Синтаксистік парадигмалар


Есімше  мен  қимыл  есімінің  бастауыш  қызметінде  жұмсалуы



Pdf көрінісі
бет62/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Есімше  мен  қимыл  есімінің  бастауыш  қызметінде  жұмсалуы. 
Заттық  мағынаны  білдіру  арқылы  бастауыш  қызметінде  жұмсалатын 
сөз  таптарының  бірі – етістік.  Нақты  айтқанда,  етістіктің  ерекше  түр-
лері – қимыл есімі мен есімше. Олар етістікке тəн семантикасын сақтай 
отырып  субстантивтеніп,  бастауыш  қызметінде  жұмсалады.  Бұлардың 
ішінде есімшенің қызметі сын есімге ұқсас. Есімше бастауыш қызметін-
де  жұмсалғанда  оның  бойында  үш  түрлі  қызмет  көрінеді:  алдымен  ол 
– қимыл, екінші қимылдың сапасы, үшінші қимылдың иесі – адам. Мы-
салы: Жығылған – күреске тоймас (Мақал). Көрмес – түйені де көрмес 
(Мақал).  Екі  аразды  табыстыратын  да,  айыратын  да – арадағы  кісі 
(Б.Майлин). 
Қимыл есімі (тұйық етістік) зат есім сияқты түрленеді, сондықтан зат 
есім сияқты синтаксистік қызмет атқарады, демек, бастауыш қызметін-
де жұмсалады. Мысалы: Жақсы ойдың тууы қандай қиын болса, өлуі де 
оңай емес (Ғ.Мүсірепов). Тап тартысы күшейді, қазақ əдебиеті өркен-
дей түсті (Б.Кенжебаев). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет