Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет356/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

сивтік қызмет; 3) бұйыру, ұсыныс, кеңес беру қызметі; 4) эстетика-
лық қызмет, т.б.
Бұлардың ішінде хабарлау, ақпарат беру қызметі басымдыққа ие не-
гізгі қызмет түріне жатады. Мұндай мəтіннің мазмұнын қабылдаушыға 
берілуге тиіс жаңа мəлімет, білім құрайды. Ақпараттық мəлімет, əсіресе, 
радио, теледидар жəне газет хабарларында көбірек кездесетіні белгілі.
Экспрессивтік қызмет адресанттың көңіл-күйін, сезімін, көзқарасын, 
эмоциясын білдіруде көрінеді. Мұндай мəтіндерге алғыс айту, көңіл біл-
діру, бата беру, құттықтау, кешірім сұрау, сəлемдесу, қоштасу мазмұнын-
дағы мəтіндер жатады.
Ондай  мəтіндердің  құрамында  экспрессивті  сөздер,  одағай,  модаль 
сөздер  көп  қолданылады.  Бұйыру,  ұсыныс,  кеңес  беру  қызметіндегі 


450
451
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
ІІ бөлім. Коммуникативтік парадигмалар
мəтіндерге  келетін  болсақ,  онда  адресант  адресатқа  қандай  да  бір  істі 
істету мақсатын көздейді. Бұл қызмет ресми іс-қағаздары мəтіндерінде 
көбірек  қолданысқа  ие.  Олар  жарнама  жанрындағы,  нұсқау  беру  қыз-
метіндегі мəтіндерде, сондай-ақ ауызекі сөйлеуде кездесіп отырады.
Жоғарыдағы  қызмет  түрлері,  негізінен,  күнделікті  қарым-қатынас 
барысындағы  практикалық  қызмет  түрлеріне  жатады.  Ал  эстетикалық 
қызмет  жоғары  сатыдағы  эстетикалық,  көркемдік  мақсатты  көздейтін 
болғандықтан,  практикалық  қызмет  түрлеріне  қарама-қарсы,  поэтика-
лық қызмет түріне жатады. Бұл – көркем мəтіндердің атқаратын негізгі 
қызметі. Мұнда хабарланатын жайдан гөрі, соны жеткізіп тұрған тілдік 
таңба-белгіге ерекше мəн беріледі. Тіл көркем-бейнелі ойды жеткізетін 
көркемдеуші құрал қызметін атқарады. Сондықтан тілдің жай практика-
лық қызметі мен көркем-эстетикалық қызметін айырып қараудың мəні 
зор.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет