3.5.4 Көп компонентті құрмаластар Құрамындағы компоненттер саны екіден көп болатын көп компо-
нентті құрмалас сөйлемдердің екі компонентті құрмаластардан басты
айырмашылығы – құрамындағы компоненттердің санында. Үш немесе
одан да көп компоненттерден құралып, ол компоненттер бір-бірімен өза-
ра салаласа не сабақтаса немесе осы екі байланыс түрінің араласа келуі
арқылы байланысады. Осыған орай оның үш түрі бар:
1) Көп компонентті салаластар;
2) Көп бағыныңқылы сабақтастар;
3) Аралас құрмаластар.