404
405
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
ІІ бөлім. Коммуникативтік парадигмалар
белгісі – қос мүшелі, қос құрамды болуы оның ойлау актісін бейнелеу-
ге қызмет ететіндігінен. Бұл белгі барлық сөйлемдерге тəн. Сөйлемнің
басты белгісі – предикативтілік, ол жақ, шақ, модальділік сияқты тілдік
санаттардан көрінеді дегенімізде, осы ойлаудың көрінісі болып табыла-
тын сөйлемнің құрылымдық негізін құрайтын субъект пен предикаттың
арасындағы предикативтік қатынасты білдіретіндігі негізге алынады.
Субъект пен предикаттың тілдік тұлғалануы мен мағыналық ерек-
шеліктеріне орай сөйлемнің əртүрлі мазмұндық жəне тұлғалық,
құрылымдық түрлері қалыптасады. Оған сөзсіз сөйлемнің шындық бол-
мыспен байланысы əсер етеді. Сыртқы болмыстың санаттық құбылыс-
тарын, олардың байланыстары мен қатынастарын бейнелей отырып,
тіл оларды атап белгілейтін белгілі бір атауыштық жəне құрылымдық
құралдарға ие. Сонымен қатар шындық болмыс сөйлеушінің санасында
оның ұлттық-тілдік ерекшеліктеріне сай ұйымдасып бөлшектенеді. Сөй-
тіп, сөйлемнің мағыналық-құрылымдық болмысында бір мезгілде шын-
дықпен байланысы айқындалады əрі ойлаумен байланысы нақтыланады.
Алайда дəстүрлі тілдік түсінікте мазмұн мен тұлға арасындағы байла-
нысты біржақты шешу орын алды. Сөйлемді дəстүрлі сөйлем мүшелері
тұрғысынан жіктеу – соның көрінісі. Тілдегі мазмұн мен тұлғаның сəй-
кессіздігі осы жерде анық көрінеді.
Мысалы:
(1) Мен кітап оқыдым.
(2)
Айгүлдің кітап оқығысы келеді.
(3)
Кітап оқылды.
Бірінші жағдайда (1) істің субъектісі бастауыш болса, екінші жағдай-
да (2) бастауыш бола алмайды, үшінші жағдайда (3) істің субъектісі емес,
нысаны бастауыш болып тұр. Мұндағы кереғарлық мазмұн мен оны бей-
нелейтін тұлға арасында орын алған.
Бұл кереғарлықты жою үшін Г.А.Золотова сөйлемді құрылым-
дық-мағыналық компоненттер тұрғысынан жүйелеуді ұсынады [3].
Сөйлемнің компоненттік құрамын анықтау үшін сөйлемнің əрбір
түріне лайық оның нақты типтік тұлғадағы
құрылымдық-мағыналық
компоненттерін анықтау керек. Сонда ғана синтаксистің коммуника-
тивтік мəні ашылады.
(1) Мен де келдім, (2) боран да үдеңкіреп кетті. (3) Түн. (4) Шаршап
қалыппын.
Грамматикалық тұрғыдан алғанда, 1 жəне 2 сөйлемдер бірдей де, 3 жəне
4 сөйлемдер өзара ұқсас. Өйткені олар бастауыштарының бар-жоқтығы-
на қарай ажыратылып, екі негізді (1, 2) жəне бір негізді сөйлемдерді (3,
4) құрайды. Бірақ олардың құрылымынан басқа да мəнді жағдайлар бары
байқалады: 1 жəне 4 сөйлемдерде адамның (субъектінің) іс-қимылы ту-
ралы хабарланса, 2 жəне 3 сөйлемдерде ортаның (табиғаттың) жай-күйі
хабарланып тұр. Олардың бұл ұқсастық, айырмашылықтары формалық
тұрғыдан да бекітіледі. Олар синтагматикалық қатынастағы компонент-
терінің құрамынан, компоненттердің категориалдық-семантикалық сипа-
тынан жəне олардың парадигматикалық байланысынан көрінеді.
Мысалы, 1-сөйлем агенс мағынасындағы компонент пен оның іс-əре-
кетінен құралса, 4-сөйлемде агенс айтылмаса да етістіктің жіктік тұлғасы
оны көрсетіп тұр жəне қажетті жағдайда ол аталады да. Жіктік тұлғаның
парадигматикалық қатынастағы грамматикалық варианттары бар екені
белгілі
(мен келдім, сен келдің, сіз келдіңіз... шаршап қалыппын, шаршап
қалыпсың, шаршап қалыпсыз...). Сондай-ақ бұл сөйлемдердің жайылма-
лану мүмкіндігі де синтагматикалық тұрғыдан анықталған. Ол сөйлем-
дердің синонимдік варианттары да ұқсас компоненттерден құралады.
Ал 2-3 сөйлемдердің компоненттері өзгеше, оларда субъектінің де,
іс-əрекеттің де мағыналары жоқ.
«Боран да үдеңкіреп кетті», «Түн»
дегенде табиғаттың, белгілі бір ортаның белгісі, жай-күйі хабарланады.
Бұлардың синтагматикалық мүмкіндіктері де басқаша. Бұл сөйлемдерге
нысан не іс-əрекетті қабылдаушы, т.б. мағыналарын енгізуге болмайды.
Олардың синонимдік байланыстары да басқаша қатар құрайды.
«Балалар ойнап жүр», «Жаңбыр жауды», «Ағаштар гүлдеді» деген-
дерде құрылымдық бірыңғайлық сақталғанмен, олардың мағыналық
құрылымдары бірдей емес. Біріншіде істі істеуші мен оның іс-əрекеті
бейнеленсе, екіншіде белгілі бір күйдің атауы мен сол күйдің орындалуы,
үшіншіде зат пен белгісі бейнеленген. Оларды бейнелеуші компонент-
тердің грамматикалық сипаттары да сəйкесінше болып келеді: сөздердің
белгілі бір топтарына жатуы, тиісінше тұлғалануы соны көрсетеді, сон-
дай-ақ компоненттерінің парадигматикалық қатынастары мен синтагма-
тикалық байланыстары өзінше болады.
Сөйлемнің мəн-мазмұны белгілі бір категориалдық мағынаға ие сөз-
дерді қажет етеді. Оның өзі олардың қызметін, грамматикалық тұлғала-
нуын айқындайды.
Достарыңызбен бөлісу: