Синтаксистік парадигмалар


 Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері



Pdf көрінісі
бет73/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

2.3.2 Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері
Тұрлаулы  мүшелердің  айналасына  топтасып,  оларда  айтылатын 
пікірді анық, дəл, толық жеткізу үшін сөйлемді семантикалық жағынан 
кеңейтіп тұратын мүшелерді тұрлаусыз мүшелер дейміз. 
«Тұрлаусыз»  деген  сөзді  осы  сөйлем  мүшелеріне  қатысты  айту  ол 
мүшелердің  сөйлемді  тиянақты  ете  алатын  қабілеттерінің  болмауынан. 
Расында, бастауыш пен баяндауыш сөйлемді тиянақты ететін, оның бас 
арқауы болса, тұрлаулы мүшелерде ондай қасиет жоқ [29, 152 б.]. 
Сөйлемнің  тұрлаусыз  мүшелерін  тануда  мектеп  оқулықтары  мен 
ғылыми еңбектер арасында алшақтықтар болды. Мектеп оқулықтарын-
да тұрлаусыз мүшені тануда сөздің мағынасына көңіл аударылып, сын 
есім – анықтауыш,  зат  есім – бастауыш  не  толықтауыш,  үстеу – пы-
сықтауыш қызметінде жұмсалады деген пікір басым болды. Ал ғылыми 
еңбектерде  сөйлемнің  тұрлаусыз  мүшелерін  сөз  тіркесі  ілімімен  бай-
ланыста:  қабыса  байланысқан  сөз  тіркесі  анықтауыштық  қатынасты, 
меңгеріле  байланысқан  сөз  тіркесі  толықтауыштық  қатынасты,  жана-
са  байланысқан  сөз  тіркесі  пысықтауыштық  қатынасты  құрайды  деп
қарастырады. 
Синтаксистік теорияның дамуы сөйлемнің тұрлаусыз мүшесін тану-
да  жан-жақты  ұстанымды  қажет  етеді.  Ол  үшін  мыналарды  ескереміз: 
1) сөйлем мүшелерінің көп аспектілігі мен синкреттілігін негізге алу; 2) 
сөйлемдегі сөздер сөйлем мүшесін кеңейту үшін немесе сөйлемді кеңей-
ту үшін еніп тұрғанын түсіну; 3) сөз тіркесіндегі қатынас пен сөйлем мү-
шелері бір еместігін білу қажет. 
Сөйлемнің  тұрлаусыз  мүшелерінің  қызметі  əртүрлі:  атрибуттық  қа-
тынастағы  сөздер  анықтауыш  қызметін;  нысандық  қатынастағы  сөздер 
толықтауыш қызметін; кеңістік, уақыт, себеп, мақсат қатынасындағы сөз-
дер пысықтауыш қызметін атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет