Синтаксистік парадигмалар


Мақсат  мəнді  құрмаластар



Pdf көрінісі
бет217/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Мақсат  мəнді  құрмаластар.  Мақсат  дегеніміз  сол  сөйлеу  əрекеті 
кезінде  əлі  орындалмаған,  бірақ  əрекетті  тудырушы  нəтиже  болса,  сол 
əрекетті  тудырушы, «күтілетін»  нəтиже  себеп  болып  саналады.  Белгілі 
бір  мақсатқа  жетуді  қажетсіну  əрекетке  итермелейтін  себеп  болып  са-
налады. Бұл жөнінде А.П.Комаров: «Мақсат өткеннен қазіргі мен бола-
шаққа қайырылған жəне саналы түрде көзделген əрекеттің шарты бола-
тын  себеп», – дейді [80, 23 б.].  Тіл  дамуының  ертерек  кезеңінде  түркі 
тілдерінде  де,  үндіеуропа  тілдерінде  де  себеп  жəне  мақсат  бір-бірінен 
ажыратылмай  қолданылғандығын  дəйектейтін  тілдік  материалдар  бар. 
Түркітанушылар түрік, қазақ, қырғыз, өзбек, башқұрт, алтай тілдерінде 
үч түбірінен тарайтын септеуліктің күні бүгінге дейін əрі мақсат, əрі се-
беп мəнін білдіретіндігін айтады. 
Осылайша,  себеп  пен  мақсаттың  өзара  тығыз  байланысы  тілден 
көрініс табады. Сонда мақсат дегеніміз алдын ала ойластырылған, əре-
кеттің  күтілетін  нəтижесі  бола  отырып,  ол  бір  жағынан,  осы  əрекеттің 
себебі, яғни мақсатты əрекеттің себебі болып саналады.
Мысалы:
1 Əйгілі Көтібар батырдың да аулын жетік біліп, Көтібардың қапы-
да қаза болуына қайғысын білдіргісі келіп, жоқтау өлең шығарады («Ел 
аузынан»). 2 Түсінде болса да екеуі сөйлессінші, бірге болсыншы деп, мен 
Халиманы оятпадым (Ə.Нұршайықов).
 Сегіз серінің шешендігіне қатысты алынған бірінші сөйлемде ақын-
ның  неліктен  жəне  не  мақсатпен  жоқтау  өлең  шығарғандығы  туралы 
мəселе  қатар  өріліп  тұр.  Ал  екінші  сөйлемнің  бағыныңқы  сыңары  «Не 
мақсатпен оятпадым? Не себепті оятпадым?» деген сұрақтың жауабы бо-
лып, себеп жəне мақсат ұғымдарының тығыз байланысын көрсетіп тұр.
Дəстүрлі грамматикада туындап отырған қиындықтардың бірі – бір-
дей  тұлға  арқылы  жасалған  құрмаластардың  қай  топқа  жататындығын 
ажырату. Осы жерде сөйлем синтаксисі мен мəтін синтаксисінің байла-
нысы  келіп  шығады.  Мұндайда  мəтіннен  жекелеген  сөйлемдерді  бөліп 
алып,  құрылымдық  грамматика  дəстүрі  бойынша,  оқшаулай  талдау 
дұрыс нəтиже бере бермейді. 
Төмендегі мəтінге назар аударайық:
Қазақта  келін  түсірудің  қалыптасқан  дəстүрі  болады.  Келін 
түсіретін  ауылдың  қыз-келіншектер  мен  жастары  қыз  бен  күйеудің, 
оларды  шығарып  салуға  келе  жатқан  қыздың  туыстарының  алдынан 
шығып, ауылға жетпей қарсы алады. Қыз бен күйеу аттан түсіп, олар-
мен танысып, ауылға жаяу келіп, тосып тұрған жасы үлкен адамдарға, 
ақ самайлы аналарға иіліп сəлем жасайды. Ақсақалдар «Құс құтты бол-
сын,  құт-береке  ала  келсін,  үбірлі-шүбірлі  болсын»  дейтін  сияқты  ба-
таларын  береді.  Үйге  немесе  жекелеп  тіккен  отауына  кірген  келінді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет