Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет265/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

1.3 Лепті сөйлем
Жай  сөйлемдерді  айтылуына  қарай  жіктеуде  екі  түрлі  пікірге  себеп 
болған лепті сөйлемдер біршама ғалымдардың еңбектерінде зерттелді. 
А.Байтұрсынұлы лепті сөйлемге былайша тоқталады: «... адам көңілі 
күйі, жан жайымен сөйлегенде, мəселен, жан ауырғанда, не кенелгенде, 
таңданғанда, сұқтанғанда, кейігенде, есіркегенде, күйінгенде, сүйінген-
де, қорыққанда, қуанғанда айтылатын сөйлемдер». Яғни осы сөйлемдер 
лепті үнмен айтылғандықтан, лепті сөйлемдер деп таниды. Мысалы, Уф, 
Алла! Бітті қаным! Шықты жаным! Ей. Шіркін, жақсылықты білмей-
тұғын! [1, 298 б.] 
Осылайша ғалым лепті сөйлемнің интонациясын (лепті үн), пунктуа-
циясын (!), сондай-ақ  түрлерін  (таңдану,  сұқтану,  күйіну,  сүйіну  жəне 
т.б.) көрсеткен. Ғалымның бұл пікірі əлі де өз құнын жойған жоқ. 


338
339
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
ІІ бөлім. Коммуникативтік парадигмалар
Лепті сөйлем жайында сөз қозғаған келесі ғалым – Х.Арғынов бол-
ды. Ғалым лепті сөйлемнің бірнеше мағыналық түрлерін көрсеткен [3, 
№4 кесте]. Мəселен, қуану (Алақай, ағай келді!), арман (Па, шіркін, мына 
атқа  мінер  ме  еді?),  тілек/өтіну,  өкініш  (Қап,  орылған  астықты  кеше
жинап  алмаған  екенбіз!),  сескендіру  (Кəне,  осы  баланың  бəйгесін
бермей көрші!), ұран (Совет Одағы халықтарының мызғымас достығы 
жасасын!), таңдану (Дүние қандай сəнді!). Көріп отырғанымыздай, бұл 
мысалдардың ішінде бұйрықты сөйлемдер де ұшырасады. Демек, ғалым 
лепті сөйлем мен бұйрықты сөйлемді бір деп таныған. Бірақ бұл екі сөй-
лемді екі бөлек қарауға толық негіз бар. 
Осы пікірді басқа да ғалымдардан байқауға болады. Мəселен, профес-
сор С.Аманжолов жоғары оқу орындарына арналған еңбегінде лепті сөй-
лемнің бірнеше түрін жіктеген. Олар: бұйрық, үгіт-үндеу, серт (ант-уəде, 
тілек-қалау), қорқыныш-қуаныш (сүйініш), реніш-аяныш, қарсылық-қо-
шемет, алғыс-қарғыс, кекеу-мұқау (мысқылдау-табалау), шаршау-талық-
су, арнау (қарату) [19, 106-108 бб.]. 
Ал  Ғ.Бегəлиевтің  тұжырымы  бойынша,  лепті  сөйлемдер  таңдану, 
өкіну,  өтіну,  бұйыру,  ашулану,  қуану,  тілек,  ұран  мағынасында  айтыла-
ды. Лепті сөйлемнің сыртқы белгілері ретінде онда одағай, қаратпа сөз-
дер жəне сорлы, неткен, не деген, қайда, қандай, тамаша, қалай т.б. леп 
мағынасын  беретін  мүшелер  болу  керектігін  айтады [20, 167 б.].  Сон-
дай-ақ  сөйлемде  ерекше  интонация  болып,  сөйлеушінің  қандай  көңіл 
күйін білдіргісі келуіне орай түрліше болуы мүмкін. 
Н.Сауранбаев,  Ə.Хасеновтың  пікірлері  де  осы  мазмұндас.  Ал  М.Ба-
лақаевтың  еңбегінде  лепті  сөйлем  бұйрықты  сөйлемге  біріктірілмей, 
жеке бір мақсат мəнді тип ретінде қарастырылған. Лепті сөйлемді жеті 
түрлі мағыналық топтарға бөледі: 1. Таңырқау (– Қандай тамаша! Қан-
дай  ақылды  адам!  Тіпті,  ғажап  қарқын!  (Ғ.Мұстафин) ). 2. Таңдану ( 
– Апырай, желісінің қаттысын-ай! (Ғ.Мүсірепов) ). 3. Қайғыру, қорқу 
( – Құлайды-ау! Құлайды-ау! (Ғ.Мұстафин) ). 4. Аяу, жаны ашу ( – Əй, 
мынаны-ай! Кетеді-ау! (Т.Нұртазин) ). 5. Арман ету, көксеу ( – Əттең, 
осылардың  бəрі  де  біздің  ауылда  өтетін  болса!  (С.Шəймерденов) ). 6. 
Өкіну ( – Қап, мен де барсамшы! (М.Иманжанов) ). 7. Қорқу, сескену ( – 
Ойбай-ай, ана бала құлайды-ау! (Т.Нұртазин) ) [15, 121 б.].
Ал  Т.Қордабаевпен  жазған  еңбегінде  лепті  сөйлемдерді  айырым 
мағынасы мен тұлғасы жағынан ұштастыра қараған. 
1. Қорқу, сескену, аяу, өкіну, таңырқау сияқты кісінің көңіл күйін біл-
діретін сөйлемдердің құрамында -ау, -ай демеуліктері айтылады. 
2.  Баяндауыштары  етістіктің  шартты  рай  тұлғасында  айтылып,  бір-
деңені көксеу, арман ету мағынасын береді. Сондай-ақ күрделі баянда-
уыштың  негізгі  сөзі  келер  шақтық  есімше  болып,  одан  кейін  сұраулық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет