288
289
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
Бертінде Б.Шалабай көркем мəтіндегі шумақтың функционалдық
типтерін нысанға алып іргелі зерттеулер жасады [14]. Ғалымның ізімен
шəкірттері де осы бағытта əртүрлі деңгейдегі зерттеулер берді [15].
Кейін жоғары оқу орындарына мəтін синтаксисінің, мəтін лингвисти-
касының енуіне орай оқу басылымдары жарық көрген («Қазақ граммати-
касындағы» (Астана, 2002) арнайы тарау, Г.Смағұлованың, Г.Айтжанова-
ның т.б. еңбектері).
Мəтіннің абзацтық мүшеленуі, семантика-интонациялық мүшеленуі
диссертациялық зерттеулерге нысан болды [16].
Қазақ тіліндегі шумақтарды орыс тілімен салғастырып зерттеуді
кезінде орыстың белгілі тілтанушысы И.А.Фигуровскийдің мəселе етіп
қойғанын ескерте кету артық болмайды [17].
Шумақ күрделі синтаксистік тұтастық деген атпен соңғы шыққан
«Қазақ грамматикасына» енгізілді. Бұл – шумақтың қазақ тіл білімінде
сөйлем сияқты өзіндік бөлекше бірлік ретінде жосық тапқанын көрсе-
теді.
Шумақты өзіндік бір синтаксистік деңгейдегі бірлік ретінде тану
үшін оны бұған ұқсас я шендес басқа бірліктермен салғастырып барып
ажыратқан жөн. Осы тұрғыдан келгенде біз оны алдымен құрмалас сөй-
леммен, абзацпен, мəтінмен, контекспен салғастыруға тиіс боламыз.
Достарыңызбен бөлісу: