Сонымен, одағайлы мүшеленбейтін сөйлем дегеніміз – адамның көңіл күй сезімдерін, тілегін, сол іс-əрекетке байланысты бағала- уын, қатысын білдіріп, ерекше интонациямен айтылатын экспрес- сивтік-эмоциялық реңктегі сөйлемдер. Модаль сөзді сөйлемдер. Модаль сөздер тілдегі модальділік жəне
предикативтілік құбылыспен тығыз байланысты. Жалпы модальділік тіл-
дің коммуникативтілік функциясының жемісі болғандықтан, диалогтік
сөйлеуде модаль сөздер сөйлемдік дəрежеге көтеріледі, өз алдына жеке
ойды білдіріп, тиянақты сөйлем интонациясымен айтылады.