Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет272/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   374
Есімдіктер.  Қазақ  грамматикасында  есімдіктің  синтаксистік  қыз-
метін оның сөйлемнің қандай мүшесінің қызметін атқаратынын анықтау-
мен ғана шектейді. Шын мəнінде, оның дейксистік (орынбасарлық) қыз-
меті синтаксистік контексте айқындалады.
Адам  өз  ойын  əрқашан  бір  сөйлеммен  ғана  жеткізе  алмайды.  Сон-
дықтан  ол  мəтін  кеңшілігін  пайдаланады,  ал  мəтін,  негізінен,  бірнеше 
айтылыс-сөйлемдерден  тұрады,  ол  сөйлемдер  бір-бірімен  құрылым-
дық-мағыналық іліктестікте болмаса, коммуникативтік əрекет мақсатына 
жете алмайды. 
Есімдіктердің  мағыналық  түрлерінің  сөйлемге  қатысуы  арқылы  сол 
сөйлемді  тиянақсыз  (синсемантикалы)  етіп,  басқа  сөйлемдермен  бай-
ланыстырып тұрады. Қазақ тілінде бұндай қызметті сілтеу, өздік, сұрау, 
жалпылау есімдіктері, жіктеу есімдігінің 3-жағы жəне кейбір белгісіздің 
есімдіктері атқарады. Есімдіктерді сөйлемдердің бағытына қарай анафо-
ралық  жəне  эпифоралық  деп  екіге  бөледі.  Анафоралық  есімдіктер  деп 
өзінен  бұрын  тұрған,  яғни,  алдыңғы  контекстегі  айтылатын  зат  я  құ-
былысты,  сипатты,  нысанды,  оқиғаны  нұсқайтын  есімдіктерді  атайды. 
Ал эпифоралық деп, керісінше, есімдіктердің кейінгі болатын затқа, құ-
былысқа, нысанға, сипатқа, оқиғаға нұсқауын айтады. 
Тілдік фактілермен дəлелдеуге көшейік:
Тегінде,  ертекші,  өлеңші  не  басқа  əңгімеші  адамға  талай  уақыт 
тапжылмай тесіле қарап қалу Абайдың кішкентай күннен бергі əдеті 
еді. ... Ол  кей  адамның  айғыз-айғыз  ажымынан,  салбыраған  ұртынан, 
қыртыстанған  маңдайынан  немесе  бояуы  оңған  көздерінен,  əр  алуан 
сақал-мұртынан  өзінше  неше  түрлі  жанды,  сызаты  көп  сипаттарын 
көргендей болатын (М.Əуезов).
Бұл  екі  сөйлемді  ұштастырып  тұрған – бірінші  сөйлемдегі  «Абай» 
сөзінің орнына екінші сөйлемде «ол» жіктеу есімдігінің жүруі. Егер екін-
ші сөйлемді контекстен тыс алсақ, ол сөйлемдегі ой тиянақсыз болар еді, 
өйткені «ол» кім екендігін біле алмаған болар едік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет