66
67
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
Сонымен, бір құрамды деп бөлінген сөйлемдердің түрлері бір-бірімен
сəйкеспейді, олар қатарлас емес, олардың мəндері бір негізде емес, əр-
түрлі негізде анықталады.
Бір құрамды сөйлемдердің енді бір түрі деп саналып жүрген атаулы
сөйлемдерді кейбір ғалымдар белгілік мəнге ие, ал ол белгінің (жағдай-
дың) иесі – сыртқы орта деп қарайды. Бірақ мұндағы болмысқа қатыс-
тылықты жалпы сөйлем атаулыға тəн модальділік, шақ, жақ, предика-
тивтік санаттары арқылы берілетін шындыққа қатыстылықпен бірдей деп
қарамау керек. Предикативтілік сөйлем мазмұнының болмыспен жалпы
қатынасын белгілейді. Ал атаулы сөйлемдегі болмысқа қатыстылықтың
мəні предикативтік белгіні айтушы арқылы дəл қазіргі, осы кездегі, дəл
осы жердегі қабылдау болып табылады (Əрине, атаулы сөйлемдегі пре-
дикативтік мазмұн да шындықпен модальдік, шақ, жақ санаттары арқылы
жалпы түрде қатысады).
«Аяз» немесе «Тымырсық» дегенде, күннің, ауаның (ортаның)
жағдайы сипатталады. Салыстырыңыз:
Дала аяз. Күн тымырсық.
«Елсіз, сусыз дала. Шөл» дегенде, сипатталып тұрған сол жердің
жағдайы айтылады. Салыстырыңыз:
«Бұл жер елсіз, сусыз». «Бұл жер
– шөл».
Демек, қажет жағдайда белгінің, жағдайдың иесін сөйлемде өз орны-
на қоюға болады. Осыған қарап, атаулы сөйлемдерді де екі құрамды деу-
ге болады.
Нақты заттардың барлығын білдіретін атаулы сөйлемдерді де екі құ-
рамды деуге болады. Өйткені ол заттардың «барлығы» солар орналасқан
іс-қимыл өтетін жердің предикативтік белгісі (сипаты) деуге болады.
«Диван, екі кресло, орындықтар», яғни:
«Бөлмеде диван...». «Вокзал
басы. Ығы-жығы халық». Салыстырыңыз:
«Вокзалда көп халық», «Вок-
Достарыңызбен бөлісу: