286
287
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
де ықтимал. Ой тізбегі қалай да шексіз,
шетсіз созыла бермейді. Түйін-түйін бо-
лып, үзіліп, аяқталып, жаңадан басталып,
жалғасып отырады (З.Ахметов).
функционалдық сипатына қа-
рай үш типке бөлінеді: сипат-
тама (суреттеме), баяндау (əң-
гімелеу), дəлелдеме (ойталқы).
«Əуезе көбінесе үш тақтаға бөлінеді:
1) мəлімдеу, 2) мазмұндау, 3) қорыту. Де-
мек, «тақта», яғни, шумақтың қара сөзге
де тиесілі екенін аңғартады (А.Байтұр-
сынұлы).
Көбінесе күрделі синтаксистік тұтастық деп аталып жүрген бұл бір-
лікке қатысты пайдаланылып жүрген терминдер баршылық. Атап айт-
қанда: синтаксистік күрделі бірлік, микротекст, сверхфразовое един-
ство, сложное составное единство, сложное целое, период, абзац, текст,
прозаическая строфа (Г.Я.Солганик). Қазақ тіл білімі орыс тілі оқулықта-
рында қолданылып жүрген «сложное синтаксическое целое» аталымын
калькалап аударып алды. Шын мəнінде, «күрделі синтаксистік тұтастық»
деген тіркестің берер мағынасы бұл санатты дəл сипаттай алмайды. Өйт-
кені сөйлемнің, тіпті жай сөйлемнің, өзі күрделі бола алады, ол да син-
таксиске тəн, оның да тұтастық сипаты бар, ендеше «сөйлемді» де күр-
делі синтаксистік тұтастыққа жатқыза аламыз.
Қорыта келгенде айтарымыз – «шумақ» терминін əмбебап етіп (тіл
мен əдебиетке, поэзиялық мəтін мен прозалық мəтінге ортақ етіп) қолда-
нуға əбден болады. Оны өлең мəтініне ғана емес, жалпы мəтіннің бөлігі,
сөйлем мен мəтіннің арасындағы иерархиялық буын ретін қабылдау қа-
жет. Əрине, өлең синтаксисінің өзіндік ерекшелігін (тіпті, сөзбен сөзді
байланыстырудағы, сөздердің орын тəртібі мен ырғағындағы, ұйқасы
мен өлшеміндегі ерекшеліктерді) елемеуден аулақпыз. Ол арнайы жол-
дармен түсіндіріліп, пайымдалуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: