258
259
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
3) Жедел өткен шақ+ екен
4) өткен шақ етістігі +
ба, бе, ма, ме (айттым ба);
5) бұйрық рай формасындағы етістік баяндауышы (
-сыншы, / - сінші)
[81, 52-54 бб.].
Төмендегі шарт мəнді сөйлемдердің баяндауыш формалары əртүрлі.
Туысыңа қатты сөз айттың бар ғой, ертең бетін көруден қаласың.
Демек, тарихи жадының тар шеңберiнде қалсақ, ұлт ретiнде жақ-
сылыққа жолықпаймыз. Ал оны ұмытсақ, рухани мəңгүртке айналуымыз
ғажап емес. Мiне, осындай ес жиғызар, ертеңiңдi ойлатар принциптер
болмаса, көрген, түйгенi көп бұл дала «ауыл академиясы» деп атанбас
та едi ғой (Ш.Айтматов).
Сəрсенбай əулиеге құран шығартсам, адам қалпыңа келер ме едің,
құлыным (Д.Досжан). Ертең ертелеп өзіме кел, осында кеңседе бір тəуір
қызметке қоямын.
Шарт мəнді сөйлемдердегі компоненттер арасындағы мағыналық қа-
тынас төмендегіше көрінеді:
1) шарт – орындалатын нəтиже;
2) шарт – орындалмаған нəтиже (қимыл-əрекет);
3) шарт – орындалу-орындалмауы белгісіз нəтиже (қимыл-əрекет).
Бұл мағыналық қатынас барлық тілдерде де бар. Осыған орай, шарт
мəнді сөйлемдерді, оның ішінде шартты бағыныңқыны мағыналық
жақтан кейбір зерттеулерде үш түрге (реалды, ирреалды, болжалды)
ажыратылса, ендi бiрде екiге бөлiп (реалды, ирреалды) қарастырады.
Біздіңше, құрмаластарды таптастыруда кездесетін мұндай ала-құлалық
тағы да ұстанымның нақтыланбауынан деп санаймыз. Олай болатын се-
бебі, сөйлемді реалды, ирреалды деп бөлу семантикалық ұстанымға не-
гізделсе, болжау – модальдік санатының көрсеткіші. Сондықтан болжал-
ды (оппозициясы – нақты) сөйлемдер – сөйлемнің модальдік сипатына
қарай бөлінетін түрі. Адамзат болжауды оқиғаның жүзеге асу-аспауына
қарай жасайды. Сондықтан тіліміздегі болжалды сөйлемдерді ішкі се-
мантикалық ерекшелігіне қарай реалды болжалды, ирреалды болжалды
сөйлемдер деп бөлген дұрыс деп санаймыз.
Реалды шарт мəнді сөйлемдерде хабарланған оқиғаның мазмұнынан
iс-əрекеттiң орындалғаны не орындалатыны белгiлi болып тұрады.
Шартқа негiзделген оқиғаға нəтиженiң болмысы қайшы келмейдi. Мыса-
лы
: Еңбек етсең ерiнбей, тояды қарның тiленбей (Абай). Əйелің жақсы
болса, қонағың мен үйіңнің тұрағы. – Жиен, біздің ауылға жүр, ат-ша-
паның дайын («Ел аузынан»).
Ирреалды шарт бағыныңқыда шартқа негiзделген оқиғаның нəтиже-
сi iс жүзiнде жүзеге аспайды. Мысалы:
Шыныңды айтқаныңда, жазаң
да жеңілдеген болар еді.
Шарт бағыныңқының бұл түрлері өзге де түркі тілдерінде кездеседі.
Мысалы:
алтай тілінде: Билген болзом, тийбес едим (С.Сурзаков)
‘Біл-
ген болсам, тимес едім - Если бы (я) знал, не трогал бы’. Өзбек тілінде:-
Нима қилсинки, ёнида қора чақа йуқ (Ойбек Навоий)
- ‘Что ему делать,
если у него нет денег’.
Болжалды шарт мəнді сөйлемде шарттың көрiнiсi реалды берiледi
де, оның орындалу не орындалмау нəтижесi ықтимал, болжал түрiнде
берiледi. Мысалы:
Бар да, соларға қосыл, батырдың ұрпағына олардың
жүректері дауаламайтын шығар – ирреалды болжалды шарт мəнді сөй-
лем.
Достарыңызбен бөлісу: