400
401
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
ІІ бөлім. Коммуникативтік парадигмалар
наттарды білдіретінінде, яғни, субъект, предикат, нысан санаттарын біл-
діретінінде болып табылады.
Формалды грамматика өкілдері, (Ф.Ф.Фортунатов т.б.) бұған керісін-
ше, синтаксистік құбылыстардың мəнін сөйлемді құраушы сөздердің
морфологиялық белгілерінен іздеді. Бұл бағыт сөз тіркесі идеясын ал-
дыңғы қатарға шығарды.
Олар синтаксистің бірлігі ретінде сөйлемді, сөйлем мүшелерін емес,
сөз тіркесін таныды.
Сөз тіркесі негізгі синтаксистік бірлік ретінде толық мағыналы сөз-
дердің əртүрлі формаларының заңды бірлігі деп қаралды. Сондықтан
кітапты оқу, кітаптан оқу, кітаппен дос болу құрамы əртүрлі морфо-
логиялық бірліктерден тұратындықтан, əртүрлі синтаксистік бірліктер
болып табылады.
Кітап оқу – етістік пен оған тəуелді табыс септігіндегі
(нөлдік тұлға) зат есімді біріктіретін морфологиялық топ болса,
кітаппен
дос – зат есім мен оған тəуелді көмектес септікті зат есімнен тұратын
морфологиялық топ. Бұлар əртүрлі морфологиялық топ болғандықтан
əртүрлі синтаксистік бірліктерді құрайды.
Əртүрлі морфологиялық тұлғалар əртүрлі сөз тіркестерінде бір мағы-
на беруі мүмкін. Мысалы,
кітапты оқу, кітаптың оқылуы. Бірақ бұл
оларды бірдей синтаксистік бірлік қыла алмайды. Керісінше, бірдей
морфологиялық бірліктер ұқсас морфологиялық топ құрғанмен əртүрлі
мағына беруі мүмкін. Мысалы:
кітаптың оқылуы, таудың етегі – бірақ
бұл оларды əртүрлі синтаксистік бірліктер етіп жасамайды, олар бірдей
синтаксистік бірліктер болып табылады. Демек, тұлғашылдардың көзқа-
расы бойынша синтаксистік құбылыстың мəні сөз тіркесін құрайтын сөз-
дердің морфологиялық қасиеттерінде.
Бұл екі бағыттың айырмашылықтары болғанмен ортақ қасиетке ие:
синтаксистік зерттеудің мақсаты – синтаксистік деректердің мəнін тану
деп ұқты, бірақ бірі синтаксистік деректердің мəні – ұғымдық санаттар-
да деп білсе, екіншісі – морфологиялық санаттарда деп білді. Басқаша
айтқанда, логистер синтаксистік құбылыстардың мəнін мағыналық са-
наттардың көмегімен тануды жақтаса, формалистер морфологиялық са-
наттардың көмегімен тануды көздейді.
ХХ ғасырдың екінші жартысында пайда болған құрылымды лин-
гвистиканың өкілдері қазіргі логикалық позитивизм бағытын ұстанады.
Олардың гносеологиялық ұстанымының алғышарты – ғылымдық құ-
былыстың мəні туралы пікір айтуға хақы жоқ. Ол тек құбылыстың өз
ішіндегі элементтердің арақатынасы, байланысы туралы ғана айтуына
болады жəне оның өзі тəжірибе жүзінде дəлелденген болуы тиіс. Мыса-
лы, Копенгаген мектебінің өкілі Луи Ельмслев: «тілді сипаттау əрдай-
ым мəні бар бірліктердің арақатынасын айқындаудан басталуы керек,
ондай сипаттауда ол бірліктердің ішкі мəні, табиғаты туралы сөз бол-
мауы керек...
... Шынайы тілдік бірліктерге дыбыстар не таңбалар жəне олардың
мағыналары жатпайды, солардың арасындағы байланыстың элементтері
жатады. Дыбыс, таңба, мағына мəнді емес, олардың сөйлеу тізбегіндегі
жəне грамматика парадигмасындағы өзара байланыстары, арақатынас-
тары мəнді. Міне, осы байланыс, қатынас тіл жүйесін құрайды жəне
дəл осы ішкі жүйе тілдерді бір-бірінен ажыратады, ал ол жүйеге тілдің
дыбыс, таңба, мағына түріндегі болмысының ешқандай қатысы жоқ,
олар жүйеге ешқандай зиянын тигізбей өзгере береді» [1, 55-63 бб.],
- дейді.
Сонымен, құрылымды лингвистика өкілдері элементтердің арақаты-
насынан өзге ештеңені көргісі келмейді, яғни элементтердің байланысын
олардың мəніне қатыссыз тұрғыда зерттеуді жақтайды. Мысалы, тілдегі
бір тұлғаның екінші тұлғаға тəуелдігі туралы
(«үйге бару»), кейбір тұлға-
лардың негізгі, кейбіреулерінің қосалқы рөл атқаруы туралы
(«далада
Достарыңызбен бөлісу: