210
211
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
ды деген пікір тумаса керек. Өйткені сөйлемнің логикалық жүйесі, син-
таксистік мағынасы, коммуникативтік мақсаты – бəрі-бəрі оны құрайтын
элементтерге тікелей қатысты. Бұл жөнінде М.Балақаев: «Құрмалас сөй-
лем мағыналық жəне тұлғалық жақтарынан алғанда жалпы алғанда тұтас
бір бүтін болғанымен, ол жеке сөйлемдерден құралады. Алайда сол жеке
сөйлемдер құрмаластың қарамағында мағыналық жəне интонациялық
тиянақсыз қалыпқа түседі. Əдеттегі жай сөйлемдерге қарағанда негізгі
бір айырмашылығы – осы [12, 219 б.].
Құрмалас сөйлемге қатысты түпкілікті маңызы бар мəселенің бірі –
компонент жəне жай сөйлем ұғымдарының арақатынасы. Құрмалас сөй-
лемнің құрылымдық бірлігі ретінде жай сөйлемдерді танығанымызбен,
кез келген жай сөйлем компонент дəрежесіне көтеріле ала ма? Егер осы
мəселе айқындалса, ортақ субъектілі құрылымдар мəселесі де шешілер
еді.
Ал құрмаластардың компоненті өзара субъект-предикаттық қатынас-
қа негізделген жай сөйлемдер (предикативті бірліктер) болуы тиіс. Ал
мұндай қатынасқа жетпеген немесе ортақ субъектілі жай сөйлемдердің
байланысы құрмалас сөйлем деп аталатын күрделі тілдік бірлікті өзді-
гінен құрай алмайды.
Құрмалас сөйлем компоненті –
кез келген жай
Достарыңызбен бөлісу: