Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет329/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

ойнап жүрген балалар үйге жүгіріп келді» дегенде негізгі – «балалар кел-
ді», қалғандары қосалқы қызметте) айтуға болады, бірақ бұл айтылғандар 
элементтердің байланысы, арақатынасы туралы, ал олардың мəні туралы 
емес. Сөйтіп, структуралистердің көзқарасы бойынша, тіл – элементтер 
арасындағы байланыстардың торы болып шығады.
Шындығында, синтаксистік құбылыстың мəні қарым-қатынас бары-
сында ойды жарыққа шығару актісінде сөйлеушінің міндетіне байланыс-
ты жағдайлардан туындайды. Синтаксистік бірліктер – ақпаратты беру-
дің тетігі.
Синтаксистік деректерді тек анықтап белгілеп қою (структуралистер 
сияқты) жеткіліксіз, олардың немен шартталғанын, яғни оларды сондай 
бірлік қылуға не жеткізгенін, қарым-қатынас үдерісінде олар қандай рөл 
атқаратынын анықтау басты мақсат болып қала береді.
Синтаксис  жүйелі  сипатқа  ие,  сондықтан  оның  қандай  да  бір  эле-
ментін тану үшін оның басқа элементтермен байланыстары мен арақаты-
настары ашылуы керек.
Тілдің шындық болмыстың қарым-қатынастарын бейнелейтін жалпы 
қызметінен  өзге  синтаксистік  құралдардың  өзіндік  тілдік,  синтаксистік 
құрылымдаушы қызметтері бар.


402
403
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
ІІ бөлім. Коммуникативтік парадигмалар
Тілдің  сыртқы  кең  ауқымды  қызметі – айтылысты  (речь)  құрауға 
жұмсалса,  тілдің  жекелеген  құралдары  ол  қызметті  əртүрлі  жолдармен 
атқарады. Жоғары деңгей бірліктері ғана айтылыс ретінде жұмсалады, ал 
төменгі деңгей бірліктері тек соның құрамында қызмет етеді. Бұл – кез 
келген деңгей өзінен төменгі деңгейдің қызмет аймағы болып танылады, 
ал өзінен жоғары деңгей үшін ол құрал болып табылады деген сөз [2].
Синтаксиске қатысты алғанда бұны былай түсіндіруге болады.
Синтаксистік  бірліктер  сөйлеуді  ұйымдастыруға,  демек  қатысым 
үдерісіне, сапалық тұрғыдан əртүрлі жолмен қатысады. Басқаша айтқан-
да, олардың қызметінде сапалық ерекшеліктер бар: кейбірі қатысымдық 
деңгейде қызмет етсе, кейбірі қатысымға дейінгі (сөйлем құрау) кезеңін-
де қызмет етеді. Осының өзі оларды жіктеуге негіз болады.
Жай сөйлем қатысымдық актіні белгілеп, негізгі коммуникативтік бір-
лік болады (Жаңбыр жауды). Сонымен қатар ол құрмалас сөйлем құра-
мында  қатысымдық  бірліктің  құрылымдық  бөлігі  қызметін  атқарады 
(Жаңбыр жауып, жер көгерді).
Синтаксистің  қатысымдық  сатысында  сөйлем  негізгі  синтаксис-
тік бірлік ретінде қызмет етсе, қатысымға дейінгі сатыда, яғни сөйлем-
ді  құру  кезеңінде  синтаксистің  ең  кіші  бірлігі  ретінде  сөзтұлға  қызмет 
етеді.
Сөз тұлғаларының кейбірі (жіктік тұлғасы, атау тұлға) сөйлем сияқ-
ты қатысымдық бірлік қызметін атқарады (- Келдің бе? –Келдім. Қысқы 
дала.  Аяз).  Кейбір  септік  тұлғаларында  да  ондай  қызмет  бар  (Үйде.
Жұмыста).
Кейбір сөзтұлғалар сөйлемнің құрылымдық бөліктері қызметін атқа-
рады (көсемше, есімше, шарт тұлғасы, септік тұлғалары, көмекші тұлға-
лар).
Синтаксистік  тұлғалардың  келесі  түрі  сөйлем  құрамында  сөздерді 
жайылмаландырушы қызмет атқарады. Ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, 
көмектес септік тұлғаларында матаса, меңгеріле байланысқан сөздер өз-
дерін меңгеруші сөздермен бірлікте ғана сөйлем құрамына енеді.
Қарапайым мағыналарды белгілеуші сөзтұлғалардың əрбіреуі белгілі 
бір жұмсалымдық, синтаксистік қызметке ие болып, белгілі бір мағына-
лық,  жұмсалымдық  парадигматикалық  қатар  құрайды.  Сөйлем  құрауда 
олардың қайсысын таңдау сөйлеушіге байланысты.
Айтылатын ойдың категориалдық сипатына қарай сөйлеуші сөзтұлға-
ларды қатысымдық мақсатына сай белгілі бір сөйлем моделінің үлгісіне
салып өзіне қажеттісін алады (Оның ұйқысы келді. Оны ұйқы жеңуге ай-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет