Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар предикативтік тіркесі. Ол сөйлемнің қолданыстағы жанды тұрғысымен
сəйкеседі, бірақ типтенген, ең шағын тұрғыдағы, басқа өзі сияқты мо-
дельдермен бір қатардағы үлгі.
2. Предикативтік ең шағын құрылымның компоненттері еркін неме-
се шартталған синтаксемалардан құралады. Ал байлаулы синтаксема-
лар негізгі компоненттердің бірінің мағыналық толымсыздығы туатын
болса, оның құрамына кіреді. Осылай қарасақ, модельдің грамматика-
лық толықтығы мен мағыналық толықтығын қарама-қарсы қою деген
болмайды. Модельдің басты компоненттерінің рөлі олардың қажеттілі-
гімен жəне контекссіз, жеке алғанда модельдің өмір сүруі үшін жеткілік-
тігімен анықталады. Негізгі компоненттердің алғашқысы (предикативтік
белгінің иесі) синтаксистік, морфологиялық, семантикалық талаптарға
жауап береді. Оны синтаксистік тəуелсіз мүше деп анықтау атау септік
тұлғасында тұруына емес, тұлғасы басқа сөздерге тəуелді емес еркін
жəне шартталған синтаксемалардан құралатындығына негізделеді. (Бұл
синтаксемалар байлаулы синтаксемаларға синтаксистік тұрғыда қарсы
қойылады).
3. Сөйлем моделіне тілдік мағыналардың белгілі бір жүйесі тəн. Кез
келген жай сөйлемнің жалпыграмматикалық мағынасы – предикативтік
белгінің өзінің иесіне шақтық, модальдік жəне жақтық тұрғыдағы қа-
тынасы. Модельдер бір-бірінен предикативтік компоненттерінің катего-
риалдық мазмұны мен формасы арқылы жасалған семантикалық-грам-
матикалық типтік мағынасы негізінде ажыратылады. Өте жалпы типтік
мағыналар өз ішінен тағы да жекелеген түрлерге бөлінуі мүмкін.
4. Сөйлем моделі грамматикалық формалар жүйесінің, мағына-
лық-грамматикалық түрленулердің, коммуникативтік-экспрессивтік өз-
герістердің жəне синонимдік қатарлардың орталығында орналасады.
Орталық пен шет жақтың қарым-қатынасы сөйлем модельдері типология-
сының негізін құрайды.
5. Əр модельдегі сөздердің орын тəртібі бастапқы жəне бейтарап бо-
лады, сол арқылы белгілі бір мəтін түріне композициялық-синтаксистік
тұрғыдан ену (кірігу) мүмкіндігіне ие. Сөздердің орын тəртібі мен ло-
гикалық екпіннің («актуалды мүшелену») түр-түрлілігі сөйлемнің əр-
түрлі контекске қатысуымен байланысты болады жəне оны зерттеу мəтін
құрылымы мəселесіне енеді.
Сөйлем моделі тілдегі барлық сөйлем түрлерін топтастырудың
тұлға-бірлігі ретінде алынады. Модель құрамында оның ішкі құрылы-
мында барлық модельдерді біріктіретін жалпыграмматикалық предика-
тивтік мағынасы емес, ал басты компоненттерінің формасы мен мағы-
насындағы айырмашылықтар мəнді. Модельдер өзара салыстырылатын
жəне қарама-қарсы қойылатын осы семантикалық-грамматикалық ерек-
шеліктер арқылы сөйлемнің типі ұғымы жəне олардың өзара байланы-
сында сөйлем типологиясы анықталады.
Тілдің синтаксистік құбылыстарын бір ізге түсіріп жүйелеуде сөй-
лемнің əр түрлі жақтары ескеріліп əртүрлі топтастырулар жүргізіліп
келеді. Мысалы, жай сөйлемдер бір құрамды (негізді) - екі құрамды (не-
гізді), етістікті-есімді, жақты-жақсыз, белгілі жақты-белгісіз жақты т.б.
болып жіктеледі. Бірақ сөйлемнің бұл əртүрлі сипаттары бір-бірімен
қалай сəйкесетіні жағынан, негізгі-көмекші ретіндегі аралық қатынаста-
ры, синтаксистің жалпы жүйесінде əрқайсысының алатын орны жағынан
анықталмады.
Жай сөйлем түрлерін жоғарыдағыдай классификациялаудың түп не-
гізі А.А.Шахматовтың «Синтаксис русского языка» атты еңбегінде жа-
тыр.
Жай сөйлемдерді жоғарыдағыдай бөлшектеудің ұстанымында сөйлем
құрылымында бас мүшелердің – бастауыш пен баяндауыштың қаты-
су-қатыспауы жатыр: егер сөйлем олардың біреуі негізінде құрылса – бір
құрамды, екеуі негізінде құрылса – екіқұрамды делінеді.
Бір құрамдыға: атаулы, жақсыз, белгілі жақты, белгісіз жақты, жал-
пылама жақты сөйлемдер жатқызылса, екі құрамдыға барлық уақытта
нақтылы жақты болып келетін сөйлемдер жатқызылды.
Екі құрамдылар баяндауышының жасалуы негізінде: етістікті, зат
есімді, сын есімді, сан есімді т.б. бөлінеді.
Бұлай бөлудің (бір құрамды, екі құрамды, жақты-жақсыз т.б.) бас-
ты өлшемі ретінде «жақтылық»-«жақсыздық» белгісі негізге алынады.
«Жақтылық» деп бұл жерде бастауыш қызметінде атау септік тұлға-
дағы зат есім (не заттанған басқа сөздер) жұмсалуы түсініледі. Мұндай
түсініктің аржағында, əрине, есім-етістік типтегі сөйлемнің тілде жиі
жұмсалатыны, осындай сөйлемнің грамматикалық жүйеде негізгі екені
жатыр. Бұндай түсінікке əріден келе жатқан логика-грамматикалық те-
ориялардың əсері болды. Жəне атау септікті басқа септіктерге синтак-
систік тұрғыдан қарама-қарсы қою да бар. Сөйтіп, бастауыш туралы син-
таксистік, морфологиялық жəне семантикалық белгілердің қарым-қаты-
насын ауыстырып жіберген, предикативтік белгінің иесі туралы оның əр-
түрлі формада тұратынын ескермейтін біржақты, тар түсінік қалыптасты.
Сөйлемнің бас мүшелерін (барлық мүшелерін де) анықтаудың мықты
өлшемдері қалыптаспады. Ол өлшемдер не жеткіліксіз, не бір-біріне қа-
рама-қарсы болды. Алдымен бастауыштың негізгі екі белгісі – морфо-
логиялық белгі мен құрылымдық-мағыналық белгі қарама-қарсылыққа
түсті: морфологиялық белгі бастауышқа атау септік тұлғасын таңса,
құрылымдық-мағыналық белгі – субъектілікті, предикативтік белгінің
иесі болуды таңды. Ал шын мəнінде көптеген сөйлемдерде предикативтік
белгінің иесі атаудан басқа септік тұлғаларында тұра береді. Мысалы: