330
331
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
ІІ бөлім. Коммуникативтік парадигмалар
Р.Əмір жай сөйлемдерді топтауда сөйлеудегі ерекшеліктеріне баса
назар аударады. «Сөйлем болмыстағы қатынастарды білдіру үшін ғана
жұмсалмайды. Кісінің тіл арқылы қатынас жасауы пікір, ой айтумен
қатар екінші кісіден пікір білу, информация алу үшін сөйлеуіне немесе
басқа біреуді іске қосу, жұмсау мақсатына да байланысты болады. Сөйлеу-
дің осы мақсаттары тілде сөйлемнің тиянақты формалары арқылы көрі-
неді», – дей келе сөйлеу мақсатына қарай сөйлемдерді хабарлы, сұраулы,
бұйрықты, лепті деп жіктейді [11, 58 б.].
Қазақ тіл білімінде сөйлемдi коммуникативтік мақсатына қарай топ-
тауда ғалымдар арасында түрлі көзқарас бар. Байқап отырғанымыздай,
көптеген авторлар сөйлемдi хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лептi деп
4 топқа бөледi. Т.Н.Ермекованың айтуынша, соңғы кезде түркiтануда
сөйлемдi коммуникативтік мақсатына қарай үш түрге (хабарлы, сұрау-
лы, бұйрықты) бөлу ұстанымы орныққан. Хабарлы, сұраулы, бұйрықты
сөйлемнiң мазмұны эмоциялық мағынаға ұласуы да, ұласпауы да мүмкін
болғандықтан, лептi сөйлемді ғалымдар айрықша мағыналық тип ретін-
де таниды [12].
Ж.Д.Рапишева мен Ж.А.Тұрлыбекованың мақалаларында сөйлем-
дердің коммуникативтік типтерін оппозициялық жұптарда (хабарлы
сөйлем — бұйрықты сөйлем, хабарлы сөйлем — сұраулы сөйлем) қа-
растырғанда, сөйлемнің коммуникативтік типтерінің айырым белгілері
сөйлемнің актуалды мүшеленуіндегі айырмашылықтармен, яғни ай-
тылымның логикалық предикаттарын білдіретін ремалық компоненттер
сипатымен тікелей байланысты екенін айтады. Яғни «хабарлы сөйлемнің
ремасы белгілі бір оқиға, құбылыс, қасиет, дерек туралы тікелей хабар,
ақпар берсе, бұйрықты сөйлемнің ремасында сөйлеушінің талап етіп не-
месе қалап тұрған іс-əрекетінің мазмұны, яғни тыңдаушыны іс-əрекет-
ке итермелеу болады. Сұраулы сөйлемнің ремасында сұраққа жауап алу
көзделген, яғни тыңдаушыны жауап беруге, кері ремаға бағыттайды» [13,
21 б.]. Ал лепті сөйлемнің коммуникативтік-мақсаттық дəрежесі рема-
дан көрінбей, лептілік сөйлемнің қосалқы белгісі болатынын, сондықтан
осы белгі негізінде хабарлы, сұраулы, бұйрықты сөйлемдер екі нұсқада
беріле алатынына мына мысалдарды келтіреді:
–
Тоқтат, ақымақ! — Ғафу етіңіздер. Меймансыздар, кінə менен. –
Ал енді... келген іздеріңізбен кері қайтасыздар! [13, 21 б.].
Дегенмен лепті сөйлемдер қарым-қатынас кезіндегі сөйлеушінің
көңіл күйінің бір көрінісі арқылы туындайды. Ғалым Р.Əмір былай
дейді: «Сөйлемдерді айтылу мақсатына сай хабарлы, сұраулы, бұй-
рықты, лепті деп бөлуіміз – коммуникативтік талапқа сай құрылудың
бір көрінісі ғана. Коммуникативтік талаптар алуан түрде көрінеді.
Оларды негізінен екі топқа жатқызған дұрыс: бірінші дəрежедегі ком-
муникативтік талаптар, екінші дəрежедегі коммуникативтік талаптар.
Бірінші дəрежедегі коммуникативтік талаптарға сай пайда болған конс-
трукцияларды (екі негізді хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлем-
дер) базистік деп танимыз. Екінші дəрежедегі коммуникативтік талапқа
сай конструкциялар (туынды) осыларға синтагмалық, парадигмалық
жағынан негізделіп туады», – дей келіп, құрмалас сөйлем жүйесіндегі
коммуникативтік талаптың көрінісі ретінде үнемділік пен актуализация-
лауды көрсетеді [14].
Т.Н.Ермекова өз зерттеуінде сөйлемді коммуникативтік мақсатқа сай
бөлу үшін үш ұстанымды негізге алады: мазмұнына қарай: хабарлы,
сұраулы, бұйрықты; орын тəртібіне байланысты: базистік жəне актуал-
данған орын тəртіпті; эмоцияның қатысына қарай: лепті жəне лепсіз [12].
Осылайша сөйлемді коммуникативтік мақсатқа сай топтастырудың жаңа
үлгісін ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: