түрткі сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер деп атап, мынадай мы-
салдар келтіреді [11, 66 б.]: Үй құрығыр азынап кетті ғой, тағы бірдеме тауып жағасың ба? (Б.Майлин).
Сұраулы сөйлемдерді қазақ тілімізде арнайы зерттеп, ғылыми диссер-
тация жазған ғалымдар да бар. Мəселен, Ш.Қ.Джусакинованың «Қазақ
тіліндегі сұраулы сөйлемнің табиғаты мен стилистикалық ерекшелік-
тері» атты диссертациясында көптеген ғалымдардың осы сөйлем жа-
йындағы зерттеу еңбектерін талқылап, мынадай қорытынды жасайды:
«Сұраулы сөйлем болу үшін міндетті түрде грамматикалық белгілер
(сұрау шылаулары, сұрау есімдіктері т.б.) мен арнайы интонацияның
болуы қажет. Осы грамматикалық тəсілдердің қатысуымен қойылған
сұраққа жауап күту мақсатымен айтылған сөйлем сұраулы сөйлем болып
табылады» [18, 137 б.]. Автор сұраулы сөйлемнің мынадай түрлерін атап
өтеді: ашық, альтернативті, анықтаушы, жете, модальді, қарсы, түрткі,
риторикалық. Осының ішінде ерекшелігі бар сұрақ – модальді сұрақ деп
алады. Өйткені мұның өзін іштей бірнеше мəнді сұраққа (таңдану, өкіну,
сүйсіну, күдіктену, қобалжу т.б.) жіктейді [18, 139 б.].
Тілімізде сұраулы сөйлемге қатысты пікірлер баршылық. Барлығын
бір мақалада қамту мүмкін емес, əрине. Дегенмен сұраулы сөйлемнің жа-
салуы, баяндауыштарының жасалу жолына қарай мағыналарының түр-
лілігін барынша қамтыдық деп ойлаймыз.