448
449
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
ІІ бөлім. Коммуникативтік парадигмалар
Сюжеттік мезгіл де, сюжеттен тыс мезгіл де есептеу мезгілімен қа-
рым-қатынасты (шарттас) болады, есептеу мезгілі автор еркімен сю-
жеттік іс-əрекет бойымен қозғалып, жылжымалы болып келсе де соған
бағытталған болады. Есептеу мезгілімен қатыстылығы жоқ шақ форма-
лары əңгімелеу композициясында конструктивтік рөл атқармайды, тек
сюжеттік мезгілді білдіретін етістік формаларына экспрессивтік сино-
нимдік қатар ғана құрайды.
Жазба сөздің басқа типтерінде мəтінді ұйымдастыру принциптері
басқаша. Публицистикалық, ғылыми, ресми мəтіндерді басым ретте сю-
жеттен тыс шақ формалары ұйымдастырады. Сюжеттік шақ формалары
тек мəтіннің жеке бөліктерін, жекелеген кірігулерді ғана құрастыруы
мүмкін. Мұндай мəтіндердің композициясында негізгі рөлді актуалды
емес, кеңейтілген немесе тұрақты осы шақ жəне онымен қарым-қатыс-
ты кеңейтілген имперфект тұлғалары атқарады. Сондай-ақ, өткен істі
нақтылы кезеңмен байланыстырмай дерексіз түрде хабарлайтын өткен
шақ (қимылдың аяқталғанын, аяқталмағанын білдіретін) формалары да
атқарады.
Бұл айтылғандардан мынадай қорытынды жасауға болады: сөйлеу-
дің (мəтіннің) түрлі коммуникативтік-стильдік типтерінің бір-бірінен
ажыратушылық белгілерін олардың əрқайсысына тəн, оларды ұйымдас-
тыратын етістіктің шақ формаларынан іздеу керек. Сонымен қатар
етістіктің шақ формаларының мəнін ажыратуда синтаксистік контекстің
рөлі зор.
А.Ысқақов
-а, -е, -й формасы туралы былай дейді: «Бұл форма тек
жалпы осы шақ мағынасында ғана емес, жалпы іс-əрекетті тыңдау-
шының көз алдында бұрын болғандай, қазір болып жатқандай жəне
келешекте шүбəсіз болатындай етіп суреттеп көрсету үшін жұмсала
береді. Сол себептен бұл форма, əдетте, ауыспалы шақ формасы деп
те аталады. Мысалы: «
Бір күні Алдар Көсе Шығайбайдікіне келеді.
Көсені көреді де, Шығекең алдындағы асын етегінің астына жасыра
қояды...» дегендердегі етістіктер үшінші жақта тұрып, өткен шақ мəнін
білдіріп тұр» [10, 330 б.]. Мұнда, əрине, солай болуында синтаксистік
контекстің мəні зор.
Синтаксистік мəнмəтіннің əртүрлі типтерін ажыратудың грамма-
тикалық межесі мынада: шақ формаларының əртүрлі мағыналары тіл
жүйесінде мəтіннің белгілі бір типтерін ұйымдастыратын тірек, шарттас
қатарларға топтасады, əр қатардың өз доминанттары болады, ал ол қатар-
дан тыс жерде олар өз мағыналарын білдірмейді.
Сондықтан, шақ формаларының грамматикалық, жүйелік топтасуын
зерттеу əртүрлі мəтін типтерін ұйымдастырудың тілдік құралдарын
анықтап қана бермейді, ауызша сөйлеу мен жазба мəтіннің, əңгімелеу
типі мен басқа баяндау түрлерінің (суреттеу, ойталқы) арасындағы ай-
ырмашылықтардың (стилистикалық қарама-қарсы қоюлардың) синтак-
систік негіздемесін де анықтайды.
Ол функционалдық стильдер мен сөйлеудің коммуникативтік типтері
санаттарының қарым-қатынасы деген мəселені қоюға да көмектеседі.
Синтаксистік парадигма шеңберінен
мəтін өзінің
қызметі мен праг-
Достарыңызбен бөлісу: