанушы ғалымдар арасында бағыныңқы сөйлемдердi 
ажыратуда пiкiр алшақтықтары орын алып келедi. Ғалымдардың бiрiн-
шi  тобы  бағыныңқы  сөйлемдi  айқындауда  бастауыш  меже  бола  алмай-
ды  дейдi  де,  олар  сөйлемнiң  сабақтас  екенiн  ажыратуда  бастауышты 
негiзгi  тiрек  қылмай,  баяндауышқа  арқа  сүйейдi.  Сондықтан  олар  сөй-
лем компоненттерiнен айырым бастауыштарды талап етпей, баяндауыш 
мүшенiң  болуын  басшылыққа  алады.  Мұндай  iлiмдi  жақтаушылардың 
қатарына  Н.П.Дыренкова,  А.Н.Баскаков,  Т.А.Бертагаев,  А.З.Абдуллаев, 
С.А.Аманжолов, М.Б.Балақаев т.б. жатқызуға болады. Олар бағыныңқы 
сөйлемнiң  критерийiн  айқындауда  баяндауыш  мүшенi  ең  басты  меже 
ретiнде  ұсынып,  бастауыштың  əр  компонентте  болуын  мiндеттi  етпей, 
ортақтаса  айтылуын  көрсетедi.  Ғалымдардың  келесі  тобы  бастауышты 
бағыныңқы сөйлем түрлерiнде саралай қолдануды ұсынады (Г.Сагибат-
талов,  А.М.Пешковский,  С.Жиенбаев,  Н.Сауранбаев,  Ғ.Бегалиев  т.б.). 
Олар бағыныңқы сөйлемнiң бiр түрлерiнде бастауыштың болуын шарт 
деп қараса, ендi бiрiнде оны мiндеттi деп санамайды. Бағыныңқы сөй-
лемдегi бастауышты саралай қарау – ортақ бастауыш iлiмiмен байланы-
сып жатады, яғни бағыныңқының кейбiр түрлерiнде ортақ бастауыштың 
болуын терiске шығармайды. Айталық, С.Жиенбаев ортақ бастауышты 
құрмаласқа  шартты  бағыныңқыны,  Ғ.Бегалиев  шартты,  қарсылықты 
бағыныңқылы, Н.Т.Сауранбаев шартты, қарсылықты жəне мақсат бағы-
ныңқыларды сөйлемдегi тұрлаулы мүшелердiң қажет екендiгiн көрсете 
отырып, кейде бастауыштың сөйлем компонентiнде ортақ болып келетiн-
дiгiн де айтады.
Ғалымдардың  үшiншi  тобы  бағыныңқының  барлық  түрiнде  баста-
уыштың  қажеттiгiн  көрсетедi.  Мұндай  көзқарасты  М.З.Закиев,  Т.Қор-
дабаев, Қ.Есеновтер қолдайды. Олар құрмалас сөйлемнiң əр компонент-
терiнде  бастауыш-баяндауыштық  қатынастың  болуын  жақтайды.  Тiптi 
жiктiк жалғауында қиыса айтылған шартты бағыныңқының өзiнiң де ба-
сыңқы компоненттен бөлек бастауыш болуын талап етедi. Егер сөйлемде 
қимыл  иесi  ортақ  болса,  ондай  сөйлемдi  жай  сөйлем  құрамында  қарау 
керек  екендiгiн  көрсетедi.  Қазақ  тiлiнде  мұндай  сөйлемдердi  Қ.Есенов 
жай сөйлемнiң күрделенген түрi деп атайды.
Бұл  жайт  қазақ  тiлi  бағыныңқыларын  саралауда  “предикаттық  қаты-
нас болсын деген тұжырымның бiр жақты екендiгiн көрсетедi, сондықтан 
бағыныңқы сөйлем” субъект-предикаттық қатынасқа негiзделуi керек. Са-
бақтас құрмалас сөйлемдi айқындауда бұл басты меже болып саналады.
Сонымен, сабақтас құрмаластың бағыныңқы компонентiн айқындау-
да мынадай белгiлер негiзге алынады:
– компоненттiң белгiлi шамада сөйлемдiк мағына дербестiгi болады, 
яғни бұл компонент;
–  тұлғалық  жағынан  тиянақсыз  болғанымен,  толық  сөйлемдiк 
мағынаға ие болады;
–  баяндауыш  формасы  есiмше,  көсемше,  шартты  рай  тұлғаларымен 
бiрге шылаулардың тiркесуi арқылы жасалып, шартты рай тұлғалы баян-
дауыштан басқасы өз бастауыштарымен жақтаспайды;
– бағыныңқы компонент дербес бастауышты болады;
– бағыныңқы компонентке тəн интонация тиянақталмаған интонация.
Сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  бағыныңқы  компонентінің  баянда-
уышы төмендегi формада тұрады:


216
217
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
а) көсемше
ə) есiмше
б) шартты рай жəне басқа етiстiк, есім формалары.
Жай  сөйлемдердi  құрмаластыру  амал-тəсiлдерiнiң  аталған  түрлерi 
автономды,  жеке  тұрып  қана  белгілі  функция  атқаратын  форма  емес, 
қайта бұл тəсiлдер бiр-бiрiмен ұштасып, бірін-бірі толықтырып отыра-
ды, нəтижесінде бір-бірімен əрі семантикалық, əрі тұлғалық жағынан 
үйлесе  байланысқан  құрмаластар  қалыптасады.  Тіліміздегі  құрмалас 
сөйлемдер аталған тəсіл түрлерінің бірі не бірнешеуі арқылы байланы-
сады.
Құрмалас сөйлемнiң салалас түрi мен сабақтас түрлерiнiң арасында 
мынандай өзгешелiктер бар: 
– салалас құрмалас сөйлем компоненттерiнiң баяндауыштары тұлға-
лық жағынан тиянақты формада айтылады да, сабақтас құрмалас сөйлем 
компонеттерiнiң алдыңғылары тиянақсыз формада айтылып, тек соңғы-
сы ғана тиянақты формада болады;
– салалас құрмаластың баяндауыштары тең дəрежеде, теңдiк қатынас-
та  тұрып,  салаласа  байланысса,  сабақтас  құрмаласта  бағыныңқы  ком-
понент баяндауышы басыңқы компонент баяндауышына бағына байла-
нысады;
– салалас құрмаластың жай сөйлемнен кейiн болатын интонациялық 
кiдiрiсi едəуiр тиянақты болады да, сабақтас құрмалас сөйлем компонент-
терi арасындағы интонация тиянақсыз, елеусiз, көбінесе ұласпалы болып 
келедi;
– салалас құрмалас компоненттерiнiң баяндауыштары өз бастауышта-
рымен  қиыса  байланысса,  сабақтас  құрмалас  сөйлем  компоненттерiнiң 
баяндауыштары өз баяндауыштарымен үнемі қиыса бермейді;
– салалас құрмалас сөйлем компоненттерiн бiр-бiрiмен құрмаластыру 
үшiн  жалғаулық  шылаулар  қолданылады,  ал  сабақтас  құрмалас  сөйлем 
компоненттерiн құрмаластыруда септеулiк шылаулар қолданылады;
– салалас құрмалас сөйлемнiң бірінші компонентi екінші компонентке 
тұлғалық  жағынан  тəуелсiз  болып  келсе,  сабақтас  құрмалас  сөйлемнiң 
бағыныңқы компоненттерiнiң көпшiлiгi өзi бағынып тұрған компонентке 
тұлғалық жағынан бағынышты болып келеді. Ал салалас, сабақтас құр-
маластардағы  мағыналық  тəуелділік  немесе  тəуелсіздік  компоненттер 
арасындағы синтаксистік қатынастар негізінде анықталып, функционал-
дық-семантикалық топтардың түзілуіне ықпал етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет