Шартты райдың -са, -се жұрнағы мен «игі еді» қолданысы арқылы жасалған хабарлы сөйлемдер субъектінің тілегін, қалауын білдіріп, құп-
тау реңкін білдіреді. Мысалы: Ол тез келсе игі еді (Ə.Нұршайықов).
Контексте бұл тұлға интонация, одағай, қыстырма, модельді сөздер-
мен параллель қолданылса, субъектінің əртүрлі көзқарасы білінеді. -са, -се игі еді тұлғасы мен интонация, одағайдың бірлікте қолданылуынан
субъектінің ішкі күдігі күшейтіліп беріледі: Түу, биыл қар ерте түспесе игі еді (С.Жүнісов).
Осы реңктерге синонимдес реңктер -са, -се екен, -са, -се ғой тұлға-
лары арқылы келеді. Ал -са, -се игі еді формасының «игі еді» формасы
түсіріліп айтылса, интонация көмегімен кейде күдіктену реңкі күшейсе
(Тəлім болса жарады, тəйтік шығып жүрмесе... (М.Əуезов) ), кейде сөй-
лемде топшылау мəнді реңк айқындалады (Бірдемені біліп, қатын ба- ла-шағаны үркітпейін деп, іштей уайымдап жүрмесе... Х.Есенжанов).